Забур жырлары Chapter 44

For English

Read Забур жырлары Chapter 44 Online

Read Забур жырлары Chapter 44 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Забур жырлары 44

Тарау 44

1. Уа, Құдай, Өзіңнің зор құдіретіңмен Ежелде бабалардың заманында істеген Керемет істерің жайлы құлағымызбен Көп естігенбіз әкелерімізден.

2. Қыңыр ұлттарды Сен елден қуып шықтың, Ал бабаларымызды орнықтырдың. Сол тайпаларды Сен езіп тастадың, Ал бабаларымызды азат қылдың.

3. Бабалар елді семсерімен басып алған жоқ, Әрі білек күштерімен жеңіп шықкан жоқ, Мұны істеген — Сенің ұлы құдіретің, Һәм бет-жүзіңнің нұры: Сен рақым көрсеттің.

4. Сен менің Патшам әрі Құдайымсың, Жақыптың халқына құтқарылу сыйлайсың,

5. Сенімен жауларымызды соққылаймыз, Сенің атыңнан дұшпанды таптаймыз.

6. Садағыма артпаймын мен сенімімді, Құтқара да алмайды семсерім мені,

7. Жауларымыздан Сен бізді құтқарасың, Бізді жек көргендерді масқара қыласың.

8. Күн сайын Құдайды айтып мақтанамыз, Атыңды мәңгілік мадақтайтын боламыз.

9. Ал қазір бізді тастап, ұятқа қалдырдың, Сен жасағымызбен бірге аттанбадың,

10. Жауымыздан қашуға мәжбүр қылдың, Дұшпандарға бізді тонатып қойдың,

11. Сойылатын қой іспетті бізді тапсырдың, Халықтар арасына шашыраттың,

12. Өз халқыңды арзанға сатып жібердің, Біздің құнымызды әбден түсірдің.

13. Көршілерімізге бізді қорлаттың, Маңымыздағыларға мазақтаттың,

14. Қыңыр ұлттардың қорлауына қалдырдың, Оларға бізді елетпей бас шайқаттың.

15. Масқарамыз күнде алдымыздан шығады, Халқымыз ұяттан қара бет болады,

16. Жалақордың ұрысын естіп тұрамыз, Кек алмақ жаудың бетін көріп тұрамыз.

17. Осының барлығына ұшырадық, Алайда біздер Сені ұмытпадық, Сенің Келісіміңді де бұзбадық.

18. Жүрегіміз Сенен бас тартқан да жоқ, Аяғымыз жолыңнан тайған да жоқ.

19. Сонда да Сен бізді талқандап қираттың, Елімізді шибөрінің тұрағы еттің, Ажал қаупін бастарымызға төндірдің.

20. Егер Құдайымыздың атын ұмытсақ, Бөтен «тәңірге» қол жайып сиынсақ,

21. Құдай мұны әлде білмес пе еді? Ол жүректің құпияларын да біледі!

22. Ал Сен үшін жау бізді күнде жоюда, Сойылатын қой деп бізге қарауда.

23. Уа, Жаратқан, неге «жатырсың ұйқыда»? «Серпіліп», бас көтере гөр бізді қорғауға, Бізден бас тарта көрмеші біржолата!

24. Неге бізден бет-жүзіңді жасырасың, Қайғы мен жәбірімізді ұмытасың?

25. Өйткені ажал аузында жандарымыз, Әрі жерге жабысуда тәндеріміз.

26. Тұрып орныңнан, бізді қолдай гөр, Рақымыңа бола бізді құтқара гөр.

About Забур жырлары Chapter 44

Read Забур жырлары Chapter 44 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 44
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 44 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 44?

Забур жырлары Chapter 44 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 44 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 142
  2. Забур жырлары Chapter 34
  3. Забур жырлары Chapter 43
  4. Забур жырлары Chapter 28
  5. Забур жырлары Chapter 10
  6. Забур жырлары Chapter 14
  7. Забур жырлары Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Мысырдан шығу Chapter 16
  2. Шежірелер 2-ж Chapter 20
  3. Забур жырлары Chapter 54
  4. Заңды қайталау Chapter 5
  5. Билер Chapter 14
  6. Әйүп Chapter 30
  7. Заңды қайталау Chapter 13
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *