Езекиел Chapter 18

For English

Read Езекиел Chapter 18 Online

Read Езекиел Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езекиел and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Езекиел 18

Тарау 18

1. Кейінірек Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:

2. «Сендер «Қышқыл жүзімді көп жеген — аталары, ал тістері қамалған — балалары» деген нақыл сөзді Исраил еліне байланысты қандай мақсатпен айтасыңдар?

3. Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: сендер Исраилде бұл нақылды енді қайтып айтпайтын боласыңдар.

4. Біліп қойыңдар: Әкесі болсын, баласы болсын, әрбір тірі жан Менікі! Күнә жасаған адамның өзі өлуге тиіс.

5. Айталық, бір әділ адам игі де әділ іс-әрекет істейді дейік.

6. Ол биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жемейді де, Исраил халқы табынатын жалған тәңірлерге сиынбайды да. Ол өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзбайды, етеккірі келіп жүрген әйелімен де жақындаспайды.

7. Сондай әділ адам ешкімге қысым көрсетпей, жарлыға берген қарызы үшін кепілдікке алғанын қайтарып бере салады. Ол ешкімді тонамайды, қайта, ашқа тамақ, жалаңашқа киім береді.

8. Әділ адам бейшараға берген қарызы үшін не өсім, не үстеме алмайды, жамандық істеуден бойын аулақ ұстайды, екі адамның арасындағы дауды әділдікпен шешеді.

9. Демек, ол Менің ережелеріме мойынсұнып, заңдарымды сенімділікпен ұстанады. Мұндай адам — әділ жан, ол сөзсіз өмір сүретін болады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие осыларды нық айтамын.

10. Алайда оның бұзық баласы бар дейік. Осы жас жігіт кісі тонап, қан төгеді, сол сияқты басқа да зұлым істер істейді екен.

11. Әкесі бұлардың ешқайсысын істеп көрмеген болса да, оның ұлы аталған күнәларына қоса биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жейді, әрі өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзады.

12. Сондай-ақ ол кедейлер мен мұқтаждарға қысым көрсетіп, адамдарды тонайды, жарлыға берген қарызы үшін кепілдікке алғанын қайтармайды. Жалған тәңірлерге сиынып, өзге де жексұрын күнәлар жасайды,

13. бейшараға берген қарызы үшін өсім мен үстеме алады дейік. Осындай адамның өмір сүре беруіне бола ма? Жоқ, болмайды! Жасаған жеркенішті күнәларының кесірінен ол ақырында сөзсіз өлтіріліп, кінәсі өз мойнында болады.

14. Айталық, осы жігіттің өз ұлы бар дейік. Ұлы әкесінің жасап жүрген күнәларын көріп жүрсе де, өзі соларын қайталамайды.

15. Ол не биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жемейді, не Исраил халқы табынатын жалған тәңірлерге сиынбайды, не өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзбайды.

16. Осы әділ жас ешкімге қысым көрсетпей, жарлыға берген қарызы үшін алған кепілдігін қайтарып бере салады, ешкімді тонамайды, қайта, ашқа тамақ, жалаңашқа киім береді.

17. Ол бейшараға жамандық істеуден бойын аулақ ұстайды, берген қарызы үшін не өсім, не үстеме алмайды. Сөйтіп ол Менің заңдарымды ұстанып, ережелеріме мойынсұнады. Мұндай адам әкесінің күнәлары үшін өлімге кесілмейді, керісінше, ол сөзсіз өмір сүретін болады.

18. Ал оның әкесі өз күнәларының кесірінен өлуге тиіс, себебі ол басқаларға қысым көрсетіп, елдесін тонап, өз халқының арасында түрлі әділетсіз істер істеп жүрді.

19. Алайда сендер: «Баласы әкесінің кінәсі үшін неге айыпталмайды?» деп сұрайсыңдар. Мұның себебі — баласының істері игі де әділ болып, Менің барлық ережелерімді мұқият сақтағандығы. Сондықтан ол сөзсіз өмір сүретін болады.

20. Күнә жасаған жанның өзі соның жазасын тартып өлуге тиіс. Баласы әкесінің кінәсі үшін, әкесі де баласының кінәсі үшін жазаланбайды. Әділдің ізгі іс-әрекеті өзіне жақсылыққа саналады, әрі зұлымның арам іс-әрекеті өз мойнына артылады.

