Руларды санау Chapter 33

For English

Read Руларды санау Chapter 33 Online

Read Руларды санау Chapter 33 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Руларды санау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Руларды санау 33

Тарау 33

1. Мұса мен Һаронның бастауымен өз топтары бойынша Мысыр елінен шыққаннан кейін исраилдіктер көшіп-қонып жүрген сапарында төмендегі жерлер арқылы өтті.

2. Мұса Жаратқан Иенің бұйрығымен көшіп-қонып жүрген жолдарында өздері аялдаған жерлердің аттарын жазып алып отырды. Солар мыналар еді:

3. Бірінші айдың он бесінші күні, құтқарылу мейрамынан кейінгі келесі күні исраилдіктер мысырлықтардың көз алдында Рамсес қаласынан нық сеніммен алға басып шықты.

4. Жаратқан Ие мысырлықтардың барлық тұңғыштарын қырғынға ұшыратқандықтан, олар сол күні тұңғыштарының мәйіттерін жерлеп жатты. Себебі Жаратқан Ие олардың жалған тәңірлеріне Өзінің үкімін жүзеге асырған еді.

5. Исраилдіктер Рамсестен көшіп шығып, Соқотқа жетіп, қостарын тікті,

6. олар сол жерден шығып, айдаланың шет жағындағы Етамға барып тоқтады.

7. Халық Етамнан шығып, Бағал-Сефонның шығысындағы Пи-Һахиротқа қарай кері бұрылды да, Миғдолдың маңында аялдады.

8. Кейін олар Пи-Һахироттан шығып, Қамысты теңізден өтіп, арғы жақтағы иен далаға жетті. Олар Етамның жанындағы айдаламен үш күн жол жүріп, Мараға барып аялдады;

9. Марадан шығып, Елимге жетіп тоқтады. Сол шұратта он екі су көзі, жетпіс құрма ағашы болды.

10. Кейін халық Елимнен шығып, Қамысты теңіздің жағасына жетіп, қостарын тікті;

11. бұл жерден шығып, олар Сін атты елсіз далаға барып аялдады.

12. Халық сол даладан шыққаннан кейін Допқаға,

13. Допқадан шығып, Алушқа,

14. Алуштан шығып, Рефідимге жетіп тоқтады. Сол жерде халық ішетін ауыз су болмады.

15. Олар Рефідимнен шығып, Синай атты елсіз далаға жетіп тұрақтады.

16. Кейін халық сол даладан шығып, Қиброт-Хатауаға,

17. сол жерден шығып, Хасиротқа,

18. Хасироттан шығып, Ритмаға жетіп, қостарын тікті.

19. Олар Ритмадан шығып, Римнон-Пәреске,

20. сол жерден шығып, Либнаға,

21. Либнадан шығып, Риссаға,

22. Риссадан шығып, Кеһелатаға жетіп аялдады.

23. Сол жерден олар Шәфер тауына барып,

24. Шәферден Харадаға жетіп,

25. Харададан Макехелотқа,

26. Макехелоттан Тахатқа,

27. Тахаттан Тарахқа барып, қонды.

28. Сол жерден Митқаға,

29. Митқадан Хашмонаға,

30. одан Мосеротқа,

31. Мосероттан шығып, Бене-Яқанға жетіп, аялдады.

32. Бене-Яқаннан Хор-Агидгадқа,

33. содан Жотбатаға,

34. Жотбатадан Абронға барып тоқтады.

35. Аброннан шығып, Есион-Гәберге,

36. сол жерден қайтадан Сін атты елсіз далаға жетіп тоқтады. Сол аймақ Қадеш деп те аталады.

37. Қадештен шыққаннан кейін халық Едом елінің шетіндегі Һор тауына жетіп тұрақтады.

38. Діни қызметкер Һарон Жаратқан Иенің айтқанына сәйкес Һор тауына көтеріліп, сол жерде көз жұмып дүние салды. Бұл, исраилдіктердің Мысыр елінен шыққаннан кейінгі қырқыншы жылдың бесінші айының бірінші күні болды.

39. Дүние салғанда Һаронның жасы жүз жиырма үште еді.

40. Сол кезде Қанахан елінің оңтүстік (Негев) бөлігінде тұрып жатқан Арадтың қанахандық патшасы исраилдіктердің көшінің елге жақындап қалғаны туралы естіді.

41. Халық Һор тауынан шығып, Салмонаға,

42. одан Пунонға,

43. Пуноннан Оботқа,

44. Моаб елінің шекарасындағы Ие-Абаримге жетіп тоқтады.

45. Сол жерден олар Дибон-Ғадқа,

46. одан Алмон-Диблатаимға,

47. содан Абарим қыратындағы Небо тауына жетіп, қостарын тігіп тұрақтады.

48. Халық Абарим қыратынан шыққаннан кейін Иерихонға қарама-қарсы, Иордан өзенінің жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарына жетіп қонды.

49. Сонда олар Моабтың елсіз алқаптарында Иордан өзенін бойлап Бет-Ешимоттан Әбел-Ситтимге дейінгі аралықта жайғасты.

50. Жаратқан Ие сол жерде, Иерихонға қарама-қарсы, Иорданның жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында, Мұсаға тіл қатып былай деді:

51. «Исраилдіктерге мынаны айт: Сендер Иордан өзенінен өтіп, Қанахан еліне кірген кезде

52. елде тұрып жатқандардың барлығын қуып шығып, олардың ойып жасаған және балқытып құйған тәңір мүсіндерінің бәрін де жойып, жоқ қылыңдар! Биіктеу жерлердегі табыну орындарын да талқандап қиратыңдар!

53. Елді иемденіп, сонда қоныстаныңдар, себебі Мен сол елді сендердің иеліктеріңе беріп қойғанмын.

54. Оның жерін жеребе тастап әулеттерің бойынша өзара бөлісіп алыңдар. Халқының саны көп әулетке көбірек, ал халқының саны аз әулетке азырақ жер берілетін болсын. Жеребе бойынша кімге қай жер үлесіне тиген болса, сол жер онікі болады. Жерді сендердің ата-бабаларыңнан тараған руларың бойынша бөлісіп, мұралық меншіктерің ретінде иемденіп алыңдар.

55. Ал егер елдің тұрғындарын қуып жібермесеңдер, онда елде қалып қойғандары көздеріңе тікендей кіріп, денелеріңе жаңқадай қадалып, қоныстанған сол елдеріңде сендерге жәбір көрсететін болады.

56. Сонда Мен оларға істемек болғандарымды сендердің өз бастарыңа түсіремін».

About Руларды санау Chapter 33

Read Руларды санау Chapter 33 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Руларды санау
Chapter: 33
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Руларды санау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Руларды санау Chapter 33 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Руларды санау Chapter 33?

Руларды санау Chapter 33 is part of the Book of Руларды санау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Руларды санау Chapter 33 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 4
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from руларды санау

  1. Руларды санау Chapter 29
  2. Руларды санау Chapter 26
  3. Руларды санау Chapter 19
  4. Руларды санау Chapter 16
  5. Руларды санау Chapter 23
  6. Руларды санау Chapter 13
  7. Руларды санау Chapter 12

Related Chapters & Readings

  1. Лұқа Chapter 9
  2. Матай Chapter 5
  3. Ишая Chapter 21
  4. Ишая Chapter 48
  5. Езекиел Chapter 46
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 49
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 25
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *