Ишая Chapter 48

For English

Read Ишая Chapter 48 Online

Read Ишая Chapter 48 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ишая and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Ишая 48

Тарау 48

1. Ей, Жақыптың үрім-бұтағы, ей, Яһуда руынан тарағандар, сөзіме құлақ салыңдар! Сендер түп аталарың Исраилдің атымен аталып, Жаратқан Иенің атын атап ант етесіңдер. Исраилдің сиынған Құдайына құлшылық етеміз дей беріп, бұларыңды шын жүректен адал істемейсіңдер!

2. Киелі қаладанбыз деп мақтанып, Әлемнің Иесі деп те аталған Исраилдің Құдайын сүйеніш етеді екенсіңдер. Енді Оның айтқандарына құлақ түріңдер:

3. «Мен болатұғын жайттарды баяғыда-ақ алдын ала мәлімдеп, сендерге қайта-қайта білдірген едім. Кенеттен оларды орындап, жүзеге асырдым.

4. Қандай қасарыспа екендерің де маған айқын болатын. Тоң мойын, беттеріңнен қайтпайтын қиқарсыңдар!

5. Сондықтан Мен сендерге жасайтын істерімді алдын ала хабарладым, оларды болмай тұрып-ақ білдірдім. Сонымен: «Өз тәңірлеріміз осылай істеді! Ағаштан ойылған және қоладан құйылған мүсіндеріміз солай болсын деп бұйырды!» дей алмайсыңдар.

6. Хабарларымды естіген едіңдер. Енді жүзеге асқандарының бәріне қарап көз жеткізіңдер! Оларды ашық мойындамайсыңдар ма? Бұдан былай Мен сендерге жаңа жайттарды жария етпекпін, өздеріңе беймәлім, жасырын жатқандарды хабарламақпын.

7. Олар бұрын емес, қазір пайда болып жатыр. Бүгінге шейін солар туралы естімедіңдер. Сондықтан сендер: «Әрине, мұны білген едік», — дей алмайсыңдар.

8. Жоқ, оларды алдын ала естіп, түсінген жоқсыңдар! Баяғыдан-ақ сөздеріме құлақ салмадыңдар. Сендердің опасыздық жасайтындарың да маған бұрыннан айқын болатын. Туғаннан-ақ Құдайға қарсы тұрушы деп аталасыңдар!

9. Бірақ өз атымның құрметіне бола Мен қаһарымды тежеп, әлі де төкпей тұрмын. Әйтпесе сендерді қасымнан үзілді-кесілді аластатып, құртуым қажет болар еді.

10. Оның орнына сендерді тазарту үшін азап отынан өткіздім. Сонда да балқытылған күмістей саф таза болып шықпадыңдар.

11. Өзіме бола әрі өз еркіме сай сендерді құтқармақпын. Қалайша Мен абыройыма дақ түсіртемін?! Өз ұлылығымды қайдағы біреуге қимаймын».

12. «Ей, Жақыптың ұрпақтары, Мен өз халқым болуға шақырған Исраил, сөзіме құлақ түріңдер! Мәңгі тірі Жаратқан Иемін, Алғашқы да, Соңғы да Менмін.

13. Құдіретті қолыммен жердің негізін салып, аспан кеңістігін де жайып жібергенмін. Мен бұйрық берсем болды — олардың барлығы бірдей орындарына тұра қалады.

14. Ендеше жиналыңдар, бәрің де құлақ салыңдар! Жаратқан Иенің сүйікті қызметшісі (Кир патша) Оның еркін Бабылда орындап, мықты қолымен сол елдегі халдейлерге қарсы шығатын болады. «Жалған тәңірлердің қайсысы бұны алдын ала білдіріпті?

15. Жоқ, тек Мен ғана соны алдын ала айттым. Өзім оны шақырып әкелемін және оның жолын сәтті етемін.

16. Қасыма жақындап, сөзіме құлақ түріңдер: Мен ниетімді басынан-ақ бүкпей ашық айтып келемін. Оны іске асыратын уақытта да Өзім сол жерде боламын». Енді Жаратушы Тәңір Ие және Оның Рухы мені мына хабармен жіберіп отыр:

17. «Сендерді құтқарушы Жаратқан Ие, Исраил сиынған Киелі Құдай, былай дейді: Мен, Құдай Иелерің, сендерге пайдалыны үйретіп, түзу жолмен бастап алып жүремін.

18. О, егер өсиеттеріме құлақ ассаңдар ғой, шіркін! Сонда сендердегі амандық пен тыныштық сарқылмас өзендей, әділдік те теңіз толқындарындай шексіз болар еді!

19. Ұрпақтарың тау тастарындай, үрім-бұтағың құм қиыршықтарындай сансыз мол болар еді ғой. Олардың есімдері Менің алдымнан ешқашан өшпес те, жойылмас та еді».

20. Бабылдан тездетіп көшіп шығып, халдейлердің езгісінен құтылыңдар! Мына хабарды қуанышты үнмен жер шетіне дейін жариялаңдар: «Жаратқан Ие өз қызметшісін, Жақыптың үрім-бұтағын, азат етті!»

21. Ежелде Жаратқан Ие (Мысырдың езгісінен) құтқарған халқын айдала арқылы жетелеп алып жүргенде олар шөлдемеді: Өзі солар үшін жартастан су ағызды. Жаратқан Ие құзды қақ жарғанда су сарқырай жөнелді. (Осы кезде де Тәңір Ие отанына қайтуға шақырған өз халқына кереметпен қамқорлық жасайтын болады.)

22. Ал «әділетсіздерде амандық пен тыныштық болмайды!» — деп нық айтады Жаратқан Ие.

About Ишая Chapter 48

Read Ишая Chapter 48 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Ишая
Chapter: 48
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ишая. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Ишая Chapter 48 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Ишая Chapter 48?

Ишая Chapter 48 is part of the Book of Ишая in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Ишая Chapter 48 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 19
  6. Ешуа Chapter 12
  7. Ешуа Chapter 8

Explore More from ишая

  1. Ишая Chapter 44
  2. Ишая Chapter 22
  3. Ишая Chapter 64
  4. Ишая Chapter 38
  5. Ишая Chapter 46
  6. Ишая Chapter 19
  7. Ишая Chapter 9

Related Chapters & Readings

  1. Філіпіліктерге Chapter 4
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 30
  3. Нехемия Chapter 7
  4. Римдіктерге Chapter 9
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 46
  6. Еврейлерге Chapter 10
  7. Патшалықтар 3-ж Chapter 9
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *