Read Забур жырлары Chapter 136 Online
Read Забур жырлары Chapter 136 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 136
Тарау 136
1. Жаратқан Ие ізгі, Оны мадақтаңдар, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
2. «Тәңірлерден» жоғары Құдайды мақтаңдар, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
3. Иелердің Иесін мадақтаңдар, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
4. Жалғыз Өзі ұлы кереметтер жасайды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
5. Ол көкті даналықпен жаратты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
6. Жер бетін теңіз суынан жоғары орнатты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
7. Аспанда үлкен шырақтар жаратты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
8. Күндізді билейтін күнді жаратты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
9. Түнді билейтін ай мен жұлдыздарды жаратты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
10. Ол Мысырды жазалап тұңғыштарын құртты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
11. Сол елден Исраилді бастап алып шықты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
12. Мұны зор құдіретімен жүзеге асырды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
13. Қамысты теңізді қақ айырды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
14. Ортасымен Исраил халқын алып шықты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
15. Перғауын мен әскерін теңізге батырды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
16. Ол өз халқын иен даламен бастап жүрді, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
17. Ұлы патшаларға соққы берді, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
18. Күшті патшалардың көзін құртты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
19. Аморлықтар патшасы Сихонды жойды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
20. Әрі Башан патшасы Огты да жеңді, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
21. Олардың жерлерін иелікке тапсырды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
22. Құлы Исраилге мұралыққа табыстады, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
23. Нашар халімізде бізді назарында ұстады, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
24. Жауларымыздың қолынан құтқарды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
25. Ол барлық жан иелерін тамақтандырады, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
26. Көктегі Құдай Иені мадақтаңдар, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
About Забур жырлары Chapter 136
Read Забур жырлары Chapter 136 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 136
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 136 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 136?
Забур жырлары Chapter 136 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 136 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
- Ешуа Chapter 2
- Ешуа Chapter 1
- Ешуа Chapter 4
- Ешуа Chapter 3
- Ешуа Chapter 19
- Ешуа Chapter 12
- Ешуа Chapter 10
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 81
- Забур жырлары Chapter 138
- Забур жырлары Chapter 30
- Забур жырлары Chapter 143
- Забур жырлары Chapter 39
- Забур жырлары Chapter 59
- Забур жырлары Chapter 12