21. Ал егер зұлым адам тәубеге келіп, жасап жүрген барлық күнәларынан бас тартса, әрі Менің ережелерімді ұстанып, игі де әділ іс-әрекет істейтін болса, ол өлімге кесілмей, сөзсіз өмір сүре беретін болады.

22. Сонда оның бұрын жасаған әділетсіз қылықтарының ешқайсысы оған қарсы ескерілмейді. Істеген әділ істері үшін ол өмір сүре беретін болады.

23. Әлде Мені зұлым адамның өліміне қуанады деп ойлайсыңдар ма? Керісінше, Мен оның теріс жолынан қайтып, тірі қалып өмір сүре бергеніне қуанамын!» Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.

24. Ал егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, күнә жасайтын болса, әрі зұлым адам сияқты жексұрын істер істеуге кіріссе, оның өмір сүре беруіне бола ма? Жоқ, оның бұрын істеген әділ істерінің ешқайсысы да енді ескерілмейді. Сол адам опасыз болып, күнә жасағаны үшін өлімге кесілуге тиіс.

25. Ал сендер: «Жаратқан Иенің осылай шешкені дұрыс емес!» деп шағымданасыңдар. Тыңдаңдаршы, уа, Исраил халқы: Менің осылай шешкенім дұрыс емес пе? Әлде сендердің өз шешімдерің дұрыс емес пе?

26. Егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, күнә жасайтын болса, ол сонысы үшін өлімге кесіледі. Жасаған күнәларының зардабын тартып ол өлімге душар болады.

27. Ал егер зұлым адам істеп жүрген арам істерінен бас тартып, игі де әділ істерді істейтін болса, ол өз өмірін сақтап қалады.

28. Өзінің бұрын істеген барлық зұлым қылықтарына өкініп, солардан бас тартқандықтан, ол өлімге кесілмей, сөзсіз өмір сүретін болады.

29. Сонда да Исраил халқы: «Жаратқан Иенің осылай шешкені дұрыс емес!» деп шағымданады. Менің осылай шешкенім дұрыс емес пе, уа, Исраил халқы? Әлде сендердің өз шешімдерің дұрыс емес пе?

30. Сондықтан, уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа өз іс-әрекеттеріңе сәйкес үкім шығарамын! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Бұрын істеген барлық зұлым қылықтарыңа өкініп, солардан бас тартыңдар! Сонда сендер өмір жолдарыңда әділетсіз іс істеп сүрініп құламайсыңдар.

31. Істеп келген барлық зұлым қылықтарыңды тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты иемденіңдер! Әйтпесе сендерге өліп не бар, уа, Исраил халқы?

32. Өйткені Мен ешкімнің де өлімін қаламаймын. Сондықтан өкініп, теріс жолдарыңнан қайтып, өмір сүре беріңдер! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын.

About Езекиел Chapter 18

Read Езекиел Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Езекиел
Chapter: 18
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езекиел. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Езекиел Chapter 18 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Езекиел Chapter 18?

Езекиел Chapter 18 is part of the Book of Езекиел in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Езекиел Chapter 18 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from езекиел

  1. Езекиел Chapter 37
  2. Езекиел Chapter 24
  3. Езекиел Chapter 7
  4. Езекиел Chapter 44
  5. Езекиел Chapter 36
  6. Езекиел Chapter 33
  7. Езекиел Chapter 32

Explore More from Ескі өсиет

  1. Руларды санау Chapter 20
  2. Даниял Chapter 8
  3. Ишая Chapter 21
  4. Забур жырлары Chapter 25
  5. Забур жырлары Chapter 79
  6. Малақай Chapter 4
  7. Патшалықтар 4-ж Chapter 12

Related Chapters & Readings

  1. Ошия Chapter 1
  2. Даниял Chapter 10
  3. Заңды қайталау Chapter 3
  4. 1 Петірдің Chapter 1
  5. 2 Қорынттықтарга Chapter 1
  6. Римдіктерге Chapter 12
  7. Патшалықтар 2-ж Chapter 22
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *