Забур жырлары Chapter 83

For English

Read Забур жырлары Chapter 83 Online

Read Забур жырлары Chapter 83 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Забур жырлары 83

Тарау 83

1. Уа, Құдайым, үндемей қала берме, Тіл қатпастан тып-тыныш бола көрме,

2. Себебі жауларың у-шу көтеруде, Сені жек көретіндер өркөкіректенуде.

3. Халқыңа қарсы олар сұмдық ойласуда, Өзіңе қымбат жандарға қарсы ақылдасуда:

4. «Кәне, құртайық оларды ұлттар арасынан, Исраил аталмасын енді қайтып ешқашан».

5. Бірауыздан олар сөз байласып Жатыр, Саған қарсы одақ құрып:

6. Шатырларда тұрған едомдықтар, Ысмағұлдық, моабтық, ажарлықтар,

7. Гебалдық, аммондық, амалектіктер, Тирдің тұрғындары мен філістірлер.

8. Ассурдың халқы да оларға қосылды, Луттың ұрпақтарына қолдаушы болды.

9. Сен ежелде Мадиян тайпасына, Сисара мен Ябинге Қишон аңғарында Істегеніңдей істеші жауларымызға!

10. Сол байырғылар Ендорда талқандалды, Төгілген қи-қоқыстай жерге тапталды.

11. Істеші жаулардың әміршілеріне Ежелде істегеніңдей Ориб пен Зипке, Істеші олардың бар көсемдеріне, Өзің істегеніңдей Салман мен Зебейге, Өйткені жау былай деді біз жөнінде:

12. «Құдайдың мекендерін иемденейік, Жайылымдарын қолға түсірейік!»

13. Зұлымдарды етші құйын соққан тозаңдай, О, Құдайым, жел ұшырған сабандай

14. Әрі от жалмап қойған ормандай, Жалын күйреткен қырат басындай.

15. Дұшпанды қуып шықшы елден құйыныңмен, Дүрбелеңге түсірші Өзіңнің дауылыңмен,

16. Уа, Жаратқан жауды қара бет қылып масқарала, Олар Саған бұрылып, сиынсын атыңа.

17. Ал қыңырлары лайым қысылып абыржысын, Олар қорланып, ақырында өлім құшсын,

18. Жаратқан Ие деп аталған жалғыз Сенің Бүкіл жер бетіне билік жүргізетін Хақ Тағала екеніңді барлығы білсін!

About Забур жырлары Chapter 83

Read Забур жырлары Chapter 83 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 83
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 83 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 83?

Забур жырлары Chapter 83 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 83 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 4
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 125
  2. Забур жырлары Chapter 30
  3. Забур жырлары Chapter 113
  4. Забур жырлары Chapter 49
  5. Забур жырлары Chapter 95
  6. Забур жырлары Chapter 11
  7. Забур жырлары Chapter 35

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 2-ж Chapter 18
  2. Забур жырлары Chapter 122
  3. Леуіліктер Chapter 2
  4. Матай Chapter 18
  5. Әйүп Chapter 18
  6. Руларды санау Chapter 12
  7. Забур жырлары Chapter 73
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *