Read Нақыл сөздер Chapter 5 Online
Read Нақыл сөздер Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Нақыл сөздер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Нақыл сөздер 5
Тарау 5
1. Балам, даналығымды қабылда, Ұлағатты сөздерімді тыңда,
2. Осылай естілікті үйренерсің, Білім сақтап, парасатпен сөйлерсің.
3. Азғын әйелдің тілінен бал тамады, Сөздері майдан да жұмсақ болады.
4. Бірақ оның кесірі ащы жусандай, Соңы өткір болар екі жүзді семсердей.
5. Аяқтары өлім жолына түсіп барар, Қадамдары көрге қарай бағытталар.
6. Шынайы өмір жолын сол әйел ойламайды, Қауіпті жолмен жүргенін аңғармайды.
7. Сонымен, балалар, тілімді алыңдар, Айтатын сөздерімнен бас тартпаңдар!
8. Әрдайым алыс бол сондай әйелден, Жақындамай, аулақ жүр есігінен!
9. Әйтпесе әл-күшіңнен құр қаласың, Жиғаныңды қатал жанға тапсырасың.
10. Басқалар байлығыңды иемденер, Бөтен жан еңбегіңнің жемісін жер.
11. Өміріңнің соңында тәнің әлсіреп, Былай деп күйзелерсің, қатты опық жеп:
12. «Әттеген-ай, тәрбиені неге жек көріппін, Ескертуді қалайша елемей жүріппін?
13. Ұстаздарымның тілін қалайша алмаппын, Тәлімгерлеріме еш құлақ салмаппын?
14. Сондықтан мен жиналған жамағаттың Алдында масқара бола жаздаппын!»
15. Суын ішіп, шөліңді бас өз «құдығыңнан», Ләззат тап өз «бұлағыңның кәусарынан».
16. «Бұлағың» көшелерде ақсын ба, «Кәусарың» алаңдарда жайылсын ба?
17. Лайым ол тек қана сендік болсын, Адал жүр, бөліспе өзгелермен!
18. Құдайым жарылқай көрсін «бұлағыңды», Қанағат ет жастай алған қосағыңды:
19. Ол еліктей сұлу, тауешкідей әсем, Үнемі ләззат тап кеудесінен, Мас бола бер махаббатына әрдайым.
20. Балам, өзге әйелге әуестіктің қажеті не? Басқаның кеудесін құшқаннан табасың не?
21. Адамның күллі ісі Жаратқанның көз алдында, Ол баға береді пенденің бар жолына.
22. Зұлым жан өз күнәларының тұзағына түсер, Жасаған жамандықтары оны кіріптар етер.
23. Тәрбиесіздігі оны ажалға тап қылар, Зор ақымақтығы ақ жолдан адастырар.
About Нақыл сөздер Chapter 5
Read Нақыл сөздер Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Нақыл сөздер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Нақыл сөздер
Chapter: 5
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Нақыл сөздер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Нақыл сөздер Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Нақыл сөздер Chapter 5?
Нақыл сөздер Chapter 5 is part of the Book of Нақыл сөздер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Нақыл сөздер Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from нақыл-сөздер
- Нақыл сөздер Chapter 29
- Нақыл сөздер Chapter 14
- Нақыл сөздер Chapter 19
- Нақыл сөздер Chapter 9
- Нақыл сөздер Chapter 4
- Нақыл сөздер Chapter 23
- Нақыл сөздер Chapter 21