Рут Chapter 1

For English

Read Рут Chapter 1 Online

Read Рут Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Рут in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Рут and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Рут 1

Тарау 1

1. Исраилді билер басқарып тұрған заманда бірде елді аштық жайлады. Сонда Яһуда руының Бетлехем қаласынан бір ер адам әйелі мен екі ұлын ертіп, Исраилден көшіп кетті. Олар жат жұрттықтар ретінде Моаб елінде уақытша тұра тұрмақ болды.

2. Сол адамның аты Елімәлік, әйелінікі Нағима, ал екі ұлы Махлон мен Хилион еді. Олар ефраталықтар, Яһуда жеріндегі Бетлехем қаласының тұрғындары болатын. Осылай бұл отбасы Моаб еліне барып, сонда тұрып жатты.

3. Алайда күйеуі Елімәлік қайтыс болып, Нағима екі баласымен жесір қалды.

4. Ұлдары моабтық қыздарға үйленді, келіндерінің біреуінің аты Орпа, екіншісінікі Рут еді. Отбасы Моаб елінде он жылдай тұрғаннан кейін

5. Нағиманың ұлдары Махлон мен Хилион да қайтыс болды. Сонымен әйел күйеуі мен ұлдарынан айырылып, жалғыз қалды.

6. Моаб елінде жүрген Нағима Жаратқан Ие Өзінің таңдап алған халқы Исраилді жарылқап, елде астықтың бітік шыққаны туралы естіді. Содан Нағима екі келінін ертіп Моаб жерінен өз еліне кері қайтуға жиналды.

7. Сонымен олар уақытша тұрған мекенжайын тастап, Яһуданың жеріне қарай сапарға шықты.

8. Жолшыбай Нағима келіндеріне: — Ал енді, сендер әке-шешелеріңнің үйлеріне қайтыңдар. Менің өзіме, марқұм ұлдарыма адал да мейірімді болып келдіңдер. Лайым сендерге сол үшін Жаратқан Ие рақымын түсіре көрсін!

9. Ием сендерге жақсы күйеу мен жайлы баспана сыйлай көрсін! — деп батасын беріп, беттерінен сүйді. Бірақ олар зар еңіреп жылап:

10. — Сізбен бірге біз де ел-жұртыңызға барайықшы, — деп өтінді.

11. Алайда Нағима: — Қыздарым, үйлеріңе қайтсаңдаршы! Маған несіне ересіңдер? Сендерге үйлене алатын басқа ұлдарым жоқ қой.

12. Кері қайтыңдар, қарақтарым! Өзім енді күйеуге шығуға кәрімін. Тіптен бүгін күйеуге шығып, ұлды болармын деген үмітім болған күнде де,

13. олар ер жеткенше күте алар ма едіңдер? Соларға бола күйеуге шықпай жүре берер ме едіңдер? Жоқ, қыздарым, Жаратқан Иенің маған жіберген қайғысын бірге бөлісіңдер деп сендерді ұстауым дұрыс болмас, — деп жауап берді.

14. Екеуі бұрынғыдан бетер зар еңіреп жылады. Соңында Орпа енесінің бетінен сүйіп қоштасты, ал Рут одан айырылмай қалып қойды.

15. Нағима Рутқа: — Көрдің ғой, абысының ел-жұртына және сиынатын тәңірлеріне қайта оралды. Сен де оның ізімен кері қайтсаңшы, — деді.

16. Алайда Рут: — Сізді тастап, қайта оралуға мені қинай көрмеңіз. Сіз қайда барсаңыз, мен де сонда барамын. Қайда тұрсаңыз, мен де сонда тұрамын. Сіздің халқыңыз менің халқым, сіздің Құдайыңыз менің Құдайым болады!

17. Қайда өлсеңіз, мен де сонда өліп, жерленемін. Егер мен бұ дүниеден кеткенше сізден ажырассам, мені Жаратқан Ие жазалаған үстіне жазалай түссін! — деп тұрып алды.

18. Руттың өзімен бірге жүруге белді бекем буғанына көзі жеткен соң, Нағима оны әрі қарай үгіттеуін доғарды.

19. Сонымен екеуі Бетлехемді бетке алып, жүріп кетті. Оған жеткенде, қала халқы толқып: — Ойбай-ау, мынау Нағима ғой?! — десті.

20. Сонда ол: — Мені Нағима («Бақытты») емес, Мара («Қайғылы») деп атаңдар, — деді. — Себебі құдіреті шексіз Құдай маған қайғылы өмір бұйырды.

21. Бұл жерден үй ішіміз түгел аттанған едік, ал енді Жаратқан Ие менің жалғыз қара басымды ғана қайтарып отыр. Сендер мені несіне «Бақытты» деп атайсыңдар? Жаратқан Ие маған қарсы шығып, құдіреті шексіз Құдай басыма бақытсыздық түсірді ғой.

22. Осылай Нағима моабтық келіні Рутпен бірге Моаб елінен қайта оралған еді. Олар Бетлехем қаласына келгенде арпаны жаңа жинай бастаған кез болатын.

About Рут Chapter 1

Read Рут Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Рут in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Рут
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Рут. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Рут Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Рут Chapter 1?

Рут Chapter 1 is part of the Book of Рут in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Рут Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from рут

  1. Рут Chapter 2
  2. Рут Chapter 4
  3. Рут Chapter 1
  4. Рут Chapter 4
  5. Рут Chapter 4
  6. Рут Chapter 3
  7. Рут Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 1
  2. 1 Қорынттықтарга Chapter 11
  3. Ишая Chapter 9
  4. Заңды қайталау Chapter 18
  5. 2 Тімотеге Chapter 2
  6. Жохан Chapter 7
  7. Забур жырлары Chapter 45
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *