Софония Chapter 1

For English

Read Софония Chapter 1 Online

Read Софония Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Софония in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Софония and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Софония 1

Тарау 1

1. Яһудаға Амон ұлы Жосияның патшалық құрған кезінде Жаратқан Ие Софонияға сөзін арнады. Ол Хусидің ұлы, Ғодалияхтың немересі, Амарияхтың шөбересі, Езекияның шөпшегі еді.

2. «Мен бәрін де жер бетінен құртып жібермекпін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. —

3. Сонда адам мен хайуанды да, аспандағы құс пен теңіздегі балықты да, азғырушы мүсін мен зұлымдық жасаушыны да жаппай жоқ қыламын. Жер бетінен адам баласының көзін құртамын!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады.

4. «Яһуда мен Иерусалимнің күллі тұрғындарына қарсы қолымды созып, оларды жазалаймын. Бұл жерден Бағалға табынушылықты із-түзсіз құртып, абыздардың және Өзімнен бас тартқан діни қызметкерлердің есімдерін жоямын.

5. Жалпақ үй төбелеріне шығып, аспан денелеріне иіліп табынатындарды, әрі Жаратқан Иеге де, жалған тәңір Молохқа да бірдей құлшылық етіп, адал болуға ант ететіндерді жоқ қыламын.

6. Олар Маған, Жаратқан Иеге құлақ салудан бас тартып, енді Өзіме бет бұрып сиынбайды да, Менен не ақыл, не жарылқау сұрамайды да. Мен солардың барлығын да қырып-жоямын!»

7. (Уа, Яһуда халқы,) Жаратушы Тәңір Иенің алдында үнсіз болыңдар! Себебі Жаратқан Иенің соты күні таяп қалды! Жаратқан Ие Яһуда халқын құрбандық болуға дайындады. Өзі асқа шақырған Яһуданың жауларын сол рәсімге арнап тазартқандай даярлады.

8. «Мен, Жаратқан Ие, құрбандық шалған сол күні әміршілер мен патшазадаларды, шетелдік киім киіп бөгде әдет-ғұрыптарға бой ұрған солардың барлығын да жазалаймын!

9. Сол күні Мен соқыр сенімге салынып табалдырыққа аяқ басудан шошынатындардың барлығын және қожайындарының үйлерін зорлықпен әрі алдамшылықпен иемденген байлыққа толтырғандардың бәрін жазалаймын».

10. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Сол күні қаланың Балық қақпасынан айқай, Екінші ауданынан жылап-сықтау, қыраттардан зор күйреудің даусы шығатын болады.

11. Жылаңдар, Төменгі ауданның тұрғындары! Араларыңдағы күллі саудагерлер құрып, күміспен сауда-саттық жасайтындардың барлығы аластатылады.

12. Сол кезде Мен Иерусалим қаласын шырақтармен шарлап, тінту жүргіземін. Сонда бейқам күнәкарларды жазалаймын. Олар іштей былай дейді: «Жаратқан Ие не жаман, не жақсы ештеңе де істемейді».

13. Ал шынында олардың бар дәулеті тоналып, үйлері қирап, қаңырап бос қалмақ. Олар үй салып, онда тұра алмайтын, жүзімдік отырғызып, оның шырынын іше алмайтын болады».

14. Жаратқан Иенің ұлы күні таяп, жақындап қалды, ол тез келе жатыр! Жаратқан Иенің сол күні қатты дауыс шықпақ, сонда мықты жасақшылар да ащы зармен айқайлайтын болады.

15. Сол күн — Тәңір Иенің қаһары төгілетін күн, адамның қайғырып, азап шегетін күні, елдің қирап қаңырап қалатын күні, қараңғылық пен қара түнектің күні, қалың бұлттар мен қара мұнардың күні,

16. кернейдің даусы мен шайқастың айқай-шуының күні болады! Сонда бекіністі қалалар мен зәулім мұнараларға қарсы шабуыл жасалады.

17. «Мен халықтың басына қиын-қыстау кез тудырамын. Олар Маған, Жаратқан Иеге, қарсы күнә жасағандықтан, енді соқыр адам іспетті сипалап жүретін болады. Олардың қаны жердегі шаң-тозаңдай төгіліп, ішек-қарындары қи-қоқыс сияқты лақтырылып тасталады». —

18. Жаратқан Иенің қаһары төгілетін сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады. Оның ашу-ызасының отында бүкіл жер беті жанып кетеді, себебі Ол жер бетінде тұратындардың барлығын да аяқ астынан толықтай құртатын болады.

About Софония Chapter 1

Read Софония Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Софония in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Софония
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Софония. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Софония Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Софония Chapter 1?

Софония Chapter 1 is part of the Book of Софония in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Софония Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from софония

  1. Софония Chapter 2
  2. Софония Chapter 2
  3. Софония Chapter 1
  4. Софония Chapter 3
  5. Софония Chapter 1
  6. Софония Chapter 3
  7. Софония Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Шежірелер 1-ж Chapter 13
  2. Забур жырлары Chapter 136
  3. Забур жырлары Chapter 128
  4. Аян Chapter 1
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 28
  6. Матай Chapter 22
  7. Ишая Chapter 45
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *