Read Жаратылыстың бастауы Chapter 22 Online
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жаратылыстың бастауы and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Жаратылыстың бастауы 22
Тарау 22
1. Осы оқиғалардан соң Құдай Ыбырайымды сынамақ болып, оны: — Ыбырайым! — деп шақырды. Ол: — Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді.
2. Сонда Құдай оған: — Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер! — деп бұйырды.
3. Ыбырайым таңертең ерте тұрып, есегін ерттеп, жастау екі қызметшісін және ұлы Ысқақты өзімен бірге ертіп алды. Ол құрбандық отына жеткілікті етіп отындық ағаш жарып алып, Құдай өзіне айтқан жерге қарай жолға шықты.
4. Үшінші күн дегенде, Ыбырайым айналасына көз жүгіртіп, сол жерді алыстан көрді.
5. Сонда ол қызметшілеріне: «Сендер есекпен осы жерде қалыңдар. Балам екеуіміз сол жерге өрлеп барып, Құдайға ғибадат етеміз, содан кейін сендерге қайтып келеміз», — деді.
6. Ыбырайым құрбандық отына арналған ағашты баласы Ысқаққа арқалатып, өзі шоқ салынған ыдыс пен пышақты қолына ұстап, екеуі бірге әрі қарай жүріп кетті.
7. Сонда Ысқақ әкесіне: — Әке! — деп тіл қатты. Ыбырайым: — Иә, ұлым, не айтайын деп едің, — деді. Ысқақ: — Бізде шоқ пен отын бар, ал құрбандыққа шалынып, өртелетін қой қайда? — деп сұрады.
8. Ыбырайым: — Ұлым, Құдай құрбандыққа шалынып, өртелуге қажетті қойды Өзі береді, — деді. Осылай екеуі бірге әрі қарай жүре берді.
9. Олар Құдай белгілеп берген жерге келгенде, Ыбырайым құрбандық өртейтін орын жасап, оның үстіне отындық ағаштарды қаластырды. Мұнан соң Ысқақты байлап, осы ағаштардың үстіне жатқызды.
10. Содан кейін Ыбырайым пышағын қолына алып, ұлын бауыздамақ болды.
11. Ал сол сәтте Жаратқан Иенің періштесі оған көктен дауыстап: — Ыбырайым! Ыбырайым! — деп тіл қатты. Ол: — Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді.
12. Періште: — Балаңа қол көтерме, оған ештеңе істеме! (Құдай былай дейді:) енді сенің Өзімді терең қастерлейтініңе көзім жетті. Себебі Менен өзіңнің жалғыз ұлыңды да аямадың, — деді.
13. Ыбырайым төңірегіне көз тастағанда, қалың бұтаның ішінде мүйізінен шырмалып қалған қошқарды көрді. Ол барып, қошқарды әкелді де, оны ұлының орнына құрбандыққа шалып, өртеп жіберді.
14. Осы жерге Ыбырайым «Жаратқан Ие қажетіңді береді» деген ат қойды. Сондықтан да күні бүгінге дейін жұрт: «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында береді», — дейді.
15. Жаратқан Иенің періштесі Ыбырайымға екінші рет көктен дауыстап былай деді:
16. «Жаратқан Ие мынаны айтады: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін өз атыммен ант етемін:
17. саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болады.
18. Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің».
19. Бұдан кейін Ыбырайым қызметшілерінің қасына қайта оралып, бәрі Бер-Шебаға қарай жол тартты. Содан Ыбырайым сол маңайда қоныстанып тұрып қалды.
20. Осы оқиғалардан соң Ыбырайымға: «Ініңіз Нахордың әйелі Мылқа да бірнеше ұлдың анасы болды» деген хабар келіп жетті.
21. Атап айтқанда, ол тұңғышы Усты, оның інісі Бузды, Араманың әкесі Кемуелді
22. және Кесетті, Хазоны, Пилдашты, Идлафты, Бетуелді дүниеге келтірді.
23. Осы Бетуелдің қызы Рабиға болды. Сол сегіз ұлды Мылқа Ыбырайымның інісі Нахорға туып берді.
24. Ал Нахордың Рехума есімді кәнизагы Тебах, Ғахам, Тахаш, Маха атты төрт ұл тапты.
About Жаратылыстың бастауы Chapter 22
Read Жаратылыстың бастауы Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Жаратылыстың бастауы
Chapter: 22
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жаратылыстың бастауы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Жаратылыстың бастауы Chapter 22 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Жаратылыстың бастауы Chapter 22?
Жаратылыстың бастауы Chapter 22 is part of the Book of Жаратылыстың бастауы in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Жаратылыстың бастауы Chapter 22 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from жаратылыстың бастауы
- Жаратылыстың бастауы Chapter 10
- Жаратылыстың бастауы Chapter 4
- Жаратылыстың бастауы Chapter 49
- Жаратылыстың бастауы Chapter 48
- Жаратылыстың бастауы Chapter 50
- Жаратылыстың бастауы Chapter 35
- Жаратылыстың бастауы Chapter 45