Әйүп Chapter 13

For English

Read Әйүп Chapter 13 Online

Read Әйүп Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 13

Тарау 13

1. Біліп қойыңдар, осының бәрін өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естіп, ұғындым.

2. Сендер білетінді мен де білемін, сендерден еш кем емеспін.

3. Шынында мен құдіреті шексіз Құдайға тікелей тіл қатып, өз ісім жайлы дәлелдеме келтіргім келеді.

4. Ал өздерің маған өтіріктерді майдай жағасыңдар, барлығың да түкке тұрғысыз емшіге ұқсайсыңдар.

5. Үн-түнсіз қалсаңдар ғой, шіркін! Бұл сендер үшін даналық болар еді.

6. Ал енді, менің уәжімді тыңдаңдар, келтіретін дәлелдеріме құлақ салыңдар!

7. Өтірік айтып Құдайды қолдаймыз, жалған сөйлеп Оны ақтаймыз деп ойлайсыңдар ма?

8. Осылайша екіжүзділікпен Құдайды жақтап, Оның сөзін сөйлемекшісіңдер ме?

9. Ал егер Ол бұларыңды тексерсе, өздеріңе жақсы болар ма екен? Адамдарды алдағандай, Оны да алдауға ұмтылғандарың ба?

10. Сендер Құдайға жағыну үшін шындықты құпия бұрмаласаңдар, Ол сендерге қатты сөгіс береді.

11. Құдайдың ғаламат ұлылығынан қорықпайсыңдар ма? Оның айбындылығы сендерді басып тастамай ма?

12. Ескертулерің — күл-қоқыстай нәрсіз, келтіріп отырған дәлелдерің қатқан балшықтай әлсіз.

13. Қасымда тұрғанда үндемеңдер, мен өзім сөйлеймін. Содан соң не болса о болсын.

14. Сол үшін мен тәуекелге бел байлап, жанымды қиюға бармын.

15. Құдай мені өлтірмек болса да, Оған үмітімді артамын. Қайткенде де іс-әрекеттерімді Оның алдында қорғайтын боламын.

16. Соным арқылы құтқарыламын, өйткені ешбір әділетсіз адам Құдайдың алдына бара алмайды.

17. Сөздерімді мұқият тыңдаңдар, пайымдауларыма құлақ салыңдар!

18. Өйткені мен ісімді дайындадым. Өзімнің ақталатынымды білемін.

19. Маған айып таға алатын біреу бар ма өзі? Болса, үндемей-ақ өле салуға бармын.

20. Уа, Құдай, маған мына екі нәрсені істесең екен, сонда мен Өзіңнен жасырынбаймын:

21. мені жазалаған қолыңды алшақтата гөр, өз үрейіңмен мені қорқытуыңды доғара гөр.

22. Содан соң шақырып алшы, өзім жауап беремін. Немесе мен сөйлеймін, ал Сен айтқандарыма жауап қайтарсаң екен.

23. Менің жазығым мен күнәларым қаншама? Саған қарсы шығып, күнә жасаған болсам, маған айтып берші, біліп алайын.

24. Сен неге менен жүзіңді бұрып әкетесің, уа, Тәңірім? Мені неге жауың деп есептейсің?

25. Жел айдаған жапырақты қорқытпақсың ба? Қурап қалған бір түйір сабанның соңына түспексің бе?

26. Мен туралы ащы айыптар жазып қойып, балалық шақтағы күнәларымды мойныма артып келесің.

27. Аяғымды бұғаулап, барлық жүрген жолдарымды бақылайсың, ізімнен ешбір қалмайсың.

28. Содан мен шіріген нәрседей, күйе жеген киімдей тозып күйреудемін.

About Әйүп Chapter 13

Read Әйүп Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 13
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 13 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 13?

Әйүп Chapter 13 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 13 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 10
  3. Әйүп Chapter 17
  4. Әйүп Chapter 2
  5. Әйүп Chapter 33
  6. Әйүп Chapter 16
  7. Әйүп Chapter 42

Explore More from Ескі өсиет

  1. Шежірелер 2-ж Chapter 29
  2. Билер Chapter 14
  3. Заңды қайталау Chapter 32
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 43
  5. Нақыл сөздер Chapter 3
  6. Мысырдан шығу Chapter 37
  7. Забур жырлары Chapter 72

Related Chapters & Readings

  1. Зәкәрия Chapter 10
  2. Елшілердің істері Chapter 4
  3. Амос Chapter 9
  4. Әйүп Chapter 4
  5. Езекиел Chapter 44
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 39
  7. 1 Қорынттықтарга Chapter 13
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *