Әйүп Chapter 22

For English

Read Әйүп Chapter 22 Online

Read Әйүп Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Әйүп and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Әйүп 22

Тарау 22

1. Сонда темандық Елипаз жауап беріп былай деді:

2. — Күшті адамның Құдайға келтірер пайдасы бар ма? Ең дана деген пенде Оған пайдалы бола ала ма?

3. Тіпті сен өзің әділ болсаң, құдіреті шексіз Тәңірді соныңмен қандай ризашылыққа кенелтер едің? Іс-әрекетің мінсіз болса, Оған келер пайда не болмақ?

4. Құдайдың өзіңе осылайша айып тағып, соттағаны сенің Оны терең қастерлегенің үшін дейсің бе?!

5. Қайта, ол аса зұлым болғаныңнан емес пе? Істеген зұлымдықтарыңның еш шегі жоқ болса керек!

6. Сен бейшара ағайындарыңнан алған қарызына еш себепсіз кепілдік талап етіп, киімі аз олардың қолдарындағы барын да тартып алғансың.

7. Тіпті шөлдеген адамға су, ашыққан адамға нан бермейтінсің.

8. Жер мықты адамдікі, беделді кісі оны мекендейді (деген шығарсың).

9. Бейшара жесірлерді құр қол жіберіп, жетімдердің де үмітін өшіретінсің.

10. Сондықтан да жан-жағыңда тұзақтар пайда болып, аяқ астынан үрейің ұшты.

11. Дым көрінбейтін тас түнектің ортасында қалып, үстіңді топан су басып тастаған.

12. Құдай заңғар көкте емес пе? Ал ең алыс жұлдыздар қандай биікте десеңші?!

13. Бірақ сен сонда да: «Құдай не білуші еді? Мұндай қою түнек арқылы Ол адамзатты қалай соттай алушы еді?

14. Қалың бұлттар Оның төңірегін тұмшалап алған, аспан күмбезін айнала шарлап жүріп Ол түк көрмейді!» дейсің.

15. Зұлым адамдардың ежелден жүріп келе жатқан жолымен сен өзің де жүрмексің бе?

16. Олар осы дүниеден уақытынан бұрын аластатылып, түпнегіздері тасыған сумен шайылып кетті.

17. Сол зұлымдар Құдайға: «Қасымыздан аулақ кетші!» дейтін, әрі: «Құдіреті шексіз Тәңір бізге не істей алар екен?» деп бөсетін.

18. Бірақ Құдай солардың үйлерін игілікке толтырған еді ғой! Ал мен зұлымдардың мұндай ойларынан аулақ жүремін.

19. Әділдер сол жайттарды көріп, қуанады, адал жүргендер:

20. «Дұшпандарымыз шынымен қырылды, арттарынан қалғанды от жалмады!» деп арсыздарды келемеждейді.

21. Құдайға мойынсұн, сонда жаның тыныш болады, әрі амандық саған қайтып келеді.

22. Құдайдың аузынан шыққан тәлімді қабылдасаңшы! Оның айтқан сөздерін жүрегіңе сақтап қойсаң екен!

23. Егер құдіреті шексіз Тәңірге қайтадан бет бұрсаң, Онымен қарым-қатынасыңды қалпына келтіресің. Сондықтан үй ішіңнен зұлымдықты аластат!

24. Егер ақшақұмарлығыңнан бас тартсаң, тіпті саф алтынды шаң-тозаңдай көрсең,

25. онда құдіреті шексіз Тәңірдің Өзі сенің қазынаң болады. Ол саған таңдаулы күмісіңдей қымбат болмақ.

26. Сонда сен құдіреті шексіз Тәңірмен қарым-қатынасыңа қуанып, жарқын жүзбен Құдайға қарайтын боласың.

27. Сен Оған сиынып, Ол саған құлақ асады, әрі өзің де Оған берген уәделеріңді орындайсың.

28. Сенің ой-ниетің жүзеге асып, алдыңдағы жолың нұрға бөленеді.

29. Біреудің басына ауыртпалық түскенде, сен «Оны қолдай гөр!» деп сиынасың. Сонда Құдай сол бейшараны аман сақтап қалады.

30. Құдай тіпті кінәлі адамды да құтқарады. Сонда осы кісі сенің қолың таза болғандықтан аман қалады.

About Әйүп Chapter 22

Read Әйүп Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Әйүп in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Әйүп
Chapter: 22
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Әйүп. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Әйүп Chapter 22 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Әйүп Chapter 22?

Әйүп Chapter 22 is part of the Book of Әйүп in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Әйүп Chapter 22 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from әйүп

  1. Әйүп Chapter 12
  2. Әйүп Chapter 2
  3. Әйүп Chapter 33
  4. Әйүп Chapter 17
  5. Әйүп Chapter 10
  6. Әйүп Chapter 26
  7. Әйүп Chapter 42

Explore More from Ескі өсиет

  1. Забур жырлары Chapter 11
  2. Шежірелер 1-ж Chapter 1
  3. Мысырдан шығу Chapter 18
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 6
  5. Рут Chapter 4
  6. Забур жырлары Chapter 77
  7. Патшалықтар 3-ж Chapter 6

Related Chapters & Readings

  1. Заңды қайталау Chapter 15
  2. Уағыздаушы Chapter 12
  3. Езекиел Chapter 45
  4. Билер Chapter 14
  5. Ишая Chapter 30
  6. Забур жырлары Chapter 139
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 20
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *