Софония Chapter 3

For English

Read Софония Chapter 3 Online

Read Софония Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Софония in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Софония and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Софония 3

Тарау 3

1. Қанаушылардың мойынсұнбас, қыңыр әрі арамданған қаласы қасіретке қалады!

2. Ол ешкімді тыңдамай, ешкімнен ескерту қабылдамайды. Қала Жаратқан Иеге сенім артпайды, өз Құдайына жақындамайды!

3. Оның әміршілері ақырған арыстандай, төрешілері аш қасқырдай. Олар кешке жортуылға шығып, таң атқанша жемтігінің ештеңесін де қалдырмайды.

4. Қаланың пайғамбарлары менмен де сатқын жандар. Діни қызметкерлері киелі орынды арамдап, Таурат заңын бұзып аяққа басады.

5. Иерусалимді мекендейтін Жаратқан Ие әділ, Ол әділетсіз еш нәрсе істемейді. Таң атқан сайын Ол әділдікті жүзеге асырып, әрбір жаңа күн сайын сонысын тоқтатпайды. Бірақ әділетсіздер ұят дегенді білмейді.

6. (Жаратқан Ие тағы мынаны айтады:) «Мен халықтарды қырдым, олардың бекіністі қалаларын бұздым. Көшелерін қаңыраттым, олармен жүретін ешкім де қалмады. Қалалары қираған, адамдары жоқ, тіпті бірде-бір тұрғыны қалмаған.

7. Мен қалаға былай дегенмін: Сен Мені сөзсіз қастерлеп, ескертуімді қабылдайтын боласың. Солай істеген болса, ол қирамай, Менің бірде-бір жазама ұшырамаған болар еді. Бірақ олар бәрібір баяғы зұлым істерін бұрынғысынан бетер жалғастыра беруге әуестенді.

8. Сондықтан Менің орнымнан тұрып, осы халықты айыптайтын күнімді күтіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Мен халықтар мен патшалықтарды жинап, оларға ашу-ызамды төгіп, лаулаған қаһарымды лап еткізуді шештім. Сол кезде бүкіл дүние Менің қаһарымның отына шалынып, жанып кетеді».

9. «Сонда Мен адамдардың еріндерін тазартып, олардың бәрі Жаратқан Иенің атын атап сиынып, Оған бірге ғибадат ететін болады.

10. Құш еліндегі өзендердің арғы жағынан Маған сиынып ғибадат ететіндер — Менің шашырап кеткен халқым сый-тартулар әкелетін болады.

11. Сол күні сен (Иерусалим) Маған қарсы бас көтеріп жасаған бүкіл опасыз істерің үшін тағы да масқараға ұшырамайсың. Себебі Мен қаланың ішінен өркөкірек паңдардың барлығын аластатамын. Енді қайтып Менің киелі тауымда кеуде көтермейсің.

12. Қайта, сендердің араларыңда Жаратқан Иенің есіміне сенім артқан қарапайым да кішіпейіл халықты қалдырамын.

13. Исраил халқынан аман қалғандар бұдан былай жамандық істемейді, өтірік те айтпайды. Олардың ауыздарынан жалғандық шықпайтын болады. Олар ішіп-жеп, алаңсыз тынығады, өйткені қорқытатын жаулары болмайды».

14. Уа, Сион халқы, ән-жырыңды айта берші! Қуана айқайлашы, уа, Исраил! Шын жүректен қуанып-шаттан, Иерусалим халқы!

15. Жаратқан Ие сенің үкіміңнің күшін жойып, жауыңды кері қайтарды. Исраилдің Патшасы Жаратқан Ие араңда тұр, Ол саған жар! Енді қайтып пәледен қорықпайсың.

16. Сол күні Иерусалимге былай деп жарияланатын болады: «Қорықпа, Сион, қолыңнан күш таймасын!

17. Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».

18. «Тағайындалған мейрамдарға өздері қатыса алмағандары үшін қайғыланған адамдарды енді жинаймын. Сенікі болған олар бір кезде жаудың олжасына айналып, сен масқараға ұшыраған едің.

19. Болашақ кезде Мен саған қысым көрсеткендерді де қолға алып, барлығын жазалаймын. Ақсақ адамдарыңды құтқарып, шашырап кеткендеріңді жинап аламын. Масқара болған елдерінде енді оларға даңқ пен мадақ сыйлаймын.

20. Мен сендерді жинағанда ата мекендеріңе бастап алып келемін. Өз көз алдарыңда сендерді тағы да игілікке кенелтіп, жер бетіндегі барлық халықтардың алдында атақ-даңққа бөлеймін». — Жаратқан Ие осыны уәде етеді.

About Софония Chapter 3

Read Софония Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Софония in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Софония
Chapter: 3
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Софония. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Софония Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Софония Chapter 3?

Софония Chapter 3 is part of the Book of Софония in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Софония Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from софония

  1. Софония Chapter 2
  2. Софония Chapter 1
  3. Софония Chapter 2
  4. Софония Chapter 1
  5. Софония Chapter 1
  6. Софония Chapter 3
  7. Софония Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Заңды қайталау Chapter 25
  2. Еремия Chapter 36
  3. 1 Тімотеге Chapter 5
  4. Езекиел Chapter 41
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 8
  6. Шежірелер 1-ж Chapter 14
  7. Ешуа Chapter 6
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *