Билер Chapter 15

For English

Read Билер Chapter 15 Online

Read Билер Chapter 15 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Билер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Билер 15

Тарау 15

1. Біраздан кейін бидай орылып жатқан кезде Самсон сыйлыққа бір лақ алып, әйелін көруге барды да: — Мен әйелімнің бөлмесіне кіремін! — деді. Бірақ әйелдің әкесі оны бөлмеге кіргізбей,

2. Самсонға: — Шынында мен сен оны әбден жек көресің деп ойлап, күйеу жолдасыңа ұзаттым. Ал сіңлісі одан әлдеқайда сұлу емес пе? Соны алсаңшы! — деп ұсынды.

3. Бірақ Самсон: — Мен енді філістірлерге қандай жамандық жасасам да, кінәсіз боламын! — деп жауап қайырды.

4. Самсон үш жүз түлкі ұстап алып, оларды қос-қостан құйрықтарынан матап, ортасынан бір алаудан байлап қойды.

5. Сол алауларды тұтатып, түлкілерді філістірлердің пісіп тұрған егіндіктеріне қарай қоя берді. Осылай олар філістірлердің буылған масақтары мен пісіп тұрған егіндерін, тіпті жүзімдіктері мен зәйтүн бақтарын да өртеп жіберді.

6. Філістірлер: «Мұны кім істеді екен?» — деп сұрастырып, «Мұны істеген — Самсон, тимналық бір адамның күйеу баласы. Сол адам Самсонның әйелін қайтарып алып, оның бір жолдасына қосыпты» — дегенді біліп алды. Сонда філістір жасақшылары өрлеп келіп, сол әйелдің өзін де, әкесін де өртеп жіберді.

7. Ал Самсон оларға: «Сендер солай істегендіктен, мен де енді барлығыңа тиісті жазаларыңды тартқызып болмайынша осылай істеуімді тоқтатпаймын!» — деді.

8. Содан ол соларға қатты соққы беріп, көбін қырып тастады. Мұнан кейін Самсон Етам атты жартасқа ылдилап барып, ондағы бір үңгірді паналап тұрды.

9. Ал філістірлер өрлеп барып, Яһуда жерінде қостарын тікті. Олар Лехидің маңына жайылып, елді тонаумен болды.

10. Яһуда руының адамдары: — Бізге қарсы неге аттанып келдіңіздер? — деп сұрағанда, олар: — Самсонды ұстап алып, бізге істегенінің есесін өзіне қайтаруға келдік! — деді.

11. Сонда Яһуда руынан үш мың адам Етам жартасына ылдилап барып, Самсонға: — Філістірлердің бізге үстемдік жүргізетінін білмейсің бе? Бұлай істегенің не? — деген сұрақ қойды. Ол: — Олар маған не істесе, мен де оларға сонысын қайтардым! — деді.

12. Яһуданың адамдары: — Сені байлап, філістірлердің қолына тапсыруға келіп отырмыз, — дегенде, Самсон: — Сендер маған бас салмаймыз деп ант етіңдер! — деп талап етті.

13. Олар: — Біз сені тек мықтап байлап, олардың қолына ұстап береміз, сол ғана. Сені сөзсіз өлтірмейміз! — деп уәде беріп, оны екі жаңа арқанмен байлап, жартастан алып шықты.

14. Самсон Лехиге келгенде, філістірлер оның алдынан қуана айқайлап шықты. Сонда Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып, оның қолындағы арқандар от тиіп тұтанған зығыр жіп іспетті білектерінен жерге сырғып түсіп қалды.

15. Самсон есектің құрғап кетпеген бір жақ сүйегін тауып алып, сол жақ сүйекпен бір мың адамды ұрып-соғып өлтірді.

16. Содан соң Самсон мәтелдеп былай деді: «Мың жаудың көзін құрттым есек жағымен-ақ, Өліктерін үйіп салдым есек жағымен-ақ!»

17. Мұны айтқаннан кейін Самсон қолындағы жақ сүйекті лақтырып тастады. Осы жерге Рамат-Лехи (яғни Жақ сүйек қыраты) деген ат қойды.

18. Сол кезде Самсон қатты шөлдеді. Ол Жаратқан Иеге: «Уа, Ием, Сен мен арқылы осы зор құтқаруды сыйладың. Енді шөлден өлермен боп, мына құдайсыз жаулардың қолына түсуім керек пе?» — деп дауыстап сиынды.

19. Сонда Құдай Лехидегі бір қуыс жерді қақ жарып, одан су аға жөнелді. Самсон судан ішіп, бойына күші қайтып, әл жинады. Сондықтан бұл қайнарды Ен-Хақоре (демек, Шақырғанның қайнары) деп атады. Лехиде осы су көзі әлі күнге дейін бар.

20. Філістірлер үстемдік жүргізген сол заманда Самсон Исраилге жиырма жыл бойы билік айтты.

About Билер Chapter 15

Read Билер Chapter 15 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Билер
Chapter: 15
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Билер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Билер Chapter 15 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Билер Chapter 15?

Билер Chapter 15 is part of the Book of Билер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Билер Chapter 15 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from билер

  1. Билер Chapter 21
  2. Билер Chapter 13
  3. Билер Chapter 19
  4. Билер Chapter 8
  5. Билер Chapter 5
  6. Билер Chapter 18
  7. Билер Chapter 17

Explore More from Ескі өсиет

  1. Ишая Chapter 5
  2. Езекиел Chapter 18
  3. Еремия Chapter 23
  4. Нақыл сөздер Chapter 9
  5. Заңды қайталау Chapter 34
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 7
  7. Амос Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 3-ж Chapter 6
  2. Еремия Chapter 51
  3. Еремия Chapter 35
  4. Езекиел Chapter 24
  5. Шежірелер 2-ж Chapter 10
  6. Забур жырлары Chapter 135
  7. Забур жырлары Chapter 143
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *