Read Забур жырлары Chapter 72 Online
Read Забур жырлары Chapter 72 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 72
Тарау 72
1. Уа, Құдай, патшаңа әділ шешімдер сыйлай гөр, Патшаның ұлына да әділдікті үйрете гөр,
2. Ол халқыңа әділетпен билік құрсын, Жарлыларыңа әділ үкім шығарсын.
3. Қыраттар халқыңа молшылық берсін, Қырдан олар әділдіктің өнімін терсін.
4. Патша халықтың жарлыларын қорғасын, Мұқтаждың ұрпақтарын да аман сақтасын, Ал қанаушыларын басып жуасытсын.
5. Күн мен ай нұрын шашып болмайынша, Халқың Сені қастерлесін ұрпақтан ұрпаққа.
6. Игілікті болсын патшаның билігі: Қайта қаулата өсірген шабындықты Аспаннан жауған көктемгі жаңбырдай, Иә, топырақтың шөлін қандырған нөсердей.
7. Патша заманында әділдер өркендесін, Ай өшпейінше молшылық жайыла берсін.
8. Ол билік құрады теңізден теңізге дейін, Евфрат өзенінен жердің шетіне дейін,
9. Құла түздің тұрғындары оған бас ұрады, Ал жаулары топырақты жалайтын болады.
10. Тарсис пен аралдардың патшалары Патшаңа алым-салық төлеп тұрады, Әрі Себа мен Сәбаның патшалары Сый-тартулар әкеліп отырады.
11. Күллі патшалар оған бас иеді, Күллі ұлттар оған қызмет етеді.
12. Патша құтқарады жалынған мұқтажды Және қолдаушысы жоқ қаналғанды,
13. Ол әлсіз бен кедейді қамқорлайды, Оларды ажалдан аман сақтайды,
14. Әрі зорлық-зомбылықтан қорғайды, Олардың қанын қымбат деп санайды.
15. Ғұмыры патшаның ұзақ болсын, Оған Сәбаның алтынынан сый тартылсын, Лайым жұрт патшасы үшін мінажат қылсын, Күн сайын жарылқануы үшін Тәңірге сиынсын!
16. Жердің беті егінге тола берсін, Қырда дәнді сабақтары өсіп-өнсін, Олар Ливан орманындай сыңсып тұрсын, Қаланың тұрғындары да шөптей көбейсін.
17. Патшаның есімі мәңгілікке ұлассын, Күннің сәулесіндей ұзаққа созылсын, Ол арқылы барлық ұлттар жарылқансын, Есімі оның үздіксіз мақталатын болсын!
18. Лайым мадақталсын Исраил сиынатын Құдай, Тек Жаратқан Ие — керемет жасайтын Құдай!
19. Оның даңқты есімі мәңгі дәріптелсін, Күллі жер Оның салтанатына кенелсін. Аумин, иә, аумин.
20. (Есей ұлы Дәуіттің мінажаттары осымен аяқталады.)
About Забур жырлары Chapter 72
Read Забур жырлары Chapter 72 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 72
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 72 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 72?
Забур жырлары Chapter 72 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 72 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 35
- Забур жырлары Chapter 147
- Забур жырлары Chapter 105
- Забур жырлары Chapter 48
- Забур жырлары Chapter 82
- Забур жырлары Chapter 85
- Забур жырлары Chapter 76