Read Ишая Chapter 64 Online
Read Ишая Chapter 64 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ишая and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Ишая 64
Тарау 64
1. Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен, шіркін! Сенің алдыңда таулар шайқалар еді!
2. Бұл, өрттің сексеуілге тиіп, лаулап жанып, суды қайнатқанындай сұрапыл оқиға болар еді. Сонда Сенің есімің жауларыңа танымал болып, алдыңда халықтар дірілдер еді.
3. Ежелде Сен халқымыз күтпеген қорқынышты істер істедің. Көктен зымырап түсіп келгеніңде алдыңда таулар шайқалды да!
4. Сен Өзіңді сеніммен күткендерге игіліктер жасайсың. Мұны істейтін бірде-бір өзге құдай жоқ! Бұрын-соңды ешкім ондай құдай туралы құлағымен естіп, көзімен көрген де емес.
5. Әділдікті қуана іске асырып, ақ жолыңмен жүріп, Өзіңді естен шығармайтындарды Сен рақыммен қарсы аласың. Алайда біз бұрыннан-ақ еркіңе қарсы күнә жасап келгендіктен, Сен қатты ашуландың. Енді біз қалай құтқарыла аламыз?
6. Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді.
7. Ал ешқайсымыз Саған сиынып, рақым етуіңді сұрап жалынып-жалбарынбаймыз. Сен бізден бас тартып, бізді күнәміздің кесірінен жойылуға қалдырдың.
8. Алайда, о, Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің. Сен құмырашыға, біз саз балшыққа ұқсаймыз. Бәріміз Сенің қолыңнан шыққан жаратылысыңбыз.
9. Уа, Жаратқан Ие, шексіз ашуланып, күнәларымызды есіңде мәңгілік сақтай көрме! Саған жалбарынамыз, бізге көз сала гөр, Сенің халқыңбыз ғой.
10. Өзіңе бағышталған қалаларың қиратылып, елсіз далаға айналды. Тіпті Сион тауы қаңырап бос қалып, Иерусалим қаласы тас-талқан болды:
11. ата-бабаларымыз Сені мадақтаған киелі де салтанатты ғибадатханамыз өртеніп кетті! Біз үшін сондай қымбат нәрселердің бәрі де күйреді.
12. Осылай болғанда, уа, Жаратқан Ие, Өзіңді ұстап тұрмақсың ба? Үн-түнсіз қалып, бізді шексіз қинамақсың ба?!
About Ишая Chapter 64
Read Ишая Chapter 64 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Ишая
Chapter: 64
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ишая. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Ишая Chapter 64 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Ишая Chapter 64?
Ишая Chapter 64 is part of the Book of Ишая in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Ишая Chapter 64 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from ишая
- Ишая Chapter 63
- Ишая Chapter 47
- Ишая Chapter 36
- Ишая Chapter 49
- Ишая Chapter 56
- Ишая Chapter 1
- Ишая Chapter 26