Read Билер Chapter 12 Online
Read Билер Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Билер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Билер 12
Тарау 12
1. Ал Ефрем руының сарбаздары жиналып, Сафонға өтіп барды да, Ефтахқа: — Аммондықтарға қарсы соғысу үшін солардың жеріне аттанғанда неге бізді шақырмадың? Сол үшін біз сені өз үйіңде өртеп жібереміз! — деп қоқан-лоқы айтты.
2. Ефтах оларға жауап беріп былай деді: — Халқыммен бірге аммондықтармен зор дауға түстім. Алайда мен сендерді шақырған кезде де сендер мені олардың қолынан құтқарған жоқсыңдар.
3. Маған көмектеспейтіндеріңе көз жеткізген соң, мен солардың жеріне аттанып, аммондықтарды өзім шабуылдап басымды өлімге тіктім. Жаратқан Ие оларды қолыма табыстады. Ал енді, өздерің неге маған қарсы соғысуға келіп отырсыңдар?
4. Ал ефремдіктер: «Ей, ғилақадтықтар, сендер небәрі Ефрем мен Манасаның ортасындағы Ефремнің қашқынысыңдар, ә!» — деп оларды жәбірледі. Сол себепті Ефтах Ғилақадтың барлық ер адамдарын жинап, Ефрем жасағымен соғысып, оларды талқандады.
5. Ғилақадтықтар Иордан өзенінің өткелдерін басып алып, ефремдіктерге елдеріне қайтатын жолды жауып тастады. Осылайша Ефремнің қашып келе жатқан адамы: «Ана жаққа өтейін деп едім!» — десе, ғилақадтықтар одан: «Сен ефремдіксің бе?» — деп сұрайтын еді. Егер анау жоқ десе,
6. олар оған: «Шибболет деп айт!» — деп бұйыратын. Егер ана адам сол сөзді дұрыс айта алмай, «Сибболет» деп ерсілеу айтса, онда оны ұстап алып, өткелдің маңында өлтіріп тастайтын. Сонымен бұл соғыста Ефремнің қырық екі мың адамы өлді.
7. Ғилақадтық Ефтах би Исраилге алты жыл бойы билік айтты. Ол қайтыс болғанда мәйіті Ғилақад аймағындағы бір қаланың маңайындағы қабірге қойылды.
8. Ефтах биден кейін Исраилге бетлехемдік Ибесан билік айтты.
9. Оның отыз ұлы мен отыз қызы болды. Ол қыздарын өз әулетінен тыс жаққа ұзатып, ұлдарына әулетінен тыс жақтан әйел алып берді. Ибесан Исраилге жеті жыл бойы билік айтты.
10. Ибесан би қайтыс болғанда, мәйіті Бетлехемдегі қабірге қойылды.
11. Ибесан биден кейін Исраилге забулондық Елон он жыл бойы билік айтты.
12. Елон би қайтыс болғанда, мәйіті Забулон руының жеріндегі Аялонда қабірге қойылды.
13. Елон биден кейін Исраилге пиратондық Хиллел ұлы Абыдон билік айтты.
14. Оның жетпіс есекке мініп жүретін қырық ұлы мен отыз немересі болды. Абыдон Исраилге сегіз жыл билік айтты.
15. Абыдон би қайтыс болғанда, мәйіті Ефрем руының аймағындағы Пиратонда, Амалек төбесіндегі қабірге қойылды.
About Билер Chapter 12
Read Билер Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Билер
Chapter: 12
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Билер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Билер Chapter 12 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Билер Chapter 12?
Билер Chapter 12 is part of the Book of Билер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Билер Chapter 12 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from билер
- Билер Chapter 21
- Билер Chapter 17
- Билер Chapter 5
- Билер Chapter 13
- Билер Chapter 11
- Билер Chapter 10
- Билер Chapter 19
Explore More from Ескі өсиет
- Мысырдан шығу Chapter 18
- Езра Chapter 10
- Ишая Chapter 23
- Заңды қайталау Chapter 32
- Езра Chapter 9
- Забур жырлары Chapter 79
- Патшалықтар 1-ж Chapter 7