Read Ефестіктерге Chapter 3 Online
Read Ефестіктерге Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ефестіктерге in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ефестіктерге and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Ефестіктерге 3
Тарау 3
1. Сондықтан мен, Пауыл, басқа ұлттық сендерге Мәсіх Исадан жіберілдім, сол себептен тұтқындалдым да.
2. Құдайдың өздеріңе арналған осы міндетті атқаруды рақымдылықпен маған жүктегенін, әрине, естідіңдер.
3. Себебі Ол Өзінің құпия жоспарын маған ашып білдірді, бұны қысқаша баяндап жазып қойдым.
4. Соны мұқият оқысаңдар, Мәсіх іске асыратын құпия жоспарды түсінгенімді ұға аласыңдар.
5. Осы жоспар адамзаттың алдыңғы ұрпақтарына айтылмаған болатын, ал қазір Киелі Рух оны Құдайдың қасиетті елшілері мен пайғамбарларына ашып отыр.
6. Оның мазмұны мынау: басқа ұлттар Ізгі хабардың арқасында яһуди сенушілерімен бірге Құдайдың жарылқауын қабылдайды және олармен бірге Мәсіхтің рухани денесінің мүшелері болып, Тәңір Иеміздің берген уәдесінен өз үлестерін алмақ.
7. Құдай маған рақымын төгіп, Өзінің құдіретімен өмірімді өзгертіп, мені Ізгі хабарды уағыздайтын қызметшісі етіп қойды.
8. Оның адамдарының ең лайықсызы болсам да, Құдайдың рақымымен Мәсіхтің шексіз зор рухани байлығы туралы басқа халықтарға уағыздау үлесіме тиді:
9. әлемді жаратқан Құдайдың әуел бастан Өзінде құпия сақтап келген жоспарының қалай іске асырғанын жұртқа ашып беру менің міндетім болды.
10. Құдайдың мұндағы ниеті — Өзінің жан-жақты даналығын көзге көрінбейтін дүниедегі билеушілер мен өктемдік иелеріне енді сенушілер қауымы арқылы ашып мәлім қылуы.
11. Бұл Құдайдың Иеміз Мәсіх Иса арқылы іске асырған мәңгілік мақсатына сәйкес еді.
12. Онымен байланысқан біз Оған деген сенімімізге бола көктегі Әкемізге еркін жақындап, сиынуға батылымыз жетеді.
13. Сондықтан да сендерден өздерің үшін көрген азаптарыма бола жігерлеріңді жасытпауларыңды өтінемін. Себебі олар арқылы Құдайдың ұлылығына кенелесіңдер.
14. Сол себептен мен сендер үшін Құдай Әкеміз алдында тізе бүгіп Оған сиынамын;
15. көктегі және жердегі бүкіл әкелік бедел Оның атынан тарайды.
16. Былай деп мінажат етемін: Құдай өз ұлылығының байлығына сәйкес Киелі Рухының арқасында жан дүниелеріңді Өзінің құдіретімен нығайта көрсін.
17. Мәсіх сенімдерің арқылы жүректеріңе орныға көрсін,
18. әрі рухани өмірлерің Оның сүйіспеншілігіне тамыр жайып, негізделсін. Осылай сендер Мәсіхтің сүйіспеншілігінің қаншалықты кең де көз жеткісіз терең және биік екенін Құдайдың бүкіл халқымен бірге түсіне алып,
19. адам санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен. Сол арқылы Құдайдың рухани қасиеттері бойларыңа толықтай дари берсін!
20. Ал Тәңір Иеміз бізге әсер ететін Өзінің құдіреті арқылы біз сұрағаннан немесе ойлағаннан әлдеқайда көп нәрселерді істей алады.
21. Оның даңқы қауымда Мәсіх Иса арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгілік арта берсін! Аумин.
About Ефестіктерге Chapter 3
Read Ефестіктерге Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ефестіктерге in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Ефестіктерге
Chapter: 3
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ефестіктерге. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Ефестіктерге Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Ефестіктерге Chapter 3?
Ефестіктерге Chapter 3 is part of the Book of Ефестіктерге in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Ефестіктерге Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from ефестіктерге
- Ефестіктерге Chapter 2
- Ефестіктерге Chapter 5
- Ефестіктерге Chapter 4
- Ефестіктерге Chapter 1
- Ефестіктерге Chapter 6
Explore More from Жаңа өсиет
- 1 Петірдің Chapter 5
- 1 Петірдің Chapter 1
- Аян Chapter 3
- Матай Chapter 14
- Еврейлерге Chapter 13
- Римдіктерге Chapter 9
- Елшілердің істері Chapter 1