Read Забур жырлары Chapter 139 Online
Read Забур жырлары Chapter 139 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 139
Тарау 139
1. Уа, Жаратқан Ие, мені сынап тексердің, Сен мені толығынан танып білесің:
2. Отырғаным, тұрғаным да Саған аян, Ойларымды біліп, ұғасың алыстан.
3. Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын, Жолдарымның барлығы да Саған айқын.
4. Сөз шықпай тұрып-ақ менің аузымнан Оны толық білесің, уа, Жаратқан!
5. Алды-артымнан жүресің мені қоршап Құдіретті қолыңды үстімде ұстап.
6. Біліміңді ұға алмаймын ешқашан, Ол қол жеткізбес биік те ғажап маған!
7. Сенің Рухыңнан мен қайда қашпақпын? Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын?
8. Көкке көтерілсем, сол орындасың, Тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың.
9. Таң шапағына қалықтап ұшсам да, Не теңіздің ар жағына қонсам да,
10. Сол жерде де мені қолың жетелеп, Құдіретті қолың ұстайды демеп.
11. Мен: «Қараңғылық мені тасаласын, Айналамдағы жарық түнекке айналсын!»
12. Десем де, түнек жасырмайды Сенен, Саған күндей нұрлы — түннің өзі де, Жарықтай айқын — түнек те көзіңе!
13. Сен іш құрылысымды қалыптастырдың, Ана құрсағында мені жараттың.
14. Тамаша жаралдым, Сені мадақтаймын, Керемет ғажап — жасаған істерің, Мұны мен шын жүректен мойындаймын.
15. Мен ана құрсағында қалыптастым, Құпия жерде жатқанда жаратылдым, Сенен таса болмады сонда сүйектерім,
16. Ұрық күйімде мені көзіңмен көрдің. Сен маған бұйырған күндердің бірі Әлі де тумас бұрын, солардың бәрі Кітабыңда жазулы тұрған еді.
17. Сенің ойларың маған тым жоғары, Уа, Құдай, қанша көп олардың саны!
18. Санап шықсам барлық ойларыңды, Құм қиыршықтарынан көп болады! Бірақ оянған кезде әрдайым мен Бірге боламын әлі де Өзіңмен.
19. Уа, Құдай, зұлымдарды жазалай гөр, Аулақ кетіңдер менен, қанішерлер!
20. Олар Сен жайлы арамдық айтады, Дұшпандарың атыңды құр қолданады.
21. Сені жек көріп, қарсы шыққан жауларың Қалай маған жексұрын, жиренішті болмасын?
22. Жан-тәніммен жақтырмаймын соларды, Олар нағыз дұшпандарыма айналды.
23. Уа, Құдай, жүрегімнің түкпірлерін тексере гөр, Мені мазалаған ойларымды біле гөр,
24. Қауіпті жолдамын ба, сынай көрсеңші, Мәңгілік өмір жолымен мені жүргізсеңші!
About Забур жырлары Chapter 139
Read Забур жырлары Chapter 139 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 139
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 139 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 139?
Забур жырлары Chapter 139 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 139 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 71
- Забур жырлары Chapter 67
- Забур жырлары Chapter 87
- Забур жырлары Chapter 112
- Забур жырлары Chapter 107
- Забур жырлары Chapter 114
- Забур жырлары Chapter 70