Read Забур жырлары Chapter 33 Online
Read Забур жырлары Chapter 33 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 33
Тарау 33
1. Әділдер, қуана мақтаңдар Жаратқанды, Адал жандардың мақтауы жарасымды.
2. Жаратқанды домбырамен мадақтаңдар, Он ішекті жетігенмен күй тартыңдар,
3. Оған бағыштап жаңа ән айтыңдар, Мәнерлеп ойнап, шаттана айқайлаңдар!
4. Өйткені Жаратқанның сөзі шынайы, Ол бар істерін адалдықпен жасайды,
5. Иеміз әділет пен әділдікті қалайды, Оның рақымына толы жердің барлығы.
6. Жаратқанның сөзімен аспан жаралды, Аузының лебімен жұлдыздар да жасалды.
7. Теңіздің суларын Ол жинап, шек қойды, Түпсіз мұхитты «қоймаларына» құйды.
8. Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін, Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін,
9. Өйткені Ол сөз айтқанда орындалды, Бұйрық бергенде бар болып, берік тұрды.
10. Иеміз бағынбайтын ұлттардың ойларын Шайқалтып, жояды арамза жоспарларын.
11. Жаратқанның жоспары мәңгі берік тұрады, Бар ұрпақтарға ниеті нық сақталады.
12. Құдайы — Жаратқанға сиынған ұлт бақытты, Ол меншігіне таңдаған халық жарылқаулы!
13. Жаратқан Ие көктен жерге қарар, Сонда күллі адамзатты көзімен шолар,
14. Өз тағынан жер тұрғындарын байқар.
15. Ол бәрінің жүректерін жаратты, Бүкіл істерін толық ұғынады.
16. Патшаны қалың жасағы құтқармайды, Жауынгер зор күшімен қорғана алмайды,
17. Тұлпар да құтқаруға жарамайды, Ерен күшімен де құтылта алмайды.
18. Бірақ Өзін терең қастерлейтіндерге, Рақымына үмітін жүктегендерге Назарын салады Жаратқан Ие
19. Оларды ажалдан құтқару үшін, Ашаршылықта аман сақтау үшін.
20. Жаратқанға шын көңілден сенім артамыз, Ол — қолдаушымыз, қалқандай қорғаушымыз.
21. Жүрегіміз шаттанады Иемізге, Кәміл сенеміз киелі есіміне!
22. Үмітіміз Өзіңде, уа, Жаратқан Ие, Берік мейіріміңмен жар бола гөр бізге.
About Забур жырлары Chapter 33
Read Забур жырлары Chapter 33 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 33
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 33 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 33?
Забур жырлары Chapter 33 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 33 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 78
- Забур жырлары Chapter 146
- Забур жырлары Chapter 135
- Забур жырлары Chapter 94
- Забур жырлары Chapter 62
- Забур жырлары Chapter 101
- Забур жырлары Chapter 136