Леуіліктер Chapter 18

For English

Read Леуіліктер Chapter 18 Online

Read Леуіліктер Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Леуіліктер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Леуіліктер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Леуіліктер 18

Тарау 18

1. Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді:

2. — Исраилдіктерге Менің мына сөздерімді жеткіз: Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.

3. Сендер бұрын қоныстанған Мысырдың адамдарындай істемеңдер! Мен сендерді жетелеп бара жатқан Қанахан елінің адамдарындай да әрекет етпеңдер, әрі олардың (азғын) ережелеріне сәйкес ештеңе істемеңдер!

4. Сендер Менің шешімдерімді орындап, ережелерімді сақтауларың керек. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.

5. Сонымен Менің ережелерім мен шешімдерімді ұстаныңдар! Оларды бұлжытпай орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді. Мен Жаратқан Иемін.

6. Ешкім өзінің қандас туысымен жақындасып абыройын ашпасын! Мен Жаратқан Иемін.

7. Әкең мен шешеңнің абыройын төгіп шешеңмен жақындаспа! Ол өз анаң ғой, оның абыройын ашпа!

8. Әкеңнің өзге әйелімен де жақындаспа! Бұл әкеңнің де абыройын ашқаның.

9. Өзіңнің бірге туған әпке-қарындасыңның немесе өзіңмен жартылай қандас не әкеңнің, не шешеңнің қызымен де жақындаспа! Ол сенімен бірге туып-өсті ме, жоқ па, бәрібір, оның абыройын төкпе!

10. Ұлыңның не қызыңның қызымен жақындаспа! Бұл өзіңнің де абыройыңды ашқаның.

11. Әкеңнің басқа әйелінен туған қызымен де жақындаспа! Ол сенің әпке-қарындасың ғой.

12. Әкеңнің әпке-қарындасымен де жақындаспа! Ол әкеңнің қандас туысы ғой.

13. Шешеңнің әпке-сіңлісімен жақындаспа! Ол шешеңнің қандас туысы ғой.

14. Әкеңнің аға-інісінің әйелімен жақындасып, немере аға-ініңнің абыройын төкпе! Сол әйел сенің туысқан жеңгең не келінің ғой.

15. Өз келініңмен де жақындаспа! Ол ұлыңның әйелі ғой, келініңнің абыройын ашпа!

16. Аға-ініңнің әйелімен жақындаспа! Бұл ағаңның не ініңнің абыройын ашқаның.

17. Бір әйелмен және оның қызымен немесе бір әйелмен және оның немере не жиен қызымен бірдей жақындаспа! Олар өзара қандас туыстар ғой. Бұл — жексұрын қылық.

18. Әйеліңнің туған әпке не сіңлісін алып, онымен әйеліңнің көзі тірісінде жақындаспа! Бұдан сол екеуі күндес болар еді.

19. Әйелдің айлық етеккірі келіп жүрген кезінде онымен жақындаспа!

20. Басқа біреудің әйелімен еш жақындасып, өзіңді арамдама!

21. Ұрпақтарыңды (жалған тәңір) Молохқа құрбан етіп Құдайыңды қорлама! Мен Жаратқан Иемін.

22. Еркекті әйелдей көріп онымен жақындаспа! Бұл — жексұрын қылық.

23. Жануармен жақындасып, өзіңді арамдама! Әйел де жақындасу мақсатымен өзін жануарға ұсынбасын. Бұл — нағыз азғындық.

24. Осындай қылықтармен өздеріңді еш арамдамаңдар! Мен алдарыңнан қуып шыққалы тұрған халықтар дәл осындай қылықтардың кесірінен өздерін арамдады.

25. Олардың жексұрын қылықтарынан елдің өзі де арамданып кетті. Мен оның айыбына назар аударып, сол себептен енді елдің өзі тұрғындарын құсып шығарып тастайды.

26. Ал сендер Менің ережелерім мен шешімдерімді орындауларың керек. Тумысынан исраилдік өздерің де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар да осындай жексұрын қылықтарды жасамасын!

27. Себебі осындай жексұрындықтардың барлығын елде өздеріңнен бұрын тұрған халықтар істейтін еді, содан да жер арамданып кетті.

28. Егер енді сендер елді арамдайтын болсаңдар, онда ел сендерді де бұрынғы халықтар сияқты құсып шығарып тастайтын болады.

29. Ал егер біреу осы жексұрын қылықтардың кез келгенін істесе, сондай адам халық арасынан аластатылсын!

30. Сондықтан да Менің бұйрықтарымды сақтап орындаңдар! Өздерің елге келмей тұрып сонда тараған жексұрын салт-дәстүрлерді ұстанбаңдар! Соларды істеп өздеріңді арамдамаңдар! Мен сендердің Құдайларың — Жаратқан Иемін.

About Леуіліктер Chapter 18

Read Леуіліктер Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Леуіліктер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Леуіліктер
Chapter: 18
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Леуіліктер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Леуіліктер Chapter 18 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Леуіліктер Chapter 18?

Леуіліктер Chapter 18 is part of the Book of Леуіліктер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Леуіліктер Chapter 18 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from леуіліктер

  1. Леуіліктер Chapter 19
  2. Леуіліктер Chapter 5
  3. Леуіліктер Chapter 22
  4. Леуіліктер Chapter 2
  5. Леуіліктер Chapter 7
  6. Леуіліктер Chapter 3
  7. Леуіліктер Chapter 8

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 7
  2. Мысырдан шығу Chapter 21
  3. Леуіліктер Chapter 21
  4. Забур жырлары Chapter 79
  5. Билер Chapter 9
  6. 2 Қорынттықтарга Chapter 12
  7. Шежірелер 2-ж Chapter 26
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *