1 Салониқалықтарга Chapter 5

For English

Read 1 Салониқалықтарга Chapter 5 Online

Read 1 Салониқалықтарга Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Салониқалықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 1 Салониқалықтарга and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

1 Салониқалықтарга 5

Тарау 5

1. Қымбатты бауырластарымыз, болашақ уақыттар мен мезгілдер туралы сендерге жазудың қажеті жоқ.

2. Иеміздің қайта оралатын күні ұрының түнде түсетініндей кенеттен келетінін өздерің анық білесіңдер.

3. Жұрт «Бәрі тыныш, қауіпсіз» деп жүргенде, апат аяғы ауыр әйелдің толғағындай табан астынан болады. Сонда ешкім қашып құтыла алмайды.

4. Бірақ сендер, бауырластарымыз, түнекте тұрмай, сол күні ұры түскендей қапыда қалмайсыңдар,

5. бәрің де жарықта және күнде жүресіңдер ғой. Біз түндікі және түнектікі болмағандықтан,

6. басқаларға ұқсап ұйықтап қалмай, сергек те салауатты жүрейік!

7. Себебі ұйықтайтындар түнде ұйықтайды, ішетіндер түнде ішеді.

8. Ал біз күндікі болғандықтан салауатты жүрейік, сеніміміз бен сүйіспеншілігімізді «сауыт қылып», мәңгілік құтқарылуға деген үмітімізді «дулыға етіп киейік!»

9. Өйткені Құдай бізді Өзінің қаһарына ұшырауға емес, қайта, Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарылуға тағайындады.

10. Мәсіх қайтып келгенде тірі боламыз ба, әлде өлі боламыз ба, бәрібір, біздің Өзімен бірге тұруымыз үшін Ол жанын пида етті.

11. Сондықтан бір-біріңді жігерлендіріп, сенімдеріңді бұрынғыша өзара нығайта беріңдер!

12. Қымбатты бауырластар, сендерден сұрайтынымыз мынау: Иеміздің ізгі ісінде өздеріңе жетекшілік еткендерді сыйлаңдар. Олар араларыңда еңбек етіп, сендерге дұрыс жолды сілтеп жүр.

13. Оларды айрықша құрметтеп, еңбектері үшін жақсы көріңдер. Өзара бейбіт, тату болыңдар!

14. Бауырластар, сендерден тағы мынаны өтінеміз: жүгенсіз, бос жүргендерге ескерту жасаңдар, жасқаншақтарға жігер беріңдер, әлсіздерді қолдап, төзімділік танытыңдар!

15. Ешкім жамандыққа жамандықпен қайтармасын, қайта, бір-біріңе де, басқаларға да жақсылық жасауға ұмтылыңдар!

16. Әрдайым қуанып,

17. Құдайға үздіксіз сиыныңдар,

18. Оған барлық жағдайларда да алғыс айтыңдар! Иса Мәсіхтің жолымен жүруші сендерден Құдай осыны күтеді.

19. Құдай Рухының іс-әрекетін тежемеңдер!

20. Оның пайғамбарлық нұсқауларын менсінбей жүрмеңдер,

21. алайда бәрін де тексеріп сынаңдар! Жақсысын ғана қабылдап, берік ұстаныңдар!

22. Жамандықтың қай түрінен де аулақ жүріңдер!

23. Тыныштықты сыйлайтын Құдай сендерді Өзіне толықтай бағышталдырып, қасиетті өмір сүргізсін. Иеміз Иса Мәсіх қайтып келгенде мінсіз болуларың үшін рухтарың мен жан-тәндерің кіршіксіз пәк сақталсын.

24. Сендерді шақырған Құдай сенімді, Ол бұларды жүзеге асырады да.

25. Қымбатты бауырластар, біз үшін Құдайға сиыныңдар!

26. Бауырластардың бәріне шын жүректен сүйіспеншіліктеріңді білдіріп, сәлемімізді жеткізіңдер!

27. Осы хатты барлық бауырластарға да оқып беріңдер деп Иеміздің атынан тапсырамын.

28. Иеміз Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудыра көрсін. (Аумин.)

About 1 Салониқалықтарга Chapter 5

Read 1 Салониқалықтарга Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Салониқалықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: 1 Салониқалықтарга
Chapter: 5
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 1 Салониқалықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading 1 Салониқалықтарга Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is 1 Салониқалықтарга Chapter 5?

1 Салониқалықтарга Chapter 5 is part of the Book of 1 Салониқалықтарга in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete 1 Салониқалықтарга Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from 1-салониқалықтарга

  1. 1 Салониқалықтарга Chapter 4
  2. 1 Салониқалықтарга Chapter 3
  3. 1 Салониқалықтарга Chapter 2
  4. 1 Салониқалықтарга Chapter 1

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Еврейлерге Chapter 8
  2. Жохан Chapter 3
  3. Елшілердің істері Chapter 24
  4. Аян Chapter 2
  5. Римдіктерге Chapter 6
  6. Римдіктерге Chapter 1
  7. Жохан Chapter 1

Related Chapters & Readings

  1. Шежірелер 1-ж Chapter 7
  2. 1 Тімотеге Chapter 6
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 35
  4. Даниял Chapter 6
  5. Забур жырлары Chapter 45
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 28
  7. Амос Chapter 8
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *