2 Қорынттықтарга Chapter 7

For English

Read 2 Қорынттықтарга Chapter 7 Online

Read 2 Қорынттықтарга Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 2 Қорынттықтарга and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

2 Қорынттықтарга 7

Тарау 7

1. Осы уәделердің бәрі де бізге берілгендіктен, сүйікті бауырластарым, тәніміз бен рухымызды арамдайтын барлық нәрселерден тазарып, Құдайды терең қастерлеп, толығымен Оған бағышталған қасиетті өмір сүрейік!

2. Жүректеріңнен бізге орын беріңдер. Біз ешқайсыңа да әділетсіздік істеп, зиян келтірген жоқпыз. Ешкімді алдап, пайдаланған да емеспіз.

3. Бұларды айтқандағы мақсатым сендерді айыптау емес. Бұрын айтып кеткенімдей, жүрегіміздің төріндесіңдер; бірге өліп не бірге өмір сүруге дайынбыз.

4. Өздеріңе деген сенімім зор, сендерді ерекше мақтан тұтамын. Соншама көп азап шексек те, жігерім артып, қуанышым қойныма сыймайды.

5. Ал Македонияға келгеннен кейін тәніміз дамыл таппай, жан-жақтан қысым-қыспақ көрдік: сырттан — шабуыл, ішімізде — үрей-қорқыныш.

6. Бірақ еңсесі түскенді жігерлендіретін Құдай бізді Титтің келуімен жігерлендірді.

7. Тек Титтің келуі ғана емес, сондай-ақ, сендердің оны жігерлендіргендерің туралы айтып бергендері де көңілімізді орнықтырды. Тит өздеріңнің бізді аңсап-сағынып, опық жеп жылап, мен үшін ынталана құлшыныс жасағандарың жайында хабар әкелді. Бұған одан бетер қуандым.

8. Тіпті сендерді жазған хатыммен қапаландырсам да, мұныма өкінбеймін. Расында мен хатымның сендерді қасіретке батырғанын көріп, өкінген де едім. Ал қасіреттерің уақытша ғана болды.

9. Қазір мен қуаныштымын — қасіреттеріңе бола емес, опық жеп қайғырып, теріс жолдан қайта оралғандарыңа бола. Сол қайғыларың Құдайдың еркімен болған еді, сондықтан да ешқандай зиян көрмедіңдер.

10. Себебі Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет адамның Оған бет бұрып, құтқарылуына түрткі болады. Ол кейін соған өкінбейді де. Ал күнәкар дүниелік қайғы-қасіреттің нәтижесі — рухани өлім.

11. Құдайдың еркімен болған қайғыларыңнан өздеріңде не туындағанын қараңдаршы: қандай ынта-жігер, күнәдан арылуға деген неткен ұмтылыс, болған жайтқа не қылған наразылық пен абыржу, неткен сағыныш, бәрін түзетуге деген соншама құлшыныс, қандай әділ жаза! Осының бәрімен сендер бұл істе кінәратсыз таза екендіктеріңді дәлелдедіңдер.

12. Ал мен сол хатты не қорлағанға, не қорланғанға бола жазған жоқпын. Сендердің Құдай алдында біздің қамдарымызды қалай ойлайтындарыңа көздеріңнің жетуін қаладым.

13. Сол себептен де жігерлендік. Ал Титтің қуанышына одан бетер риза болдық, барлығың да оның көңілін орнықтырдыңдар.

14. Сонымен, сендерді мақтауыммен ешбір ұятқа қалмадым. Қайта, сендерге айтқанымыздың түгел шынайы екеніндей, Титке өздеріңді мақтауымыз да нағыз шындық болып шықты.

15. Ол сендерді тіптен жақсы көріп, бәріңнің өзін қалай тыңдап, қатты қобалжып қастерлеп, қол қусырып қабылдағандарыңды есіне алып отырады.

16. Ал мен қай істе де өздеріңе сене алатыныма қатты қуанамын!

About 2 Қорынттықтарга Chapter 7

Read 2 Қорынттықтарга Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: 2 Қорынттықтарга
Chapter: 7
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 2 Қорынттықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading 2 Қорынттықтарга Chapter 7 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is 2 Қорынттықтарга Chapter 7?

2 Қорынттықтарга Chapter 7 is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete 2 Қорынттықтарга Chapter 7 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from 2-қорынттықтарга

  1. 2 Қорынттықтарга Chapter 1
  2. 2 Қорынттықтарга Chapter 8
  3. 2 Қорынттықтарга Chapter 2
  4. 2 Қорынттықтарга Chapter 12
  5. 2 Қорынттықтарга Chapter 10
  6. 2 Қорынттықтарга Chapter 6
  7. 2 Қорынттықтарга Chapter 9

Explore More from Жаңа өсиет

  1. 2 Қорынттықтарга Chapter 6
  2. Аян Chapter 18
  3. Матай Chapter 2
  4. 1 Петірдің Chapter 2
  5. Елшілердің істері Chapter 24
  6. Лұқа Chapter 7
  7. Лұқа Chapter 21

Related Chapters & Readings

  1. Жаратылыстың бастауы Chapter 27
  2. 2 Қорынттықтарга Chapter 11
  3. Руларды санау Chapter 11
  4. Леуіліктер Chapter 25
  5. Лұқа Chapter 22
  6. Матай Chapter 12
  7. Матай Chapter 28
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *