Забур жырлары Chapter 104

For English

Read Забур жырлары Chapter 104 Online

Read Забур жырлары Chapter 104 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Забур жырлары 104

Тарау 104

1. Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын. Уа, Құдай Ием, Сен керемет ұлысың, Құрмет пен салтанатқа бөленгенсің.

2. Жарық нұрды Сен шапандай киесің, Аспанды шатырдай жайып жібересің,

3. Су үстінен «сарайыңды» бекітесің, Бұлттарды Өзің «мінер күймең» етесің, «Желдің қанаттары үстінде» жүресің.

4. Желді етесің періштелеріңдей, От жалынын да өз нөкерлеріңдей.

5. Сен жерді берік негізге орнаттың, Ол ешқашан қозғалмайды орнынан.

6. Терең сумен жерді киімдей жаптың, Тіпті тау бастарын да сумен бастың.

7. Берген бұйрығыңнан кейін сулар безді, Күркіреген үніңнен олар дереу шегінді,

8. Таулардан асып, аңғарларға түсті, Белгілеген жеріңе қарай ағып кетті.

9. Сен суларға сонда берік шек қойдың, Су енді қайтып жерді жаппастай қылдың.

10. Сен сайларға ағызасың бұлақтарды, Өзендер тау арасымен құйылады,

11. Дала аңдарын олар суға қандырады, Құландар да одан шөлін басады.

12. Құстар су жағасына ұя салады, Бұтақтар арасынан ән айтады.

13. Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың, Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың,

14. Топырақтан мал азығына шөп өсіресің, Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,

15. Пенденің жүрегін қуантар шарапты да, Бетті жылтыратар зәйтүн майын да, Денеге күш-қуат берер нанды да.

16. Суға қанығады Жаратқанның ағаштары, Өзі өсірген Ливан самырсындары.

17. Құстар соларға ұяларын салады, Шыршалар ләйлектің мекені болады,

18. Таутекенің тұрағы — зәулім шыңдар, Таутышқанның панасы да — құз, жартастар.

19. Мезгілді белгілеуге жараттың айды, Күн де біледі қай уақытта батуды.

20. Сен қараңғылық жайғанда түн болады, Орманның аңдары кезіп сандалады,

21. Жас арыстандар ақырып олжа аңсайды, Құдайдан өздеріне азық сұрайды.

22. Күн шыға олар бұғып кері қайтады, Апандарына еніп, тынығып жатады.

23. Адамдар сол кезде жұмысқа шығады, Кеш түскенше еңбекпен айналысады.

24. Сенің істерің қандай көп, Жаратқан Ием! Сен жасадың барлығын да даналықпен, Жер толған Өзіңнің жаратқандарыңмен.

25. Міне, тағы ұлан-ғайыр теңіз де бар, Құжынар сансыз үлкен-кіші хайуандар,

26. Теңізде жүзеді кемелер, қайықтар, Сен онда ойнауға жаратқан дәу балықтар.

27. Өзіңнен күткендері бәрінің де — Сенің тамақ беруің мезгілінде.

28. Азығын берсең олар жинап алар, Қолыңды ашсаң игілікке тойынар.

29. Ал бет-жүзіңді жасырсаң әбігерге қалар, Жанын алсаң өліп, топыраққа айналар.

30. Рухыңның лебін жіберіп, өмір жаратасың, Жер бетін қайтадан толтырып, жаңартасың.

31. Жаратқанның ұлылығы мәңгі мадақталсын, Иеміз өз істеріне әрдайым шаттансын.

32. Ол жер бетіне көз салса шайқалады, Тауларға қол тигізсе түтін шығады.

33. Өмір бойы Жаратқанға ән саламын, Дем біткенше Құдайыма жыр айтамын,

34. Ой толғанысым Оған ұнамды болсын, Жаратқан Иеме ұдайы шаттанамын.

35. Күнәкарлар жер бетінен аласталсын, Әділетсіздер енді қайтып болмасын. Жан-тәніммен Жаратушыны мақтаймын. Жаратқан Иемізді мадақтаңдар әрдайым!

About Забур жырлары Chapter 104

Read Забур жырлары Chapter 104 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 104
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 104 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 104?

Забур жырлары Chapter 104 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 104 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 36
  2. Забур жырлары Chapter 74
  3. Забур жырлары Chapter 124
  4. Забур жырлары Chapter 112
  5. Забур жырлары Chapter 99
  6. Забур жырлары Chapter 101
  7. Забур жырлары Chapter 92

Related Chapters & Readings

  1. Билер Chapter 19
  2. Леуіліктер Chapter 6
  3. Патшалықтар 2-ж Chapter 19
  4. Патшалықтар 3-ж Chapter 8
  5. Руларды санау Chapter 18
  6. Леуіліктер Chapter 15
  7. Езекиел Chapter 45
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *