Забур жырлары Chapter 107

For English

Read Забур жырлары Chapter 107 Online

Read Забур жырлары Chapter 107 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Забур жырлары and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Забур жырлары 107

Тарау 107

1. Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны, Мәңгілікке ұласады берік рақымы!

2. Осылай десін Жаратқанның құтқарғандары, Оның жау қолынан босатып алғандары,

3. Жаратқанның жат елдерден жинағандары, Шартараптан еліне қайтарғандары.

4. Біреулері құла түзде босып жүрді, Мекендейтін қала таппай дала кезді.

5. Аш болып, олар суға да зарықты, Жандары әлсіреп, өше жаздады.

6. Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды, Иеміз оларды қасіреттен құтқарды.

7. Мекендей алатын қалаға оларды Тура жолмен жетелеп бастап барды.

8. Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін, Адамдарға істеген кереметтері үшін!

9. Сусаған адамның шөлін Ол қандырды, Қарны аш жанды нәрлі аспен тойдырды.

10. Біреулер түнекте, үмітсіз жағдайда Тұтқында қиналып жатты темір бұғауда,

11. Олар сөзіне қарсы шығып Құдайдың, Кеңесін менсінбеп еді Хақ Тағаланың.

12. Сонда Ол халқын ауыр бейнетке салды, Олар сүрініп құлап, ешкім қолдамады.

13. Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды, Иеміз оларды қасіреттен құтқарды,

14. Үмітсіз жағдай мен түнектен шығарды, Байланған құрсауларын сындырып лақтырды.

15. Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін, Адамдарға істеген кереметтері үшін!

16. Қола қақпаларды Ол быт-шыт қылды, Темір ысырмаларын да сындырды.

17. Біреулер бас көтеріп ақымақ болды, Күнәларына бола індетке шалдықты,

18. Барлық тамақтан жиренетін болды, Ажалдың қақпаларына таяп қалды.

19. Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды, Иеміз оларды қасіреттен құтқарды.

20. Ол сөзін арнап, оларды сауықтырды, Жандарын ажалдан аман алып қалды.

21. Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін, Адамдарға істеген кереметтері үшін,

22. Шүкірлік тартуларын Иемізге ұсынсын, Шаттық әнмен Оның істерін паш қылсын!

23. Кемелермен теңізге шығатындар, Мұхитты кезіп, сауда жасайтындар

24. Көреді Жаратқан Иенің істерін, Терең теңіздегі кереметтерін.

25. Ол бұйрық беріп, қатты дауыл жіберді, Зәулім биік толқындарды көтерді.

26. Кеме аспанға көтеріліп, жоғары шықты, Тұңғиыққа құлағандай төмен түсті, Қауіптен адамдардың үрейлері ұшты,

27. Маскүнемдей тәлтіректеп шайқалысты, Не істерін білмей сапырылысты.

28. Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды, Иеміз оларды қасіреттен құтқарды.

29. Ол дауылды басып, саябырсытты, Теңіздің толқындарын да тыншытты.

30. Дауыл басылғанда адамдар қуанды, Аңсаған кемежайына Ол бастап апарды.

31. Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін, Адамдарға істеген кереметтері үшін,

32. Халықтар жиынында Оны дәріптесін, Ақсақалдар кеңесінде қастерлесін!

33. Құдай өзендерді айналдырады шөлге, Ал бұлақтарды құрғатып құла түзге,

34. Шұрайлы жерді — сортаң иен далаға, Тұрғындарының зұлымдықтарына бола.

35. Бірақ шөлейт жерді Ол айналдырады көлге, Кеуіп қалған даланы қайнар көзге,

36. Аш жандарды сонда қоныстандырады, Олар мекендейтін қала тұрғызады,

37. Егін егіп, жүзімдік отырғызады, Солардан ағыл-тегіл өнім алады.

38. Жаратқан Ие сол жандарды жарылқайды, Олар өсіп-өніп ғаламат молаяды, Мал басын да Иеміз азайтпайды.

39. (Халық тағы паңданса) саны қысқарады, Езгі, апат, қайғы оны жуасытады,

40. Атақтыларын Иеміз қор қылады, Жолсыз құла түзді кездіріп қояды,

41. Ал жарлыны мүшкіл халінен босатады, Отардағы қойдай ұрпағын молайтады.

42. Әділдер мұны көріп, шаттанады, Бар зұлымдар ауыздарын жабады.

43. Ақылды жан бұл жайттарға ден қояды, Жаратқанның берік рақымын ұғынады.

About Забур жырлары Chapter 107

Read Забур жырлары Chapter 107 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Забур жырлары in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Забур жырлары
Chapter: 107
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Забур жырлары. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Забур жырлары Chapter 107 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Забур жырлары Chapter 107?

Забур жырлары Chapter 107 is part of the Book of Забур жырлары in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Забур жырлары Chapter 107 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from забур жырлары

  1. Забур жырлары Chapter 32
  2. Забур жырлары Chapter 30
  3. Забур жырлары Chapter 77
  4. Забур жырлары Chapter 136
  5. Забур жырлары Chapter 46
  6. Забур жырлары Chapter 98
  7. Забур жырлары Chapter 15

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 147
  2. Таңдауы ән Chapter 2
  3. Забур жырлары Chapter 55
  4. Елшілердің істері Chapter 11
  5. Еремия Chapter 18
  6. Шежірелер 1-ж Chapter 25
  7. Забур жырлары Chapter 10
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *