Read Забур жырлары Chapter 69 Online
Read Забур жырлары Chapter 69 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 69
Тарау 69
1. Құтқара гөр, уа, Құдайым менің, «Тасыған су» жетті мойныма дейін,
2. «Батпаққа» терең батып бара жатырмын, Аяқ басып тұрар жер таба алмаймын, Судың тереңіне батқан адамдаймын, Ағызып барады мені қатты ағын.
3. Жалбарына айқайлап қалжырадым, Құрғап, кеуіп қалды менің тамағым, Құдайымды күтіп талды қос жанарым.
4. Басымдағы шашымнан көп дұшпандарым, Себепсіз мені жек көреді жауларым, Сұмдықпен мені қудалап келеді, Алмаған нәрсемді талап етеді.
5. Уа, Құдай, Саған аян ақымақ қылығым, Сенен таса емес жасаған күнәларым.
6. Өзіңе сенімдерін артқан жандарды Маған бола ұятқа қалдырмашы, О, Әлемнің Иесі, Жаратушы, Саған бет бұрып дұға еткен жандарды Енді маған бола масқаралатпашы, Уа, Исраилдің сиынатын Құдайы!
7. Сен үшін мазаққа төзіп келем, Масқарам көрініп тұр бет-жүзімнен.
8. Туған бауырларым да мені танымайды, Шешемнің ұлдары маған жат деп қарайды.
9. Киелі үйіңнің қамын жеп азапқа түсем, Сені қорлағандардың ғайбаты маған тиген.
10. Ораза ұстап, жылаған уақытымда Олар мені келекелеп қорлауда.
11. Қайғыланып азалы киім кигенімде Олар мені мазақтап келемеждеуде.
12. Алаңда ақсақалдар мені өсектейді, Сыра ішкендер сықақтап әндетеді.
13. Ал мен Саған, уа, Жаратқан, Өзіңнің мейірім Көрсететін кезіңде сиынып келем, Құлақ сала көрші маған, уа, Құдайым, Шынында құтқаршы зор рақымыңмен.
14. «Батпақтан» мені тартып шығара көрші, «Тұңғиыққа» батуыма жол бермеші, Жек көретін дұшпандардан құтқаршы, «Терең сулардан» Мені тартып шығаршы.
15. Жол берме тасқынның ағызып әкетуіне, Терең судың мені жұтып жіберуіне, Ажал шыңырауының жалмап қоюына.
16. Уа, Жаратқан Ие, дұғама құлақ түрші, Берік мейірімің Сенің сондай игі, Мол рақымыңа сай маған көңіл бөлші.
17. Мендей пендеңнен бетіңді жасырмашы, Қасірет шегудемін, тез жауап берші.
18. Жақындап келіп, жанымды құтқаршы, Жауларыма бола босата көрші.
19. Сен білесің қандай қорлық көргенімді, Ұятқа қалып, жапа шеккенімді, Көріп алдың бар дұшпандарымды.
20. Мазақтары жүрегімді күйретіп, әлсізбін, Бекерге жұрттан аяныш күттім, Ешбір жұбатушыны кездестірмедім.
21. Қайта, тамағыма олар өт қосып берді, Шөлдеп тұрғанымда сірке суын ішкізді.
22. Мол дастарқандары жауларыма тор болсын, Бейқам ішкен астары тұзаққа айналсын,
23. Көздері көре алмастай тұмандансын, Белдері ұдайы бейнеттен бүкшиіп қалсын,
24. Оларға төге гөр өз қаһарыңды, Һәм қуып жетсін ашуыңның жалыны,
25. Тұрған мекені қаңырап бос қалсын, Шатырларында тұратын ешкім болмасын!
26. Өйткені Сен соққанды олар қуғындайды, Сен жаралағанды тағы мазақтайды.
27. Мойындарына салшы бар қылмыстарын, Өзіңнің алдыңда ақтала алмасын.
28. Өмір кітабынан өшірші есімдерін, Әділдер тізіміне олар тіркелмесін.
29. Ал мен азап шегіп қиналудамын, Уа, Құдай, құтқаруың мені қолдасын,
30. Сонда Құдайдың атын әнге қосамын, Шүкіршілік етіп мақтау айтамын.
31. Көбірек ұнатады мұны Жаратқан Құрбандық мүйізді ірі қарадан.
32. Соны көріп, мәз болады қаналғандар, Жігерленіңдер, Құдайға бет бұрғандар!
33. Өйткені Жаратқан Ие мұқтажға құлақ түреді, Тұтқын пенделерін Ол менсінбей кетпейді.
34. Мадақтаңдар Иемізді, аспан мен жер, Теңіз бен ондағы күллі жәндіктер,
35. Себебі Құдай Сионды құтқарады, Яһуданың қалаларын қайта тұрғызады, Құдай халқы орнығып, елге ие болады.
36. Пенделерінің ұрпағы елді иемденеді, Құдайдың есімін сүйгендер соны мекендейді.
About Забур жырлары Chapter 69
Read Забур жырлары Chapter 69 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 69
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 69 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 69?
Забур жырлары Chapter 69 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 69 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
- Ешуа Chapter 2
- Ешуа Chapter 1
- Ешуа Chapter 4
- Ешуа Chapter 3
- Ешуа Chapter 19
- Ешуа Chapter 12
- Ешуа Chapter 6
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 19
- Забур жырлары Chapter 72
- Забур жырлары Chapter 142
- Забур жырлары Chapter 54
- Забур жырлары Chapter 53
- Забур жырлары Chapter 130
- Забур жырлары Chapter 52