Әйүп Chapter 37

For English

Read Әйүп Chapter 37 Online

Read Әйүп Chapter 37 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 37

Тарау 37

1. Сол себепті жүрегім шошып, өз орнынан ыршып кетейін деп тұр.

2. Тыңдаңыздаршы! Тәңірдің үнінің гүріліне, аузынан шығып жатқан күркіреуге құлақ түріңіздерші!

3. Ол найзағайын аспанның бүкіл кеңістігіне жіберіп, оның жарқырауы жердің алыс түкпір-түкпірлеріне жетеді.

4. Содан соң күркіреудің даусы шығады. Құдай керемет зор үнімен күркірейді. Онысы естілгенде Ол найзағайларына шек қоймайды.

5. Осылай Құдай Өзінің ғажайып күркіреген даусын шығарады. Ол біз ұғына алмайтын керемет істерді істейді.

6. Құдай қарға: «Жерге жау!», нөсер жаңбырға: «Қатты нөсер болып құйыл!» деп бұйырады.

7. Сонда адамдардың бәрі істеп жатқан жұмыстарын тоқтатып, Оның керемет істеріне қарап тұрады.

8. Аңдар апандарына барып жасырынады. Осы ауа райы өтіп кеткенше апандарын паналайды.

9. Кейде құйын өз орнынан шығып, солтүстік дауыл аяз алып келеді.

10. Құдайдың жіберген (аязды) желінен мұз пайда болып, кең жайылған су қатып қалады.

11. Тәңір қою бұлттарды ылғалға кенелтеді, олар арқылы найзағайларын жарқыратады.

12. Бұлттар Оның нұсқауымен бүкіл әлемнің бетімен жөңки көшіп, Оның айтқанының бәрін орындайды.

13. Құдай бұлттарды не адамдарды жазалау үшін, не жерді суарып Өзінің берік мейірімін көрсету үшін келтіреді.

14. Әйүп аға, мынаны тыңдаңызшы! Тоқтап, Құдайдың кереметтеріне назарыңызды аударыңызшы.

15. Құдайдың дауылдарға қалай бағдар беретінін, найзағайын бұлттардан қалай жарқылдататынын білесіз бе?

16. Білімі кемел Жасаған Иенің бұлттарды аспанда қалай қалықтайтын қылғанын ұғасыз ба?

17. Оңтүстіктен соққан жел басылып, жер қурап жатқанда, киіммен пысынап ыстықтайсыз.

18. Аспан кеңістігі шыңдалған қола айнаға ұқсас; оны Тәңір Иемен бірге жайып жібере аласыз ба?

19. Құдайға не айтуымыз керек, соны бізге үйретіңізші. Қараңғылықта болғандықтан өз ісімізді қорғай алмаймыз.

20. Менің бір нәрсе айтатыным туралы біреу Оған мәлімдей ме? Жоқ, әлде Оған сол туралы хабар жеткізу керек пе?

21. Жел тұрып, аспанды шайдай ашып жібергенде, ешбір адам жарқыраған күнге тіке қарай алмайды.

22. Сол сияқты, Құдай да Өзінің тауынан алтындай жарқыраған салтанатқа бөленіп, өз нұрлы да үрейлі салтанатын жамылып келеді.

23. Құдіреті шексіз Тәңір біз жете алмайтындай бәрінен жоғары. Ол өте күшті де әділ, ешкімді езгіге салмайды.

24. Пенделер сол үшін де Оны мейлінше қастерлейді. Ең даналар да Оны толығымен танып-біле алмайды.

About Әйүп Chapter 37

Read Әйүп Chapter 37 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 37
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 37 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 37?

Әйүп Chapter 37 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 37 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 2
  3. Әйүп Chapter 33
  4. Әйүп Chapter 17
  5. Әйүп Chapter 10
  6. Әйүп Chapter 42
  7. Әйүп Chapter 35

Explore More from Ескі өсиет

  1. Даниял Chapter 4
  2. Естер Chapter 5
  3. Забур жырлары Chapter 104
  4. Забур жырлары Chapter 48
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 12
  6. Забур жырлары Chapter 53
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 11

Related Chapters & Readings

  1. Матай Chapter 2
  2. Еремия Chapter 17
  3. Забур жырлары Chapter 10
  4. Ишая Chapter 59
  5. Билер Chapter 11
  6. Руларды санау Chapter 25
  7. Әйүп Chapter 21
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *