Патшалықтар 3-ж Chapter 17

For English

Read Патшалықтар 3-ж Chapter 17 Online

Read Патшалықтар 3-ж Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 3-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 3-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Патшалықтар 3-ж 17

Тарау 17

1. Бірде Ғилақад аймағындағы Тішбенің тұрғыны Ілияс Ахаб патшаға барып, былай деп мәлімдеді: «Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Жаратқан Ие — Исраилдің Құдайының алдында шын айтамын: келесі бірнеше жыл бойы мен «Жаңбыр жаусын!» деп айтпайынша, елде не жаңбыр да жаумайтын, не шық та түспейтін болады!»

2. Содан соң Жаратқан Ие Ілиясқа сөзін арнап былай деді:

3. «Бұл жерден шығысқа қарай, Иордан өзенінің арғы жағындағы Хорат сайының маңына барып жасырын.

4. Мен құзғын-қарғаларға сені тамақтандыруды бұйырдым, ал суыңды сайдан ішерсің».

5. Ілияс Жаратқан Иенің айтқан сөзіне сәйкес Иордан өзенінің шығысындағы Хорат сайының маңына барып, сонда тұрып жатты.

6. Ол сайдың суын ішіп, таңертең және кеште қарғалар оған нан мен ет әкеліп отырды.

7. Бірақ елде ешқандай жаңбыр жаумағандықтан, біраз уақыттан кейін сайдағы су тартылып, құрғап қалды.

8. Сонда Жаратқан Ие Ілиясқа сөзін арнап былай деді:

9. «Енді Сидонның маңындағы Сарептаға барып, сонда тұр. Сол жердегі бір жесір әйелге сені тамақтандыруды тапсырып отырмын».

10. Ілияс Сарепта қаласына жол жүріп, қаланың қақпасына жете бергенде, сол жерде отын жинап жүрген бір жесір әйел көзіне түсті. Ол сол әйелге тіл қатып: — Маған ішуге құмырамен біразырақ су алып келіңізші, — деп сұрады.

11. Әйел су алуға кетіп бара жатқанда, Ілияс одан дауыстап: — Маған жейтін нан да ала келсеңіз екен, — деп өтінді.

12. Сонда әйел: — Мәңгі тірі Құдайыңыз Жаратқан Ие алдында шын айтамын: менде бір күлше нан да жоқ. Үйде кеспегімнің түбінде тек бір уыс ұн мен құмырамның түбінде біразырақ май ғана қалды. Содан ұлым екеуімізге нан пісіру үшін отын жинауға осы жерге келген едім. Соны жеп болған соң бізге өлу ғана қалды, — деп жауап берді.

13. Ілияс оған былай деді: — Уайымдамаңыз! Барып, айтқаныңыздай істеңіз! Бірақ ең алдымен өзіңіздегі бардан маған кішкентай күлше нан пісіріп алып келіңіз, содан кейін ұлыңыз екеуіңізге нан пісірерсіз.

14. Себебі Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Жаратқан Ие жерге қайтадан жаңбыр жаудырып, өнім шығарған күнге дейін кеспектегі ұның мен құмырадағы майың еш таусылмайды!

15. Жесір әйел үйіне кетіп, Ілиястың айтқанындай істеді. Осылайша ол да, әйел де, оның ұлы да тамақтанып жүрді.

16. Жаратқан Ие Ілияс арқылы уәде еткендей, кеспектегі ұн мен құмырадағы май таусылмады.

17. Осы оқиғалардан кейін үй иесі жесір әйелдің ұлы табан астынан ауырып қалды. Оның халі нашарлай беріп, ақыры демі бітіп қайтыс болды.

18. Сонда әйел Ілиясқа тіл қатып былай деді: — Уа, Құдайдың жіберген адамы, менде неңіз кетіп еді? Жасаған күнәларымды әшкерелеп, жалғыз ұлымды өлтіруге келіп пе едіңіз? —

19. Ілияс оған: — Маған ұлыңызды алып келіңізші! — деп жауап берді. Содан ол шешесінің қолынан баласының мәйітін алып, өзі тұрып жатқан жоғарғы бөлмеге апарып, төсегіне жатқызды.

20. Пайғамбар Жаратқан Иеге дауыстап мінажат етіп былай деді: «Уа, Құдайым Жаратқан Ие! Маған пана берген мына әйелдің басына Сен тіпті қайғы түсіріп, баласынан айырып отырсың ғой! —

21. Содан соң ол өлі баланың үстіне үш рет созылып жатып: — Уа, Құдайым Жаратқан Ие, мына баланы қайта тірілте гөр!» — деп сиынды.

22. Жаратқан Ие Ілиястың мінажатына құлақ асты. Балаға жан бітіп, ол қайтадан тірілді.

23. Ілияс баланы ұстап көтеріп алып, жоғарғы бөлмеден түсіп, үйдің ішіне алып келді. Оны шешесіне табыстап тұрып: — Міне, ұлыңыз тірі! — деді.

24. Сонда әйел Ілияс пайғамбарға: — Сіздің расында Құдайдың жіберген адамы екеніңізге, әрі шынымен аузыңыздан Жаратқан Иенің сөздерінің шыққанына енді көзім жетіп отыр! — деді.

About Патшалықтар 3-ж Chapter 17

Read Патшалықтар 3-ж Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 3-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Патшалықтар 3-ж
Chapter: 17
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 3-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Патшалықтар 3-ж Chapter 17 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Патшалықтар 3-ж Chapter 17?

Патшалықтар 3-ж Chapter 17 is part of the Book of Патшалықтар 3-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Патшалықтар 3-ж Chapter 17 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 6
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 3
  7. Ешуа Chapter 8

Explore More from патшалықтар-3-ж

  1. Патшалықтар 3-ж Chapter 6
  2. Патшалықтар 3-ж Chapter 14
  3. Патшалықтар 3-ж Chapter 20
  4. Патшалықтар 3-ж Chapter 9
  5. Патшалықтар 3-ж Chapter 1
  6. Патшалықтар 3-ж Chapter 22
  7. Патшалықтар 3-ж Chapter 15

Related Chapters & Readings

  1. Елшілердің істері Chapter 28
  2. Шежірелер 2-ж Chapter 23
  3. Ешуа Chapter 13
  4. Забур жырлары Chapter 65
  5. Билер Chapter 10
  6. Матай Chapter 24
  7. Шежірелер 2-ж Chapter 8
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *