Read Еремия Chapter 21 Online
Read Еремия Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Еремия and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Еремия 21
Тарау 21
1. Жаратқан Ие Еремияға тағы да сөзін арнады. Сол кезде Седекиях патша Малқиях ұлы Пашхурды және Мағасиях ұлы Софония есімді діни қызметкерді Еремияға жіберіп:
2. — Бабыл патшасы Набуходоносор бізге қарсы соғыс ашты. Енді Жаратқан Иеден біз үшін мынаны сұрап біліп алсаңыз екен: Мүмкін, Ол ежелде көрсеткен кереметтері сияқты бізге де керемет жасап, жауды елімізден шегіндіріп кері қайтармас па екен? — деген өтінішін білдірген болатын.
3. Еремия оларға мына жауапты қайтарды: — Седекияхқа былай деңдер:
4. Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сендерді қала қабырғасының сыртынан қоршап алған Бабыл патшасы мен халдей жасақшыларына қарсы қолданып жатқан қару-жарақтарыңды өздеріңе қарсы бұрамын. Сонда Мен жауларыңды қаланың ортасына жинап әкелемін!
5. Сендерге қарсы зор күш-қуатыммен, кәрлі ашу-ызаммен құдіретті қолымды алға созып тұрып Өзім соғысамын.
6. Мен осы қаладағылардың адам болсын, мал болсын барлығына да апат жіберіп, олар қорқынышты індеттен қырылатын болады.
7. Ал содан кейін Мен Яһуда патшасы Седекияхтың өзін де, осы қалада індет, семсер және ашаршылықтан аман қалған нөкерлері мен халқын да Бабыл патшасы Набуходоносордың әрі жандарын алмақ болған басқа да жауларының қолына тапсырамын. Набуходоносор оларды семсермен қырып, еш аяу, мүсіркеу, рақым ету дегенді білмейтін болады, — деп ескертеді Жаратқан Ие.
8. Ал осы халыққа былай де: Жаратқан Ие сендердің таңдауларың үшін алдарыңа өмір мен өлімге апаратын жолдарды ұсынады:
9. Осы қалада қалатын әрбір адам семсер, ашаршылық немесе індеттен құриды. Ал қаладан шығып, оны қоршап алған халдейлерге берілетін әркім тірі қалып, өз жаны өзіне олжа болады.
10. Мен бұл қалаға жақсылық емес, жамандық істеуді ұйғардым. — Жаратқан Ие осыны нық айтады. — Қала Бабыл патшасының қолына беріліп, ол оны өртеп жібереді».
11. Жаратқан Ие маған Яһуданың патшалық әулетіне арнап мынаны айтқызды: «Тыңдаңдар Жаратқан Иенің сөзін,
12. уа, Дәуіттің әулеті! Жаратқан Ие мынаны айтады: Күн сайын таңертең халыққа әділдікпен билік айтыңдар! Жәбірленгенді қысым көрсетушісінен құтқарыңдар! Әйтпесе істеген зұлым істерің үшін қаһарым оттай лап етіп, оны ешкім сөндіре алмайды.
13. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Жартасты төбенің басында тұрған саған қарсы шығамын, уа, Иерусалим: «Бізге қарсы соғысып, баспанамызға кіре алатын кім бар?» деп мақтанатын сендерге қарсы Өзім соғысамын.
14. Мен сендерге лайықты жазаларыңды тартқызамын! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Орманыңа Өзім от қойып, ол сендердің айналаларыңдағының бәрін жалмап қояды!»
About Еремия Chapter 21
Read Еремия Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Еремия
Chapter: 21
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Еремия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Еремия Chapter 21 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Еремия Chapter 21?
Еремия Chapter 21 is part of the Book of Еремия in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Еремия Chapter 21 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from еремия
- Еремия Chapter 16
- Еремия Chapter 15
- Еремия Chapter 35
- Еремия Chapter 1
- Еремия Chapter 48
- Еремия Chapter 32
- Еремия Chapter 30
Explore More from Ескі өсиет
- Заңды қайталау Chapter 21
- Ишая Chapter 64
- Езра Chapter 6
- Жаратылыстың бастауы Chapter 49
- Патшалықтар 1-ж Chapter 28
- Забур жырлары Chapter 47
- Шежірелер 2-ж Chapter 34