Миха Chapter 2

For English

Read Миха Chapter 2 Online

Read Миха Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Миха in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Миха and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Миха 2

Тарау 2

1. Зұлымдықты жоспарлап, төсек орындарында сұмдық істерді ойластырып жататындар қасіретке қалады! Таң ата олар соларын жүзеге асырады, өйткені бұған олардың құдіреті жетеді.

2. Сондайлар басқаның егістіктеріне сұқтанып, тартып алады, үйлеріне сұқтанып, оларды да иемденіп алады. Олар адамды үй-жайынан, тіпті мұралық жерінен айырады.

3. Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, Мен бұл халыққа апат жібермекпін! Сендер содан еш құтыла алмайсыңдар! Енді қайтып маңғаздана кеуде керіп жүрмейсіңдер, өйткені бұл қиын-қыстау кезең болады.

4. Сол күні адамдар сендерді келемеждеп, бастарыңнан өткен ауыртпалық туралы мына қайғылы жырды айтатын болады: Ой, қасірет, біз құрыдық біржолата, Халқымның мұралық жері қолды болды! Құдай меншігімізді алып қойды да, Опасыз жаудың қолына бере салды!

5. Сондықтан Жаратқан Иенің қауымында жерді қайтадан жеребемен бөлісіп үлестіргенде сендердің ешқайсыларың соған қатыспайсыңдар».

6. Олардың пайғамбарлары: «Бізге бұл жайттар туралы пайғамбарлық сөз айтпаңдар! Олай істеуге болмайды! Бұндай масқара басымызға түсе қоймас!» — дейді.

7. Уа, Жақыптың үрім-бұтағы: «Жаратқан Иенің төзімділігі таусылмайды. Ол сондай істер істемейді», — деп айтуға бола ма?! (Ал Жаратқан Ие мынаны айтады:) «Егер сендер түзу жолмен жүріп, істеген істерің әділ болса, Менің сөздерімді ізгі дер едіңдер.

8. Ал енді халқым дұшпандай бас көтеріп отыр. Сендер жандарыңнан алаңсыз өтіп бара жатқан адамның киім-кешегін үстінен сыпырып алып, оны шайқастан келе жатқан адамдай алба-жұлба қыласыңдар.

9. Сендер халқымның әйелдерін өздерінің жайлы үйлерінен қуып шығып, Мен оларға тапсырған меншікті жерін олардың балаларынан түпкілікті алып қоясыңдар.

10. Тұрыңдар! Кетіңдер! Бұл елде бұдан былай аман-есен тұра алмайсыңдар. Өйткені жер арамдалып, енді қайтып қалпына келмейтіндей құртылды».

11. Егер алдамшы пайғамбарсымақ келіп: «Сендерге шарап пен сыраның мол болатыны жайлы жақсы хабар айтамын!» десе, мына халыққа керегі — дәл сондай пайғамбар!

12. «Мен сендерді сөзсіз жинап аламын, уа, Жақыптың үрім-бұтағы! Исраилдің тірі қалғандарын міндетті түрде бірге жинаймын. Оларды қойды қораға жинағандай әрі жайлаудың малға толатынындай жинап алып келемін. Сонда елің халықтың көптігінен у-шудан жаңғыратын болады.

13. Олардың алдында көшбасшы жолды ашып жүріп отырады, осылай халық (өздерін тұтқында ұстап отырған жау қалаларының) қақпаларын бұзып шығады. Патшасы халқының алдарында жүріп, Жаратқан Ие оларды бастап алып шығады».

About Миха Chapter 2

Read Миха Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Миха in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Миха
Chapter: 2
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Миха. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Миха Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Миха Chapter 2?

Миха Chapter 2 is part of the Book of Миха in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Миха Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from миха

  1. Миха Chapter 1
  2. Миха Chapter 3
  3. Миха Chapter 7
  4. Миха Chapter 5
  5. Миха Chapter 4
  6. Миха Chapter 6

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 115
  2. Лұқа Chapter 2
  3. Зәкәрия Chapter 9
  4. Матай Chapter 18
  5. Забур жырлары Chapter 56
  6. Леуіліктер Chapter 10
  7. Патшалықтар 3-ж Chapter 12
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *