Естер Chapter 1

For English

Read Естер Chapter 1 Online

Read Естер Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Естер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Естер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Естер 1

Тарау 1

1. Бұл оқиға Ахасуер патшаның заманында болды. Ол Үндістаннан бастап Құш еліне дейін ұласқан жүз жиырма жеті аймаққа патшалық құрды.

2. Сол кездері Ахасуер Сузы қорғанындағы сарайының тағында отырып билік жүргізді.

3. Патшалық құрған үшінші жылы Ахасуер қарамағындағы барлық әміршілері мен қызметкерлеріне арнап той жасады. Тойға Персия мен Мидияның әскербасылары әрі аймақтардың ақсүйектері мен әміршілері жиналды.

4. Патша ұзақ уақыт — толық жүз сексен күн бойы патшалығының ағыл-тегіл байлығын әрі өзінің салтанатты ұлылығының қаншалықты тамаша екендігін көрсетумен болды.

5. Осы күндер өткен соң, патша енді Сузы қорғанындағы жасы бар, кәрісі бар бүкіл халыққа да арнап жеті күндік той жасады. Той патша сарайының саябағындағы аулада өтті.

6. Сол орын ақ және көк түсті бәтестен тігілген перделермен безендірілген болатын. Олар мәрмәр бағаналарға тағылған күміс шығыршықтарға ақ бәтес және қырмызы түсті жіптермен байланған еді.

7. Қызыл және ақ мәрмәр, маржан әрі түрлі-түсті асыл тастардан төселген еденге алтын, күміс түсті қамқамен қапталған жастықтар қойылған болатын.

8. Патшаның жомарттығына сай молынан әкелінген шарап алуан түрлі үлгідегі алтын ыдыстарға құйылып беріліп отырды. Патшаның әмірімен әр қонақ еш мәжбүрленбей, қалай ішкісі келсе, солай іше алды. Себебі патша шарап тасушыларға әркімге қалағанын алып келуді бұйырған болатын.

9. Астин патшайым да әйелдерге арнап Ахасуердің патшалық сарайында той жасады.

10. Жетінші күні шарапқа қызыңқырап алған патша қасындағы жеті сарай қызметкерін өзіне шақырып алды. Олардың есімдері Меһуман, Бизта, Харбона, Биқта, Абақта, Зетар, Қарқас болатын. Патша оларға:

11. «Астин патшайымды басына тәжін кигізіп алдыма алып келіңдер!» — деп бұйырды. Патша халыққа және лауазымды адамдарға патшайымның сұлулығын көрсетпек болды. Өйткені ол аса көрікті әйел болатын.

12. Алайда Астин патшайым патшаның сарай қызметкерлері арқылы жіберген бұйрығын орындаудан бас тартты.

13. Бұған патша қатты ашуланып, бойында қаһары лаулады. Содан патша елдің тарихынан хабардар данышпан кеңесшілерімен ақылдасты. Өйткені оның заңдар мен әділетті білетін күллі адамдарымен ақылдасатын әдеті бар еді.

14. Сол кезде патшаға парсы және мидиялық мына жеті қызметкері жақын жүретін: Қаршена, Шетар, Адмата, Тарсис, Мерес, Марсена, Мемухан. Олар патшаның алдына келе алатын. Бүкіл патшалықта сол жетеудің мәртебесі жоғары болды.

15. Патша оларға мына сауалды қойды: — Заң бойынша Астин патшайымға қандай шара қолданған жөн? Өйткені ол патшаның сарай қызметкерлері арқылы жіберген бұйрығын орындаған жоқ.

16. Сонда Мемухан патша мен әміршілердің алдына шығып былай деді: — Астин патшайым патша ағзамға да, өзіңізге қарайтын барша аймақтардағы күллі әміршілер мен бүкіл халықтарға да зұлымдық жасады.

17. Себебі патшайымның осы қылығы жайлы басқа барлық әйелдердің құлақтарына жетпек. Сонда олар: «Ахасуер патша Астин патшайымды өз алдына әкелуді бұйырғанда ол келмей қойды!» деп, өз қожайындарын менсінбей кететін болады.

18. Бүгін-ақ Персия мен Мидиядағы текті әйелдер патшайымның осы істегені туралы естіп, патшаның күллі әміршілеріне де дәл солай демек. Содан менсінбеу мен қаһарлану кең етек жаймақ.

19. Патша ағзам мақұл көрсе, патшалық жарлық шығарылсын. Жарлық парсылар мен мидиялықтардың өзгертуге болмайтын заңдарына тіркеліп қосылсын. Онда Астиннің бұдан былай Ахасуер патшаның алдына келуіне болмайды деп жазылсын. Ал патша одан гөрі лайықты басқа бір патшайымды таңдап алсын.

20. Сонымен патша ағзамның осы жарлығы оның бүкіл ұлан-ғайыр патшалығы бойынша жарияланғанда, әйелдердің барлығы жоғарғысынан бастап төменгісіне дейін өз қожайындарына құрмет көрсететін болады.

21. Осы ұсынысты патша да, әміршілер де жөн көрді. Патша Мемуханның ұсынғаны бойынша істеп,

22. патшалықтың барлық аймақтарына, әр аймаққа өз әліппесі мен өз тілінде мына жарлықты жібертті: «Әрбір ер адам өз үйінде билік жүргізіп, өз халқының ана тілінде сөйлейтін болсын!»

About Естер Chapter 1

Read Естер Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Естер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Естер
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Естер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Естер Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Естер Chapter 1?

Естер Chapter 1 is part of the Book of Естер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Естер Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from естер

  1. Естер Chapter 7
  2. Естер Chapter 5
  3. Естер Chapter 1
  4. Естер Chapter 10
  5. Естер Chapter 2
  6. Естер Chapter 5
  7. Естер Chapter 6

Related Chapters & Readings

  1. Ешуа Chapter 7
  2. Мысырдан шығу Chapter 1
  3. Уағыздаушы Chapter 7
  4. Римдіктерге Chapter 16
  5. Забур жырлары Chapter 106
  6. Нақыл сөздер Chapter 28
  7. Аян Chapter 13
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *