Read Әйүп Chapter 27 Online
Read Әйүп Chapter 27 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Әйүп 27
Тарау 27
1. Әйүп сөзін жалғастырып былай деді:
2. — Менің құқығымды алып қойған мәңгі тірі Құдайдың алдындағы шын сөзім, иә, жан дүниемді ренішке кенелткен құдіреті шексіз Тәңірдің алдындағы шын сөзім:
3. Кеудемде жаным болғанша, Құдай маған тыныс алуға мұрша бергенше,
4. аузымнан еш өтірік шықпасын, тілім де ешбір жалған сөз айтпасын!
5. «Сендердікі дұрыс» деп ешқашан мойындамаспын, өле-өлгенше өзімнің адалдығымнан бас тартпаспын!
6. Иә, мен әділдігімді мықтап ұстанып, одан айырылмаспын, өмірімнің ешбір күні үшін ар-ұжданымда өкініш сезінбеспін.
7. Дұшпандарым зұлымдардың жазасын тартсын, қарсыластарым заңсыздардың көретіндерін көрсін!
8. Өйткені арсыздың артатын қандай үміті қалар еді? Құдай көзін құртып, жанын алады емес пе?!
9. Басына қиындық түскенде, Құдай оның жалбарынған үніне ден қоя ма?
10. Әлде ол құдіреті шексіз Тәңірге риза болып, Құдайға әрдайым сиынатын бола ма?
11. Мен сендерге Құдайдың іс-әрекеті жайлы тәлім бермекпін, құдіреті шексіз Тәңір туралы білімді жасырмаймын.
12. Ал мұның бәрін өздерің де көріп отырсыңдар, сонда осы мәнсіз әңгіме неге керек?
13. Құдайдың зұлым адамға белгілеген тағдыры, әрі құдіреті шексіз Тәңірдің зорлықшылға бұйырған «мұрасы» мынау:
14. Олардың балалары көп болса да, семсерден өледі және ұрпақтары аштықтан жапа шегеді.
15. Осылардан аман қалса, індеттен көз жұмады. Арттарында қалған жесірлері жоқтау да айтпай қояды.
16. Зұлымдар күмісті шаңдай мол үйіп алып, киімді балшықтай сірестіріп молынан жинайды.
17. Алайда соның пайдасы бәрібір әділдерге тиетін болады, күнәсіздер сол күмісті бөлісіп алады.
18. Зұлымдардың салған үйлері өрмекшінің өрмегіндей әлсіз болады. Олар егістік күзетшісінің бұтақшалардан жасаған күркесіне ұқсайды.
19. Зұлымдар төсекке жатарда бай еді, бірақ енді қайтып олай болмайды. Олар көздерін ашып, ұйқыдан тұрса, байлығынан түк те қалмапты.
20. Қорқыныш олардың басына топан судай қаптап, түнгі дауыл оларды іліп алып кетеді.
21. Шығыстан соққан күшті боран көтеріп әкеткенде, құдайсыздар ғайып болады. Құйын оларды өз орындарынан алып кетеді.
22. Күшті дауыл зұлымдарға аяусыз шүйіліп, олар оның құдіретінен бас сауғалай қашады.
23. Жұрт оларды мазақ қылып, қолдарын шапалақтап, орындарынан ысқырады.
About Әйүп Chapter 27
Read Әйүп Chapter 27 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Әйүп
Chapter: 27
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Әйүп Chapter 27 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Әйүп Chapter 27?
Әйүп Chapter 27 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 27 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from әйүп
- Әйүп Chapter 12
- Әйүп Chapter 2
- Әйүп Chapter 10
- Әйүп Chapter 33
- Әйүп Chapter 17
- Әйүп Chapter 35
- Әйүп Chapter 26
Explore More from Ескі өсиет
- Езекиел Chapter 14
- Патшалықтар 3-ж Chapter 9
- Еремия Chapter 24
- Шежірелер 2-ж Chapter 36
- Жаратылыстың бастауы Chapter 3
- Ишая Chapter 62
- Заңды қайталау Chapter 19