Забур жырлары Chapter 114

For English

Read Забур жырлары Chapter 114 Online

Read Забур жырлары Chapter 114 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Забур жырлары 114

Тарау 114

1. Исраил көшіп шыққанда Мысырдан, Жақыптың әулеті сол бөтен тілді жұрттан,

2. Яһуда елі Құдайдың киелі үйіне Айналды, Исраил де — Оның иелігіне.

3. Сонда теңіз көріп, қаша жөнелді, Иордан өзені кері бұрылды,

4. Таулар қошқар іспетті секірді, Төбелер қозы іспетті секектеді.

5. Уа, теңіз, сен неге қаша жөнелдің? Уа, Иордан, сен неге кері бұрылдың?

6. Таулар, қошқардай неге секірдіңдер? Төбелер, қозыдай неге секектедіңдер?

7. Жер, дірілде Жаратқанның алдында, Жақып сиынған Құдайдың алдында.

8. Құдай жартасты айналдырды көлге, Дәу шақпақ тасты атқылаған су көзіне.

9. Біздің емес, уа, Жаратқан, тек Сенің атың Рақымың мен адалдығың үшін даңқталсын!

10. «Қайда екен сиынған Құдайы бұлардың?» Деп басқа халықтар неге табаласын?

11. Ал сиынған Құдайымыз заңғар көкте, Ол барлық қалауын асырады іске.

12. Өзге ұлттардың пұттары күміс, алтыннан, Адамдардың қолдарымен жасалған.

13. Пұттың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды, Көздері бар, бірақ көре алмайды,

14. Құлақтары бар, бірақ ести алмайды, Мұрны бар, бірақ иіс білмейді,

15. Қолдары бар, бірақ сезе алмайды, Аяқтары бар, бірақ жүре алмайды, Көмейінен бір дыбыс та шықпайды.

16. Өлі пұтты жасаған пенде соған ұқсайды, Мүсінге сенген әркім де содан аумайды.

17. Уа, Исраилдің бүкіл әулеті, Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге! Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді.

18. Уа, Һаронның бүкіл әулеті, Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге! Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді.

19. Уа, қастерлейтіндер Иемізді, Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге! Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді.

20. Жаратқан Ие бізді есінде ұстайды, Иә, Иеміз біздерді жарылқайды, Ол Исраилдің әулетін жарылқайды, Һәм Һаронның ұрпақтарын жарылқайды.

21. Жаратқан Өзін қастерлейтін жандарды — Үлкенді-кішілі бәрін де жарылқайды.

22. Өздерің мен ұрпақтарыңның сандарын Жаратқан Ие ұдайы ұлғайтсын.

23. Аспанды да, жерді де жаратқан Иеміз өздеріңді жарылқаған.

24. Заңғар көк — Жаратқанның иелігі, Ал жер бетін Ол адамзатқа берді.

25. Өлілер Жаратқанды дәріптемес, Қабірде жатқандар үндемес,

26. Ал біз паш етеміз Иеміздің игілігін Қазіргі кезден мәңгілікке дейін. Жаратқан Ие дәріптеле берсін!

About Забур жырлары Chapter 114

Read Забур жырлары Chapter 114 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 114
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 114 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 114?

Забур жырлары Chapter 114 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 114 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 61
  2. Забур жырлары Chapter 59
  3. Забур жырлары Chapter 120
  4. Забур жырлары Chapter 55
  5. Забур жырлары Chapter 74
  6. Забур жырлары Chapter 5
  7. Забур жырлары Chapter 142

Related Chapters & Readings

  1. Даниял Chapter 7
  2. Забур жырлары Chapter 41
  3. Әйүп Chapter 24
  4. Билер Chapter 10
  5. Жоқтау Chapter 1
  6. 1 Қорынттықтарга Chapter 8
  7. Жаратылыстың бастауы Chapter 13
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *