Заңды қайталау Chapter 6

For English

Read Заңды қайталау Chapter 6 Online

Read Заңды қайталау Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Заңды қайталау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Заңды қайталау 6

Тарау 6

1. Құдайымыз Жаратқан Иенің маған сендерге үйретуге бұйырған өсиеттері, ережелері және шешімдері, міне, осылар. Сендер өзеннен өтіп кіріп, иемденгелі тұрған елде оларды орындауларың қажет.

2. Өздерің де, балаларың мен немерелерің де Құдайларың Жаратқан Иені терең қастерлеп, қазір мен өздеріңе тапсырып отырған Оның барлық ережелері мен өсиеттерін өмір бойы сақтап орындауға тиіссіңдер. Сонда өмір жастарың ұзақ болады.

3. Сонымен, уа, Исраил халқы, сөздеріме құлақ салып, оларды мұқият орындайтын бол! Сонда ағы мен балы ағыл-тегіл елде игілікті өмір сүріп, молынан өсіп-өнетін боласың. Ата-бабаларың сиынған Құдай Ие мұны саған уәде етті.

4. Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай!

5. Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен сүй!

6. Бүгін Мен өздеріңе тапсырып отырған осы сөздер жүректеріңнен тұрақты орын алсын!

7. Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар!

8. Бұл сөздер қолдарыңа байланған белгі, көз алдарыңдағы ескертпе жазба іспетті болсын.

9. Оларды үйлеріңнің есік жақтауларына әрі қақпаларыңа да жазып қойыңдар.

10. Сонда Құдай Ие сендерді Өзі түп аталарың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа беруге антпен уәде еткен еліне алып барады. Сол елде Ол сендерге өздерің салмаған үлкен де жақсы қалаларды,

11. өздерің жинамаған әр алуан жақсы заттарға толы үйлерді, өздерің қазбаған құдықтарды, өздерің отырғызбаған жүзімдіктер мен зәйтүн ағаштарын табыстайды. Ал сендер ішіп-жеп, тойған кезде

12. өздеріңді құлдықта жүрген Мысыр елінен босатып алып шыққан Жаратқан Иені естеріңнен шығарудан сақ болыңдар!

13. (Уа, Исраил,) Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет! Оның атымен ғана ант беретін бол!

14. Айналаларыңдағы тұрып жатқан ұлттар табынатын жалған тәңірлердің жолдарымен жүрмеңдер!

15. Себебі араларыңда тұратын Құдайларың Жаратқан Ие сендердің басқа тәңірлерге табынуларыңа еш төзбейді. Әйтпесе Оның лаулаған қаһары өздеріңе қарсы лап етіп, сендерді жер бетінен құртып жібереді.

16. (Уа, Исраил,) Масада істегеніңдей, Құдай Иеңді еркінсіп сынама!

17. Құдай Иенің өздеріңе бұйырған өсиеттерін, нұсқауларын және ережелерін берік сақтаңдар!

18. Жаратқан Иеге ұнамды әділ істерді істеңдер! Сонда сендер игілікті өмір сүріп, Жаратқан Ие ата-бабаларыңа антпен уәде еткен елге кіріп, оны иемденесіңдер,

19. әрі Жаратқан Иенің айтқанындай барлық жауларыңды қуып шығасыңдар.

20. Болашақта балаларың өздеріңнен: «Құдай Иеміздің сіздерге өсиеттеген ережелері, жарлықтары және шешімдерінің мағынасы қандай?» деп сұраса,

21. онда оларға былай деп жауап беріңдер: «Біз Мысырда перғауынның құлдары болып жүрген едік. Бірақ Жаратқан Ие бізді сол елден Өзінің құдіретті қолымен құтқарып алып шықты.

22. Сонда Жаратқан Ие көз алдымызда Мысырға, перғауын мен оның бүкіл үй-ішіне қарсы ғажап кереметтер істеп, ғаламат зор апаттар жіберді.

23. Осылайша Ол бізді ата-бабаларымызға антпен уәде еткен елге жеткізу үшін Мысырдан алып шықты.

24. Жаратқан Ие әрқашан игілікті де аман-есен өмір сүруіміз үшін бізге осы жарлықтардың бәрін орындап, Өзін, біздің Құдайымыз Жаратқан Иені, терең қастерлеуді өсиеттеді. Соның арқасында қазір аман-есен өмір сүріп жатырмыз да.

25. Құдай Иеміз бізге тапсырғандай осы өсиеттердің бәрін Оның алдында орындауға қырағы болсақ, онда біз әділ болып табыламыз».

About Заңды қайталау Chapter 6

Read Заңды қайталау Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Заңды қайталау
Chapter: 6
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Заңды қайталау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Заңды қайталау Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Заңды қайталау Chapter 6?

Заңды қайталау Chapter 6 is part of the Book of Заңды қайталау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Заңды қайталау Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from заңды қайталау

  1. Заңды қайталау Chapter 2
  2. Заңды қайталау Chapter 17
  3. Заңды қайталау Chapter 16
  4. Заңды қайталау Chapter 12
  5. Заңды қайталау Chapter 15
  6. Заңды қайталау Chapter 34
  7. Заңды қайталау Chapter 18

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 20
  2. Елшілердің істері Chapter 14
  3. Лұқа Chapter 18
  4. Шежірелер 2-ж Chapter 36
  5. Патшалықтар 3-ж Chapter 21
  6. Патшалықтар 4-ж Chapter 18
  7. Таңдауы ән Chapter 8
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *