Езекиел Chapter 25

For English

Read Езекиел Chapter 25 Online

Read Езекиел Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езекиел and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Езекиел 25

Тарау 25

1. Бірде Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:

2. «Пендем, бет-жүзіңді Аммон еліне қарай бұр да, оларға қарсы мына хабарымды жеткіз:

3. Жаратушы Тәңір Иенің сөзін тыңдаңдар! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің киелі үйім арамданып, Исраил елі күйреп, халқым Яһуда тұтқындалып, жер аударылғанда «Әп, бәлем! Өзіне де сол керек!» деп табалап мазақтадыңдар.

4. Сондықтан біліп қойыңдар, Мен сендерді шығыстағы иен даланы мекендейтін көшпелі тайпалардың меншігіне тапсырамын. Олар араларыңда қостарын тігіп, шатырларын құрып, бекінеді. Сендердің өнімдеріңді жеп, малдарыңның сүтін ішетін болады.

5. Мен Рабба қаласын солардың түйелері жайылатын құла түзге айналдырамын, бүкіл Аммон елі де қой-ешкінің тынығатын қашасы болады. Осылай сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар!»

6. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ей, Аммон халқы, сен Исраил елін жек көргеннен қолдарыңды шапалақтап, аяқтарыңмен жер тепкілеп, оны табалап күлдің.

7. Сондықтан Мен саған қарсы қолымды созып, сені басқа халықтарға олжа етіп беремін. Осылай Мен сені ұлттардың арасынан аластатып, елдердің сапынан біржола құртып, жоқ қыламын. Содан сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың!»

8. Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Моаб пен Сейірдегі халық былай деді: «Міне, қараңдар! Яһуда халқы барлық басқа ұлттар сияқты болыпты!» —

9. Сол себепті Мен Моабтың ел шетіндегі даңқты қалалары: Бет-Ешимот, Бағал-Меон және Кириятаимнан бастап елдің шекараларын осал етемін.

10. Мен Моаб пен Аммонды шығыс тайпаларының қолына табыстаймын. Сондықтан басқа халықтар аммондықтарды ұмытып, естерінен шығаратын болады.

11. Мен Моабқа да үкімін шығарып, жазасын тартқызамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».

12. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Едом халқы Яһуда елінен қаскүнемдікпен кегін алып, ауыр қылмыс жасады.

13. Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Едомға қарсы қолымды созып, оның тұрғындары мен малдарын құртамын. Теманнан Деданға дейін бүкіл халық семсерден қырылып, ел қаңырап бос қалады.

14. Осылайша Мен халқым Исраил арқылы Едомға тиісті жазасын тартқызамын. Исраил мұны Менің ашуым мен қаһарыма сай істейді. Сонда Едом Менің жазалауымның не екенін білетін болады». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады.

15. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Філістірлер жүректерінде сақтап келген кектеріне бола Яһуда халқынан өштерін алып, ежелден келе жатқан қаскүнемдіктеріне сай оның елін құртуға тырысты.

16. Сондықтан да Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп қойыңдар, Мен філістірлерге қарсы қолымды созып, кереттіктерді құртып, теңіз жағалауындағы қалған халықтарды да жоқ қыламын.

17. Мен оларға аяусыз қарымталарын қайтарып, қаһарымды төгіп, жазаларын тартқызамын. Осылай істеген кезімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».

About Езекиел Chapter 25

Read Езекиел Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Езекиел
Chapter: 25
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езекиел. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Езекиел Chapter 25 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Езекиел Chapter 25?

Езекиел Chapter 25 is part of the Book of Езекиел in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Езекиел Chapter 25 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from езекиел

  1. Езекиел Chapter 37
  2. Езекиел Chapter 7
  3. Езекиел Chapter 24
  4. Езекиел Chapter 44
  5. Езекиел Chapter 41
  6. Езекиел Chapter 36
  7. Езекиел Chapter 33

Explore More from Ескі өсиет

  1. Забур жырлары Chapter 17
  2. Таңдауы ән Chapter 2
  3. Нақыл сөздер Chapter 31
  4. Руларды санау Chapter 28
  5. Билер Chapter 11
  6. Ишая Chapter 58
  7. Жүніс Chapter 1

Related Chapters & Readings

  1. Нақыл сөздер Chapter 22
  2. Еремия Chapter 37
  3. Патшалықтар 1-ж Chapter 5
  4. Патшалықтар 3-ж Chapter 19
  5. Аян Chapter 19
  6. Заңды қайталау Chapter 12
  7. Еремия Chapter 32
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *