Зәкәрия Chapter 1

For English

Read Зәкәрия Chapter 1 Online

Read Зәкәрия Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Зәкәрия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Зәкәрия 1

Тарау 1

1. Дарийдің (парсы патшалығына билік жүргізген) екінші жылының сегізінші айында Жаратқан Ие Барақияхтың ұлы, Иддоның немересі Зәкәрия пайғамбарға сөзін арнап былай деді:

2. — Мен, Жаратқан Ие, сендердің ата-бабаларыңа қатты ашуланған едім.

3. Сондықтан халыққа былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер! Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. —

4. Ата-бабаларың сияқты болмаңдар! Ежелгі пайғамбарлар оларға былай деп дауыстап ескертетін: «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Зұлым жолдарыңнан қайтып, сұмдық істеріңді тастаңдар!» Алайда ата-бабаларың Маған құлақ салып, тыңдаудан бас тартты, — деп сақтандырады Жаратқан Ие. —

5. Сол ата-бабаларың қазір қайда екен? Ежелгі пайғамбарлар да мәңгі өмір сүрген жоқ.

6. Алайда Менің Өзіме қызмет етіп жүрген пайғамбарларым арқылы жеткізген сөздерім мен шешімдерім ата-бабаларыңның бастарына түсті ғой! Сонда олар теріс жолдарынан қайтып: «Әлемнің Иесі бізге жүрген жолдарымыз бен істеген істерімізге сай істеді. Ол қалай ниеттеніп, алдын ала айтқан болса, солай істеді», — деп мойындады.

7. Персияға Дарий патшалық құрған екінші жылының он бірінші, яғни шебат, айының жиырма төртінші күні Жаратқан Ие Барақияхтың ұлы, Иддоның немересі Зәкәрия пайғамбарға тағы да сөзін арнады. (Бұл туралы Зәкәрия былай деп баяндады:)

8. Түнде мен жирен атқа мінген бір адамды көрдім. Ол аңғардағы жасыл бұталардың арасында тұр екен. Оның артында жирен, торы және ақбоз аттарға мінгендер болды.

9. Сонда мен: — Мырзам, бұл не екен? — деп сұрадым. Менімен сөйлесіп тұрған періште маған: — Оның не екенін саған көрсетемін, — деді.

10. Сонда жасыл бұталардың арасында тұрған салт атты: — Бұлар Жаратқан Иенің жер бетін шолып келуге жіберген шолғыншылары, — деп жауап берді.

11. Салт аттылар Жаратқан Иенің жасыл бұталардың арасында тұрған періштесіне: «Біз күллі жер бетін шолып шықтық. Бүкіл жер беті тыныш та бейқам тұрып жатыр», — деп баяндады.

12. Осыдан кейін Жаратқан Иенің періштесі: «Уа, Әлемнің Иесі, осы өткен жетпіс жыл бойы Сен Иерусалимге және Яһуда елінің басқа қалаларына қаһарланып келдің. Қашанға дейін оларға рақымыңды көрсетуден бас тартпақсың?» — деп өтінді.

13. Сонда Жаратқан Ие менімен сөйлесіп тұрған періштеге мейірімді де жұбанышты сөздермен жауап қатты.

14. Әлгі періште маған бұрылып, былай деді: — Сен мына хабарды жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Мен Иерусалим қаласын және Сион тауын зор ынтызарлықпен сүйемін.

15. Ал бейқам тұрып жатқан сол елдерге қатты ашулымын. Себебі Мен халқыма едәуір ашуланған кезде олар оған тым көп зорлық-зомбылық жасады. —

16. Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: — Мен Иерусалимге мейірімімді төгу үшін қайтып келе жатырмын. Осы қалада Менің киелі үйім қайтадан салынып, құрылысшылар өлшеуіш жіптерін тартатын болады». — Әлемнің Иесі осыны уәде етеді.

17. Тағы былай деп те жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Менің қалаларым қайтадан ағыл-тегіл дәулетке кенеледі. Мен, Жаратқан Ие, тағы да Сионды жұбатып, Иерусалимді Өзімнің қалам деп таңдап аламын».

18. Мұнан кейін мен жоғары қарағанда, көз алдымда тұрған төрт мүйізді көрдім.

19. Өзіммен сөйлескен періштеден: — Мыналар не? — деп сұрадым. Ол маған: — Бұл мүйіздер Яһуданы, Солтүстік Исраилді және Иерусалимді бытыратып жіберген күшті елдерді білдіреді, — деп түсіндірді.

20. Содан соң Жаратқан Ие маған төрт ұстаны көрсетті.

21. Мен: — Мына ұсталар не істейін деп жатыр? — деп сұрадым. Періште былай деп жауап берді: — Әлгі мүйіз іспетті күшті елдер Яһуда халқын ешкім бас көтере алмайтындай етіп бытыратып жіберген еді. Бірақ мына ұсталар сол елдерді қорқытып, жерге құлатып құрту үшін келді.

About Зәкәрия Chapter 1

Read Зәкәрия Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Зәкәрия
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Зәкәрия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Зәкәрия Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Зәкәрия Chapter 1?

Зәкәрия Chapter 1 is part of the Book of Зәкәрия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Зәкәрия Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from зәкәрия

  1. Зәкәрия Chapter 5
  2. Зәкәрия Chapter 11
  3. Зәкәрия Chapter 13
  4. Зәкәрия Chapter 4
  5. Зәкәрия Chapter 8
  6. Зәкәрия Chapter 10
  7. Зәкәрия Chapter 7

Related Chapters & Readings

  1. Ишая Chapter 25
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 21
  3. Забур жырлары Chapter 33
  4. Забур жырлары Chapter 111
  5. Езра Chapter 10
  6. 2 Қорынттықтарга Chapter 3
  7. Патшалықтар 4-ж Chapter 13
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *