Забур жырлары Chapter 147

For English

Read Забур жырлары Chapter 147 Online

Read Забур жырлары Chapter 147 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Забур жырлары 147

Тарау 147

1. Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені! Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі, Бұл қандай ұнамды да жарасымды!

2. Иеміз Иерусалимді қайта салар, Исраилдің айдалғандарын қайтарар,

3. Жаралы жүректерді сауықтырар, Қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар.

4. Иеміз жұлдыздардың санын белгілеген, Ол барлығына да өз аттарын берген.

5. Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты, Шексіз мол Оның ақыл-парасаты.

6. Иеміз қорланған жанды жоғарылатады, Ал зұлымдарды Ол жерге құлатады.

7. Жаратқан Иеге шүкірлік әнін айтыңдар, Құдайымызға жетігенмен күй тартыңдар!

8. Жаратқан аспанды бұлттармен жабады, Жер бетіне жаңбырды жаудырады, Тау-төбені көк шөппен жамылдырады.

9. Осылай азық өсіреді мал мен аңдарға, Қарғаның шақырған балапандарына да.

10. Тұлпардың күшіне Жаратқан қарамайды, Жігіттің жүйріктігінен рақат таппайды,

11. Қайта, риза болады Жаратқан Ие Өзін қастерлеп, рақымына үміт еткенге.

12. Уа, Иерусалим, Жаратқанды мадақта, Уа, Сион, Құдайыңның даңқын асыра!

13. Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан, Ішіңдегі халқыңды жарылқаған,

14. Таңдаулы астықпен оны тойындырады, Шекараңа бейбітшілік орнатады.

15. Иеміз сөзін жер бетіне жолдайды, Оның айтқандары лезде тарайды.

16. Жаратқан қарды мамықтай жаяды, Қырауды да күлдей жерге шашады,

17. Бұршақты жұмыр тастай жаудырады, Кім Оның аязына шыдай алады?

18. Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды, Жылы жел соққызып, ағызады суды.

19. Иеміз Жақыпқа білдірді бұйрықтарын, Исраилге заңдары мен жарлықтарын,

20. Басқа ешбір халыққа Ол мұны істемеді, Олар Оның шешімдерін білмей келеді. Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

About Забур жырлары Chapter 147

Read Забур жырлары Chapter 147 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 147
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 147 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 147?

Забур жырлары Chapter 147 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 147 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 3
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 6
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 119
  2. Забур жырлары Chapter 50
  3. Забур жырлары Chapter 40
  4. Забур жырлары Chapter 8
  5. Забур жырлары Chapter 130
  6. Забур жырлары Chapter 141
  7. Забур жырлары Chapter 107

Related Chapters & Readings

  1. Нақыл сөздер Chapter 20
  2. Елшілердің істері Chapter 4
  3. Ишая Chapter 3
  4. Әйүп Chapter 38
  5. Езекиел Chapter 36
  6. Забур жырлары Chapter 132
  7. Езекиел Chapter 7
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *