Амос Chapter 3

For English

Read Амос Chapter 3 Online

Read Амос Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Амос in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Амос and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Амос 3

Тарау 3

1. Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, Жаратқан Иенің сендерге қарсы айтқан сөзін тыңдаңдар! Ол ежелде Мысыр елінен Өзі алып шыққан бүкіл халыққа қарсы мына сөзін айтады:

2. «Жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен Мен тек сендерді ғана таңдап алғанмын. Сондықтан Мен сендердің істеген барлық опасыз істеріңе назар аударып, жазалаймын!»

3. Бағыт жайлы келісіп алмаса, екі адам бірге жүре ала ма?

4. Алдында жатқан олжасы болмаса, ормандағы арыстан ақыра ма? Ұстап алған ештеңесі болмаса, жас арыстан інінен даусын шығара ма?

5. Егер тұзақта жем болмаса, құс оған түсе ме? Еш нәрсе түспесе, тұзақ жоғары ырши ма?

6. Қалада кернейдің даусы шықса, халық үрейленбей ме? Жаратқан Ие жібермесе, қала апатқа ұшырай ма?

7. Шынында Жаратушы Тәңір Ие Өзіне қызмет ететін пайғамбарларға алдын ала білдірмей ештеңе істемейді.

8. Ал енді «Арыстан» ақырды! Содан кім үрейленбейді? Жаратушы Тәңір Ие тіл қатты, Оның хабарын басқаларға кім жеткізбейді?

9. Азот қаласы мен Мысыр елінің сарайларына: «Самарияның тауларына жиналыңдар! Елдегі болып жатқан ғаламат ретсіздік пен қанаушылыққа көз салыңдар!» — деп жариялаңдар!

10. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Олар дұрыс істеуді білмейді де, өз сарайларында зұлымдықпен, зорлықпен иемденіп алған байлық жинайды.

11. Сол себепті Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Елді жау қоршап, сені қуатыңнан жұрдай етіп, сарайларыңды талан-таражға түсіреді».

12. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Шопан қойына тап берген арыстанның аранынан оның қос сирағын немесе құлағының бір жапырағын ғана шығарып ала алады. Сол сияқты Самарияда тұратын исраилдіктер де тек төсектің бір шетімен және жұқа жабынымен ғана құтқарылады.

13. Мынаны тыңдап алып, Жақыптан тараған Исраил халқына қарсы куәлік етіңдер! — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай. —

14. Мен Исраилдің жасаған зұлым істеріне назарымды аударып, оларды жазалайтын боламын. Сол күні Бетелдегі құрбандық үстелдерін де қиратамын. Осы құрбандық үстелдеріндегі мүйіздер кесіліп, жерге түсіп қалады.

15. Мен байлардың қысқы және жазғы үйлерін де жермен-жексен етіп қиратамын. Сонда олардың піл сүйегімен әшекейленген үйлері және басқа да сарайлары күйреп жоқ болады». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.

About Амос Chapter 3

Read Амос Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Амос in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Амос
Chapter: 3
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Амос. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Амос Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Амос Chapter 3?

Амос Chapter 3 is part of the Book of Амос in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Амос Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from амос

  1. Амос Chapter 8
  2. Амос Chapter 4
  3. Амос Chapter 1
  4. Амос Chapter 6
  5. Амос Chapter 3
  6. Амос Chapter 2
  7. Амос Chapter 9

Explore More from Ескі өсиет

  1. Леуіліктер Chapter 27
  2. Нехемия Chapter 3
  3. Ешуа Chapter 5
  4. Забур жырлары Chapter 80
  5. Шежірелер 2-ж Chapter 8
  6. Леуіліктер Chapter 13
  7. Забур жырлары Chapter 73

Related Chapters & Readings

  1. Жаратылыстың бастауы Chapter 19
  2. Патшалықтар 3-ж Chapter 15
  3. Леуіліктер Chapter 17
  4. Мысырдан шығу Chapter 38
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 14
  6. Патшалықтар 3-ж Chapter 11
  7. Забур жырлары Chapter 126
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *