Read Нақыл сөздер Chapter 11 Online
Read Нақыл сөздер Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нақыл сөздер 11
Тарау 11
1. Жалған таразы Жаратқанға жиренішті, Адал таразы Оған ұнамдысы.
2. Менмендікке масқара серік, Кішіпейілге даналық серік.
3. Әділ жанды адалдығы жетелер, Арамзаның түбіне сұмдығы жетер.
4. Қаһарлы күнде байлықтан пайда болмайды, Ал әділдік өлімнен аман сақтайды.
5. Таза жанның әділдігі жолын түзер, Арамзаны зұлымдығы сүріндірер.
6. Әділді адалдығы құтқарар, Алдамшы ашкөздігінен ұсталар.
7. Арамза өлгенде үміті үзілер, Зұлымның күткені босқа кетер.
8. Әділ жан пәледен құтқарылар, Арамза оның орнына соған ұшырар.
9. Арсыз адам сөзімен жақынын жояр, Әділ жан түсінігімен аман қалар.
10. Әділдің амандығына қала қуанар, Зұлымның құруына мәз-мейрам болар.
11. Әділдің ақ батасымен қала өркендер, Зұлымның жалған тілінен бытырап кетер.
12. Ақылсыз көршісін келекелер, Ақылды аузына ие боп жүрер.
13. Өсек тасыған сырыңды ашар, Адал жан ісіңді құпия сақтар.
14. Жетекшіге зәру ел тозар, Кеңесшісі мол ел озар.
15. Бөтенге кепіл болған пәлеге ұшырар, Кепілдіктен бас тартқан қауіпсіз болар.
16. Сүйкімді әйел абыройға бөленер, Күш сала істеген байлықты иемденер.
17. Қайырымды өз жанына рақым табар, Қатыгез өз тәніне зиян туғызар.
18. Арамза өткінші өнім жинайды. Әділдік сепкеннің сыйы тозбайды.
19. Шын әділдік өмір сыйлар, Зұлымдыққа ұмтылған өлім табар.
20. Зымиян жаннан Жаратқан жиренер, Мінсіз жүргенге Ол сүйсінер.
21. Сөз жоқ, зұлым жан жазасын тартар, Әділдің ұрпағы аман құтылар.
22. Әдемі, алайда әдепсіз әйел заты Шошқа мұрнындағы алтын сырға сияқты.
23. Әділдің тілегені жақсылықпен бітер, Зұлымның күткені ашу-ызамен бітер.
24. Қолы ашық адам байи түсер, Тым сараң жан кедейлене түсер.
25. Жомарт жан игілікке кенелер, Басқаны сергіткен өзі де сергір.
26. Аштықта астық жасырғанды жұрт қарғар, Астығын елге сатқанға батасын жаудырар.
27. Жақсылыққа ұмтылған рақым іздеп табар, Зұлымдыққа ұмтылған зұлымдыққа тап болар.
28. Байлығына сенім артқан сүрінер, Ал әділ жан жапырақтай көгерер.
29. Отбасының берекесін кетірген дымсыз қалар, Зердесіз зерделі жанға қызмет қылар.
30. Әділ жанның жемісі өмір сыйлар ағашқа ұқсар, Зерделі жан адамдарды әділдікке тартар.
31. Әділ жан бұ дүниеде тиістісін алмақ, Зұлым мен күнәкар одан бетер жазаланбақ.
About Нақыл сөздер Chapter 11
Read Нақыл сөздер Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нақыл сөздер
Chapter: 11
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нақыл сөздер Chapter 11 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нақыл сөздер Chapter 11?
Нақыл сөздер Chapter 11 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 11 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нақыл-сөздер
- Нақыл сөздер Chapter 4
- Нақыл сөздер Chapter 30
- Нақыл сөздер Chapter 18
- Нақыл сөздер Chapter 23
- Нақыл сөздер Chapter 22
- Нақыл сөздер Chapter 1
- Нақыл сөздер Chapter 16