Read Забур жырлары Chapter 71 Online
Read Забур жырлары Chapter 71 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Забур жырлары 71
Тарау 71
1. Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан, Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан.
2. Сен әділсің, мені босата көрші, Құлақ түріп маған, құтқара көрші.
3. Бола гөр лайым бас сауғалар панам, Сөзіңе сай құтқаршы, құздай қорғаным!
4. О, Құдайым, босатшы мені зұлымнан, Күнәкар қанаушының қыспағынан.
5. Жаратушы Тәңір Ием, үмітім Сенсің, Жастайымнан-ақ Өзіңе сеніп келемін,
6. Құрсақтан-ақ Саған сүйеніп келемін, Туғаннан-ақ Сен қамқоршымсың менің. Еш таусылмас Сені мадақтайтын әнім.
7. Көп адамға ғажап белгі іспеттімін, Ал Сен күш-қуатым мен қорғаушымсың.
8. Өзіңді мадақтауды еш тоқтатпаймын, Сенің көркіңді күнде жырлаймын.
9. Қартайғанда маған теріс қарай көрме, Күшім қайтқанда мені тастап кетпе.
10. Жауларым маған қарсы сөз байласуда, Жанымды аңдығандар ақылдасуда:
11. «Жоқ құтқарушысы, Құдай тастап кетті, Қуып жетіп, ұстап алайық!» деседі.
12. Уа, Құдай, менен алыстап кетпеші, Құдайым менің, көмекке тез жетші.
13. Маған мін таққандар ұялып, жоқ болсын, Қастық ойлаған олар ұятқа орансын!
14. Ал мен әрдайым үмітпен күтудемін, Барған сайын молырақ дәріптеймін,
15. Сенің әділдігің және құтқаруың Туралы мен күн ұзаққа айтудамын, Маған көрсетіп келген жақсылықтарың Сансыз, олардың бәрін біле алмаймын.
16. Жаратушы Тәңір Ием, құдіретіңді ойлаймын, Тек Сенің әділдігіңді жұртқа жариялаймын.
17. Уа, Құдай, жастайымнан мені үйретесің, Әлі де ғажаптарыңды паш етемін.
18. Қартайып басымды қырау шалғанда, О, Құдайым, мені жалғыз қалдырма, Қайта, құдіретіңді жаңа ұрпаққа, Керемет істеріңді келер буындарға Жол бере көрші маған уағыздауға.
19. Әділдігің Сенің заңғар аспандай, Ұлы істерді жасап келесің, о, Құдай, Саған тең келер кім бар еді, уа, Құдай?
20. Көп ауыр азаптар жібердің маған, Қалпына келтіресің бірақ қайтадан Жанымды менің, шығарып тұңғиықтан.
21. Құрмет сыйлап жұбата гөр жаңадан.
22. Сонда Сені жетігенмен мадақтаймын, Сен уәдеңе беріксің, уа, Құдайым, Исраил сиынатын Киелі Тәңірім, Саған домбыра тартып әнімді арнаймын,
23. Шаттанып Саған жырымды бағыштаймын, Өйткені Сен мені құтқардың апаттан.
24. Иә, күн сайын әділдігің жайлы айтам: Маған қастық ойлағандар ұятқа батқан!
About Забур жырлары Chapter 71
Read Забур жырлары Chapter 71 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Забур жырлары
Chapter: 71
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Забур жырлары Chapter 71 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Забур жырлары Chapter 71?
Забур жырлары Chapter 71 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 71 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from забур жырлары
- Забур жырлары Chapter 51
- Забур жырлары Chapter 102
- Забур жырлары Chapter 144
- Забур жырлары Chapter 93
- Забур жырлары Chapter 88
- Забур жырлары Chapter 134
- Забур жырлары Chapter 90