Read Ишая Chapter 38 Online
Read Ишая Chapter 38 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ишая and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Ишая 38
Тарау 38
1. Сол күндері Езекия қатты науқастанып, өлім аузында жатты. Амос ұлы Ишая пайғамбар оған келіп, былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Үй ішіңе соңғы өсиеттеріңді беріп, істеріңді аяқта! Себебі бұл аурудан жазылмай, қайтыс боласың».
2. Содан Езекия бетін қабырғаға қарай бұрып, Жаратқан Иеге сиынып:
3. «Уа, Жаратқан Ие! Сенің көз алдыңда ізгі жолыңмен жүріп, шын жүректен әділ істер істеп келгенімді ескере көрші!» — деді. Мұнан кейін Езекия қатты жылады.
4. Сонда Жаратқан Ие Ишаяға сөзін арнап былай деді:
5. «Езекияға барып, былай де: Түп атаң Дәуіттің сиынған Құдайы Жаратқан Ие саған мынаны айтады: Сенің мінажатыңды естіп, көз жасыңды көрдім. Біліп ал, сенің өміріңе тағы он бес жыл қосамын.
6. Мен өзіңді және мына қаланы Ассур патшасының қолынан құтқарып, қаланы қорғап қаламын!
7. Жаратқан Иенің Өзінің уәде еткенін іске асыратындығының саған арнаған белгісі мынау болмақ:
8. Жаратқан Ие Ахаз патша салғызған баспалдақтың үстімен көлеңкені он қадам кері жылжытады». — Сонда көлеңке шынымен он қадам кері жылжыды!
9. Яһуда патшасы Езекия науқасынан сауығып кеткеннен кейін (Жаратқан Иені мадақтаған мына жырын) жазып қалдырды.
10. Былай дедім: Өмірімнің ортасындамын, Бірақ енді о дүниеге аттанамын, Сөйтіп соңғы жылдарымнан ада қаламын!
11. Осылай тіршілік әлемінде ешқашан Жаратқанның көз алдына бара алмаймын, Һәм адамдарды бұ дүниеде тұратын Енді қайтып еш көрмеймін деп ойладым.
12. Өмірім қойшының қосындай жиылады, Біржола өзімнен тартылып алынады. Сонда ғұмырым менің шиыршықталады, Әрі тоқылған матадай қиылады, Ымырт жабыла ол тез аяқталады.
13. Таң атқанға дейін мен төзіп шыдадым, Арыстан сүйегімді сындырғандай ауырдым, Ымыртта жанымды аласың деп ойладым.
14. Қарлығаш не шымшықтай шырылдадым, Гүрлеген көгершіндей аһыладым. Ұдайы аспанға қарап талды көзім, Азаптан мені құтқаршы, уа, Тәңірім!
15. Енді не айтайын? Ол маған сөйледі: Иемнің Өзі маған мұны жіберді. Абайлап өткізем бар келер кезімді, Шеккен қасіретім мені ескертеді.
16. Уа, Ием, тәртібіңмен өмір кешемін, Жаңартылды осылайша рухым менің. Сен мені сауықтырып, өмір сүргіздің.
17. Зор қайғы шеккенім игі болды маған! Сен алып қалдың мені өлім аузынан, Күнәмді лақтырдың асыра арқаңнан.
18. Өлілер Сені мадақтамайтын шығар, Өлім де Саған мақтау айтпайтын болар, Дүние салғандар үміт артпайтын шығар,
19. Саған шүкірлік айтады тек тірілері. Мен адалдығыңды мақтаймын бұл күндері, Балаларына ол жайлы айтады әкелері.
20. Жаратқан Ие мені сақтап қалды аман, Оның киелі үйінде біз шат-шадыман Ән-жыр айтамыз ішекті аспаппен әрқашан!
21. Бұрынырақ Ишая пайғамбар патшаның қызметкерлеріне: «Інжір жемістерінен шелпек алып келіңдер! — деп тапсырған болатын. — Соны шиқаның үстіне қойғаннан кейін патша айығып кетеді». —
22. Сол кезде Езекия: «Мен Жаратқан Иенің үйіне қайтадан көтеріліп бара алатыным жайлы алдын ала берілетін белгі не болады?» — деп сұраған еді.
About Ишая Chapter 38
Read Ишая Chapter 38 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Ишая
Chapter: 38
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ишая. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Ишая Chapter 38 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Ишая Chapter 38?
Ишая Chapter 38 is part of the Book of Ишая in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Ишая Chapter 38 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from ишая
- Ишая Chapter 12
- Ишая Chapter 9
- Ишая Chapter 2
- Ишая Chapter 66
- Ишая Chapter 57
- Ишая Chapter 13
- Ишая Chapter 32