Read Забур жырлары Chapter 55 Online
Read Забур жырлары Chapter 55 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 55
Тарау 55
1. Уа, Құдай, мінажатыма құлақ түрші, Өтінішімді елемей жүрмеші.
2. Назар аударып, жауап берші маған, Аһ ұрып, абыржып жүрмін қайғыдан,
3. Дұшпандарымның қатты дауысынан Әрі әділетсіздердің қыспағынан. Олар басыма азап жаудырады, Ашулана жала да жабады.
4. Жүрегім қинала дірілдейді, Өлімнің қорқынышы тап береді.
5. Үрей мен қалтырау басып алады, Қорқыныш билейді тұла бойымды.
6. Сонда мен тілек тілеп былай дедім: «Кептердің қанаттарын маған берер кім, Бұл жерден ұшып кетіп, тыншыр едім,
7. Алысқа ұшып, айдалада қалар едім,
8. Қастықтың дауылынан тез құтылар едім».
9. Уа, Ием, зұлымдарды абыржытып, Берекесін алшы тілдерін шатастырып, Қаладан зорлық-зомбылық тұрмын көріп.
10. Күні-түні олар қамалда аңдып жүреді, Сұмдық пен пәлеге толы қала іші,
11. Тонаушылық пен өлім мол шаһарда, Жалғандық пен зорлық бітпес базарда.
12. Жауым қараласа соған төзер едім, Дұшпаным бас көтерсе одан тығылар едім.
13. Алайда мұны істеген қатарласым Сенсің, о, жаныма жақын сырлас досым!
14. Қандай ғажап еді қарым-қатынасымыз, Құдайдың үйіне бірге барғанымыз.
15. Кенеттен жетсін ажал жауларыма, Тірідей түссін олар тұңғиыққа, Зұлымдық мекендейді ғой араларында.
16. Ал мен Құдайды көмекке шақырамын, Сонда мені құтқарады Жаратқаным.
17. Ертеңгісін, тал түсте және кешқұрым Құдайыма дауыстап жалбарынамын, Оның құлағына шалынады дауысым.
18. Маған қарсы шығып, шайқасқан көп жаудан Құдай жанымды сақтап алады аман.
19. Ежелден Құдай тағында отырып келеді, Мені естіп, жауды Өзіне бас игізеді. Олар іс-әрекеттерін өзгертпей келді, Құдайдан қорқып, Оны қастерлемей жүрді.
20. Дұшпаным жасасқан келісімінен бас тартты, Өзімен тату тұрғандарға қарсы шықты,
21. Сарымайдан да жұмсақ айтқан сөздері, Бірақ қастандыққа толы оның жүрегі, Иісмайдан да жағымды айтқандары, Шынымен жалаң семсердей астарлары.
22. Жаратқан Иеге арт бар уайымыңды, Ол сені қолдап, ойлайды қамыңды, Мәңгілік құлатпайды әділ жанды.
23. Алайда, уа, Құдайым, сол сұмдарды Тастайсың Сен тұңғиық шыңырауға, Қанішер жауыздардың жандары Құриды жетпей-ақ жасының жартысына. Ал мен болсам сенемін Жаратушыма.
About Забур жырлары Chapter 55
Read Забур жырлары Chapter 55 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 55
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 55 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 55?
Забур жырлары Chapter 55 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 55 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
- Ешуа Chapter 2
- Ешуа Chapter 1
- Ешуа Chapter 4
- Ешуа Chapter 3
- Ешуа Chapter 19
- Ешуа Chapter 12
- Ешуа Chapter 8
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 53
- Забур жырлары Chapter 69
- Забур жырлары Chapter 9
- Забур жырлары Chapter 124
- Забур жырлары Chapter 142
- Забур жырлары Chapter 144
- Забур жырлары Chapter 42