Шежірелер 1-ж Chapter 23

For English

Read Шежірелер 1-ж Chapter 23 Online

Read Шежірелер 1-ж Chapter 23 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Шежірелер 1-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Шежірелер 1-ж 23

Тарау 23

1. Дәуіт жасы ұлғайған шағында өзінің ұлы Сүлейменді Исраилдің үстінен патша болуға тағайындаған еді.

2. Сол кезде ол Исраилдің барлық басшыларын, діни қызметкерлері мен леуіліктерді жинап алды.

3. Жасы отыз және одан жоғары леуілік ер адамдардың санағы жүргізілді. Олардың жалпы саны отыз сегіз мың екен.

4. Дәуіт солардың жиырма төрт мыңын Жаратқан Иенің киелі үйіндегі жұмыстарды атқаруға, алты мыңын басқарушы және төреші ретінде қызмет көрсетуге,

5. төрт мыңын қақпа күзетшісі, қалған төрт мыңын өзі дайындап берген күй аспаптарының сүйемелдеуімен Жаратқан Иені мадақтау қызметіне белгілеп қойды.

6. Дәуіт леуіліктерді Герсон, Қахат және Мераридің ұрпақтары бойынша топ-топқа бөліп те қойды.

7. Герсондық әулеттер Лібіни мен Шимейден тараған болатын.

8. Лібінидің үш ұлы: тұңғышы Ехиел және Зетам мен Жоел.

9. Лібіниден тараған әулет басшылары осылар еді. Шимейдің үш ұлы: Шеломот, Хазиел, Харан.

10. Шимейдің басқа да төрт ұрпағы: Яхат, Зизах, Егус, Бериях.

11. Яхат солардың біріншісі, ал Зизах екіншісі болды. Егус пен Берияхтың ұлдары көп болмағандықтан, олардың ұрпақтары нақты бір міндет атқаратын бір-ақ әулет болып есептелді.

12. Қахаттың төрт ұрпағы: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел.

13. Ымрамның Һарон мен Мұса есімді ұлдары болды. Һарон және одан тарайтын ұрпақтардың барлығы мына міндеттерді атқаруға тағайындалған болатын: киелі орынның бұйымдарын Құдайдың қызметіне ерекше бағыштау, Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалып, өртеп ұсыну, киелі үйдің өзге де қызметтерін жүргізу және Жаратқан Иенің атымен халыққа бата беру.

14. Құдайдың пайғамбары Мұсаның ұлдары мен олардан тараған ұрпақтар Леуі руымен бірге саналатын.

15. Мұсаның Гершом мен Елиезер есімді ұлдары болды.

16. Гершомның ұрпақтары: оның тұңғышы — Шебуил.

17. Елиезердің ұрпақтары: оның тұңғышы Рехабияхтан басқа ұлдары болмады. Ал Рехабияхтың өз ұрпақтары көп болды.

18. Ысқардың ұлдарының тұңғышы — Шеломит.

19. Хебронның ұлдары: тұңғышы Ерия, екіншісі Амариях, үшіншісі Яхазиел, төртіншісі Екамам болды.

20. Ұзиелдің ұлдары: тұңғышы — Миха мен екіншісі — Ишиях.

21. Мераридің ұлдары: Мәхли мен Мұши. Мәхлидің ұлдары: Елазар мен Қиш.

22. Елазар ұлдары болмай, қайтыс болды, оның тек қыздары болды. Өз туыстары — Қиштың ұлдары соларға үйленді.

23. Мұшидың Мәхли, Едер, Еремот есімді үш ұлы болды.

24. Осылар — Леуі руына жататын әулеттердің басшылары. Олар санақтан өткенде аты-жөндерімен тіркелді. Жасы жиырмаға жеткен немесе одан жоғары әрбір леуіліктің Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет етуіне болды.

25. Себебі Дәуіт былай деген болатын: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Өзінің халқын тыныш та тұрақты орынға қоныстандырып, Өзі де әрдайым Иерусалимдегі тұрағын мекендейтін болды.

26. Сондықтан леуіліктерге Жаратқан Иенің кездесу шатырын және қызметте қолданылатын құралдар мен бұйымдарды енді қайтып тасып алып жүрудің қажеті болмайды».

27. Сонымен Дәуіттің қалдырған соңғы нұсқаулары бойынша, леуіліктер жасы жиырмаға жетісімен қызметке алынып, тіркеліп отырды.

28. Леуіліктер Һароннан тараған діни қызметкерлерге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қызметтерінде көмектесуге міндетті еді. Олар, сондай-ақ, киелі үйдің аулалары мен қосалқы бөлмелерін күзетіп, тазалау рәсімдерін орындау және Құдайдың киелі үйінде орындалуы керек басқа да жұмыстарды істеуге тиісті болатын.

29. Леуіліктер мына қызметтерді де атқаратын: арнайы үстелге қойылатын нан тартуларын, астық тартуларына арналған таңдаулы ұнды дайындау, май жағылған ашымаған құймақтарды құю, табада нан пісіру, ұнға май қосып араластыру, құрбандықтар мен сый-тартулардың өлшемдері мен сандарын анықтау.

30. Леуіліктер әр күн сайын таңертең және кеште киелі үйдің алдында тұрып, Жаратқан Иеге шүкірлік айтып, мадақтайтын ән-жыр айту қызметін де орындайтын.

31. Олар сенбі күндері, әр айдың алғашқы күні және белгіленген мейрам күндері де Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды дайындап, ұсынуға көмектесетін. Алдын ала белгіленген ережеге сай леуіліктердің тиісті саны әрдайым Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге міндетті болды.

32. Леуіліктер өздеріне рулас діни қызметкерлердің басшылығымен кездесу шатыры мен киелі үйді күзетіп қорғап, Жаратқан Иенің киелі үйіндегі міндеттерін осылайша атқарды.

About Шежірелер 1-ж Chapter 23

Read Шежірелер 1-ж Chapter 23 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Шежірелер 1-ж
Chapter: 23
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Шежірелер 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Шежірелер 1-ж Chapter 23 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Шежірелер 1-ж Chapter 23?

Шежірелер 1-ж Chapter 23 is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Шежірелер 1-ж Chapter 23 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 6
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 3
  7. Ешуа Chapter 8

Explore More from шежірелер-1-ж

  1. Шежірелер 1-ж Chapter 20
  2. Шежірелер 1-ж Chapter 26
  3. Шежірелер 1-ж Chapter 9
  4. Шежірелер 1-ж Chapter 10
  5. Шежірелер 1-ж Chapter 27
  6. Шежірелер 1-ж Chapter 3
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 5

Related Chapters & Readings

  1. Лұқа Chapter 14
  2. Езекиел Chapter 34
  3. Лұқа Chapter 18
  4. Әйүп Chapter 2
  5. Шежірелер 2-ж Chapter 29
  6. Шежірелер 1-ж Chapter 28
  7. Забур жырлары Chapter 148
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *