Забур жырлары Chapter 9

For English

Read Забур жырлары Chapter 9 Online

Read Забур жырлары Chapter 9 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Забур жырлары 9

Тарау 9

1. Уа, Жаратқан, шын жүректен Сені мадақтаймын, Жасаған кереметтеріңнің бәрін жариялаймын.

2. Ұдайы Саған қуанып шаттық ән шырқаймын, Уа, Хақ Тағала, есіміңді Сенің жырлаймын.

3. Жауларым шегініп, кері қарай бұрылады, Алдыңда сүрініп құлап, ойран да болады.

4. Себебі дауымда Сен мүддемді қорғадың, Тағыңда отырып әділ шешім шығардың.

5. Халықтарды сөгіп, зұлымдарды жоқ қылдың, Есімдерін мәңгілікке өшіріп тастадың.

6. Жау қару-жарағынан ада қалып, жойылды, Сен қиратқан қалалары із-түзсіз жоғалды.

7. Рас, Жаратқан Ие мәңгі билік жүргізеді, Ол өз тағын орнатып, төрелік етеді.

8. Иеміз адамзатқа әділ үкім айтады, Халықтарға ақиқат шешім шығарады.

9. Қаналғандарға Жаратқан пана болады, Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады,

10. Сені шын білетіндер Саған сенім артады, Ием, тастап кетпейсің Өзіңе сиынғанды.

11. Сионда тұратын Жаратқанға ән шырқаңдар, Оның ғажап істерін бар ұлттарға айтыңдар!

12. Төгілген қанды ұмытпайтын Ол ескереді, Жәбір шеккеннің айқайына құлағын түреді.

13. Уа, Жаратқан Ие, маған рақым таныта гөр, Жек көрген жаулардан қиналғанымды байқай гөр, Ажалдың аранынан мені арашалай гөр.

14. Сонда қақпаларында Сион шаһарының Өз ұлылығыңды ұдайы марапаттаймын, Мені құтқарғаныңа қуана ән шырқаймын.

15. Басқа ұлттар қазған өз орларына құлады, Құрған қақпандарына өздері ұсталды.

16. Ием әділ үкім айтып, Өзін ашық танытты, Зұлымдар айлалы істерінің кесірін тартты.

17. Жамандық жасаушылар ажалға душар болады, Құдайды менсінбеген ұлттар соған тап болады.

18. Ал мұқтаж жан біржола ұмытылып кетпейді, Бейшараның үміті мүлдем зая кетпейді.

19. Уа, Ием, көтерілші, пенде жеңіп шықпасын, Халықтарға көз алдыңда үкім шығарылсын!

20. Жай пенде екендерін халықтар ұғып алсын, Оларды дірілдетіп қорқытсаң, о, Жаратқан!

About Забур жырлары Chapter 9

Read Забур жырлары Chapter 9 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 9
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 9 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 9?

Забур жырлары Chapter 9 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 9 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 43
  2. Забур жырлары Chapter 96
  3. Забур жырлары Chapter 148
  4. Забур жырлары Chapter 35
  5. Забур жырлары Chapter 100
  6. Забур жырлары Chapter 104
  7. Забур жырлары Chapter 10

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 1-ж Chapter 28
  2. Елшілердің істері Chapter 9
  3. Забур жырлары Chapter 14
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 4
  5. Жохан Chapter 18
  6. Уағыздаушы Chapter 11
  7. Лұқа Chapter 10
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *