Read Забур жырлары Chapter 94 Online
Read Забур жырлары Chapter 94 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 94
Тарау 94
1. Уа, Иеміз, зұлымды жазалайтын Құдай, Нұрыңды төкші, о, әділ соттаушы Құдай!
2. Уа, әлемге Үкім Шығарушы, көтеріле гөр, Менменге тиісті жазасын тартқыза гөр!
3. О, Жаратқан Ие, қашанғы осылай болмақ? Қашанғы әділетсіздер дауыстап қуанбақ?
4. Ауыздарынан менмен сөздер үздіксіз шығады, Зұлымдық істейтіндердің бәрі мақтанады,
5. Уа, Жаратқан Ием, аяққа таптап халқыңды, Олар қанайды таңдаған меншігіңді:
6. Жесірлер мен жат жұрттықтарды жояды, Жетімдердің де көзін сол қаталдар құртады.
7. Олар былай дейді: «Жаратқан мұны көрмейді, Жақып сиынған Құдай бұған мән бермейді».
8. Елдегі ақымақтар, ақылға келіңдер, Сендер парасатқа қашан кенелесіңдер?
9. Құлақты жаратқан Тәңір әлде естімей ме, Көзді жаратқан Оның Өзі әлде көрмей ме?
10. Халықтарға ескерткен Ол саған ескертпей ме? Адамға тағылым беретін Ол —
11. Жаратқан Ие Пенденің ойларының бекерлігін біледі де!
12. Уа, Жаратқан Ие, Өзің тәрбие берген жан Бақытты: Таурат заңыңнан үйретесің оған,
13. Тыным бересің соған қиын-қыстау уақытта, Ал сұмдарға көр қазылады ақыр соңында.
14. Себебі Жаратқан Ие өз халқынан бас тартпайды, Таңдаған меншігін Ол жалғыз қалдырмайды.
15. Сөз жоқ, төрелік қайта әділдікке негізделмек, Бар ақжүрек жандар әділдік жолымен жүрмек.
16. Кім мені қорғау үшін қарсы шығар зұлымдарға, Кім мен үшін қарсы тұрар күнә жасайтындарға?
17. Егер Жаратқан Ие маған жар болмағанда, О дүниеге аттанар едім жақын арада.
18. «Аяғым таяды!» дегенімде, уа, Жаратқан, Сенің мейірімің болды сүйеніш маған.
19. Уайым-қайғы кернегенде менің жүрегімді, Сенің жұбанышың жадыратты көңілімді.
20. Заңыңа қарсы зорлық-зомбылық ойлаған Арамзалардың тақтары жақын бола ма Саған?
21. Топтасып олар әділге қарсы ұмтылады, Кінәратсыз адамды өлімге бұйырады.
22. Бірақ Жаратқан Ие — паналайтын қорғаным, Иә, Құдайым менің — бас сауғалар жартасым.
23. Сол зұлымдарға Ол қылықтарын қайтарады, Өз жауыздықтарымен өздерін құртады, Құдай Иеміз оларды мүлдем жояды.
About Забур жырлары Chapter 94
Read Забур жырлары Chapter 94 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 94
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 94 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 94?
Забур жырлары Chapter 94 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 94 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 102
- Забур жырлары Chapter 130
- Забур жырлары Chapter 95
- Забур жырлары Chapter 21
- Забур жырлары Chapter 1
- Забур жырлары Chapter 65
- Забур жырлары Chapter 76