Read Забур жырлары Chapter 144 Online
Read Забур жырлары Chapter 144 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 144
Тарау 144
1. Даңқталсын құздай нық қорғаным — Жаратқан! Қолдарымды соғысқа Ол жаттықтырған, Саусақтарымды шайқасқа дайындаған.
2. Ол — рақымның қайнары әрі қамалым, Мықты мұнарам әрі құтқарушым, Қалқандай қорғаушым әрі баспанам, Халқымды Ол билігіме тапсырған.
3. Уа, Ием, Сен ескеретіндей адам сонша кім, Өзің қамқорлайтындай адам баласы кім?
4. Алған деміне ғана ұқсайды адам, Өткен көлеңкедей күндері қысқарған.
5. Көкті қақ жарып, уа, Ием, төменге түсші, Түтін шықсын деп тауларға қол тигізші,
6. Найзағай жарқылдатып, жауды шашыратшы, Жебелер атқылап оларды қиратшы,
7. Қолыңды көктен созып мені құтқаршы, Топан судай мол жат жұрттан азат қылшы,
8. Өтірікке лық толған өз ауыздары, Алдамшы да олардың берген анттары.
9. Уа, Құдай, Өзіңе жаңа ән саламын, Он ішекті жетігенмен күй тартамын.
10. Патшаларға Сен жеңісті сыйлайсың, Қызметшің Дәуітті аман сақтайсың.
11. Ажалды семсерден мені құтқаршы, Жат жұрттың қолынан азат қылшы, Өтірікке лық толған өз ауыздары, Алдамшы да олардың берген анттары.
12. Жастық шақтан өсіре гөр ұлдарымызды Жақсы өңделген дала дақылдары сықылды, Қыздарымыз болсын безендірген сарайдағы Әсемдеп өрнектелген бағана сияқты.
13. Қоймамыз лайым толы бола берсін Алуан түрімен азық-түліктің, Малдарымыз мың-мыңдап көбейсін, Жайылымда оң мыңдап молайсын,
14. Өгіздеріміз ауыр жүктен арылмасын, Қамалдарымыз ешқашан жарылмасын, Ешбір жау бізді тұтқынға айдамасын, Көшеде зар жылаған дауыс шықпасын!
15. Осындай тілектері іске асқан Әрбір халық қандай жарылқанған! Құдайы — Жаратқан Иеге сиынған Әрбір халық қандай жарылқанған!
About Забур жырлары Chapter 144
Read Забур жырлары Chapter 144 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 144
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 144 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 144?
Забур жырлары Chapter 144 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 144 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 45
- Забур жырлары Chapter 129
- Забур жырлары Chapter 94
- Забур жырлары Chapter 106
- Забур жырлары Chapter 40
- Забур жырлары Chapter 143
- Забур жырлары Chapter 17