Мысырдан шығу Chapter 31

For English

Read Мысырдан шығу Chapter 31 Online

Read Мысырдан шығу Chapter 31 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Мысырдан шығу and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Мысырдан шығу 31

Тарау 31

1. Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:

2. — Біліп ал: Мен Яһуда руынан шыққан Һұрдың немересі, Ұри ұлы Беселиелді арнайы таңдап алдым.

3. Оны Құдай Рухына кенелтіп, оған ақыл-парасат пен қабілет дарытып, барлық өнерден хабардар етіп қойдым.

4. Оған алтын, күміс, қола бұйымдарға көркем өрнектер жасауға,

5. асыл тастарды қашап өңдеп, жиектемеге қондыруға, ағаш кесіп, жонып, оюлап әшекейлеуге және кез келген көркем өнер жұмысын істеуге қабілет бердім.

6. Мынаны да біліп ал: Мен оған Дан руынан шыққан Ахисамах ұлы Аһолияпты көмекші етіп тағайындап отырмын. Мен өзіңе тапсырғандардың барлығын жасаулары үшін күллі ақылдыларға тағы да молынан ақыл-парасат дарытамын. Сондықтан олар Мен өзіңе бұйырған мына нәрселердің бәрін жасай алады:

7. Кездесу шатырын, Келісім сандығын және оның үстіндегі қақпағын әрі киелі шатырдың барлық басқа бұйымдарын;

8. нан тартулары қойылатын үстел мен оның үстіндегі ыдыстарды, саф алтыннан жасалған шам қойғыш пен құралдарын, хош иісті заттарды түтету үстелін,

9. шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді және оған керекті құрал-саймандарды, тазару рәсіміне арналған қазан мен оның тұғырын;

10. сондай-ақ, кестеленіп тоқылған киімдерді: діни қызметкер Һаронның арнайы киімдерін және оның ұлдары діни қызмет атқарғанда киіп жүретін киімдерді,

11. тағайындау рәсімінде қолданылатын майды және киелі орынға арналған хош иісті түтету заттарын. Шеберлер бұлардың бәрін Мен өзіңе бұйырғандай етіп жасайтын болады.

12. Жаратқан Ие Мұсаға былай деп те тапсырды:

13. — Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Менің демалыс күні туралы ережелерімді сақтаңдар! Себебі бұл — бүкіл келешек ұрпақтарың үшін Менімен сендердің араларыңда жасалған Келісімнің белгісі. Ол арқылы Менің сендерді жалғыз Өзіме бағыштап қасиетті еткен Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.

14. Сонымен демалыс күнін сақтаңдар, ол сендер үшін қасиетті күн. Оны қорлаған әркім өлтірілуге тиіс. Демалыс күні жұмыс істеген адам өз халқының арасынан аластатылуы қажет.

15. Аптасына алты күн бойы жұмыс істеулеріңе болады, ал жетінші күн — Жаратқан Иеге бағышталған демалыс, сол күні тынығыңдар! Кімде-кім жетінші күні жұмыс істейтін болса, сол өлтірілуге тиіс.

16. Исраилдің үрім-бұтағы демалыс күнін сақтап, келешек ұрпақтары да оны тұрақты Келісім ретінде орындай берсін!

17. Бұл мәңгі бақи Менімен Исраил халқы арасында жасалған Келісімнің белгісі болмақ! Себебі Жаратқан Ие алты күн ішінде аспан мен жерді жаратып, жетінші күні демалып тынықты.

18. Жаратқан Ие Синай тауының басында Мұсаға арнаған сөзін бітіргеннен кейін оған өз қолымен Келісімнің ережелерін жазған екі тас тақташаны табыс етті.

About Мысырдан шығу Chapter 31

Read Мысырдан шығу Chapter 31 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Мысырдан шығу
Chapter: 31
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Мысырдан шығу. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Мысырдан шығу Chapter 31 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Мысырдан шығу Chapter 31?

Мысырдан шығу Chapter 31 is part of the Book of Мысырдан шығу in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Мысырдан шығу Chapter 31 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from мысырдан шығу

  1. Мысырдан шығу Chapter 3
  2. Мысырдан шығу Chapter 9
  3. Мысырдан шығу Chapter 24
  4. Мысырдан шығу Chapter 32
  5. Мысырдан шығу Chapter 4
  6. Мысырдан шығу Chapter 7
  7. Мысырдан шығу Chapter 16

Related Chapters & Readings

  1. Руларды санау Chapter 36
  2. Еремия Chapter 44
  3. Римдіктерге Chapter 14
  4. Нақыл сөздер Chapter 2
  5. Ешуа Chapter 23
  6. Руларды санау Chapter 2
  7. Еремия Chapter 38
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *