Әйүп Chapter 30

For English

Read Әйүп Chapter 30 Online

Read Әйүп Chapter 30 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 30

Тарау 30

1. Бірақ жастары өзімнен кіші мына жігіттер енді мені мазақ қылып жүр. Олардың әкелеріне мен малымды бағатын иттердің жұмысын да сеніп тапсырмас едім.

2. Сол шалдардың қолдарының күшінен маған не пайда? Олар күш-қуаттарынан айырылғандар ғой.

3. Жоқшылық пен аштықтан әлсіреген олар түнде құла түздегі шөп тамырларын кеміріп шарлайтын.

4. Бұталардың түбінен көк шөп теріп, жыңғылдың тамырын да тамаққа пайдаланатын.

5. Олар адамдардың арасынан қуылып, жұрт оларды ұрылардай көріп айқайлайтын.

6. Содан олар жылғалардың арнасын, жердегі шұңқырларды, жартастағы үңгірлерді паналайтын.

7. Қалың нудың арасындағы аңдардай ақырып, тікенді бұталар астында жиналып отыратын.

8. Бұлар — тегі жоқ ақымақтар, жұрт оларды елден қамшылап айдап шыққан.

9. Ал енді сондайлар мені келекелеп ән салып, мен олардың мазағына айналдым.

10. Олар менен жиреніп, аулақ жүреді, ал бетіме түкіруден еш тартынбайды!

11. Құдай мені күш-қуатымнан айырып, азапқа ұшыратқандықтан, олар жүгенсіздіктерін көз алдымда ашық жасайды.

12. Сол сойқандар топтасып, маған бас салады, аяғымнан шалып құлатып, арам істерін маған қарсы бағыттайды.

13. Олар жүретін жолымды талқандайды. «Оның қолдаушысы жоқ!» деп мені құртуға қатты тырмысады.

14. Кең ойық арқылы басып кіргендей, олар қатты шулап маған ентелеп тап береді.

15. Қорқыныш маған шүйіліп, абырой-дәрежем жел қуғандай жоғалып, бақ-дәулетім бұлттай сейіліп жоқ болып кетті.

16. Ал енді өмірім өшейін деп жатыр, басыма қиын-қыстау күндер түсті.

17. Түнде сүйектерім сырқырап, көріп жүрген азабым бір тыншымайды.

18. Құдай зор құдіретімен киімімнен ұстап алып, шапанымның жағасын қылғындыра сығымдайды.

19. Ол мені балшыққа лақтырып тастады. Шаң-тозаң сияқты пайдасыз болып қалдым.

20. Уа, Құдай, Саған жалбарына сиынсам да, маған жауап бермейсің. Алдыңда тұрсам да, мән бермей, маған қарап отыра бересің.

21. Маған тым қатал болып кеттің, мені құдіретті қолыңмен қудалап отырсың.

22. Құйынның ішіне мені лақтырып, ұшырасың, осылайша найзағай мен дауылда қырып-жоясың.

23. Сөйтіп Сенің жанымды алып, бар тіршілік иелерінің баратын жеріне мені де аттандыратыныңды білемін.

24. Ал азап шегіп, жалбарынып жатқан бейшараға ешкім де қолын көтермейтін еді ғой!

25. Бірақ мен қайғы-қасірет көріп жүргендерге жанашыр болған жоқпын ба?! Жарлыларды аяп қайғырған жоқ па едім?!

26. Әйтсе де өзім жақсыдан үміттеніп отырғанда жамандыққа ұшырадым, жарықты күткенімде айналамды түнек басты!

27. Жан дүнием азан-қазан болып, еш тыншымайды, басыма қиын-қыстау күндер туды.

28. Жан дүнием күннің нұрын көрмей, қараңғыда жүр. Жамағаттың жиынында орнымнан тұрып, көмек сұрап қатты жалынамын.

29. Бірақ олар мені шибөрі мен түйеқұстың серігі деп санайды.

30. Терім қарайып, тілініп кетті. Бүкіл денем безгектен күйіп тұр.

31. Жетігенім қайғылы әуенге, сыбызғым жоқтау күйіне ғана келтірілген.

About Әйүп Chapter 30

Read Әйүп Chapter 30 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 30
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 30 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 30?

Әйүп Chapter 30 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 30 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 10
  2. Әйүп Chapter 26
  3. Әйүп Chapter 12
  4. Әйүп Chapter 17
  5. Әйүп Chapter 2
  6. Әйүп Chapter 42
  7. Әйүп Chapter 33

Explore More from Ескі өсиет

  1. Мысырдан шығу Chapter 21
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 15
  3. Ишая Chapter 15
  4. Нақыл сөздер Chapter 22
  5. Забур жырлары Chapter 120
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 27
  7. Забур жырлары Chapter 72

Related Chapters & Readings

  1. Мысырдан шығу Chapter 28
  2. Ошия Chapter 4
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 48
  4. Амос Chapter 3
  5. Ошия Chapter 8
  6. Еремия Chapter 33
  7. Заңды қайталау Chapter 18
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *