Read Шежірелер 1-ж Chapter 25 Online
Read Шежірелер 1-ж Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Шежірелер 1-ж and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Шежірелер 1-ж 25
Тарау 25
1. Дәуіт пен оның қолбасшылары Асафтың, Хеманның және Едутунның кейбір ұлдарын ерекше көңіл күйіне еніп жетіген, шертер, сылдырмақтың сүйемелдеуімен мадақтау жырларын айту қызметіне айрықша тағайындады. Осы қызметті атқарған адамдардың тізімі мынау:
2. Асафтың ұлдарынан: Зақур, Жүсіп, Нетаниях, Ашарелах. Асаф өз ұлдарына жетекшілік етті. Асафтың өзі Дәуіт патшаның басқаруымен ерекше көңіл күйіне еніп мадақтау жырларын айтатын.
3. Едутуннің ұлдарынан: Ғодалиях, Сери, Ишая, Шимей, Хашабиях, Мататиях; барлығы — алтау. Оларға әкесі Едутун жетекшілік етті. Оның өзі жетігенде ойнағанда ерекше көңіл күйіне еніп Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік білдіретін.
4. Хеманның ұлдарынан: Буқиях, Маттаниях, Ұзиел, Шебуил, Еримот, сондай-ақ Хананиях, Ханани, Әлиата, Ғидалти, Ромамти-Езер, әрі Жошбеқашах, Малоти, Хотир, Махазиот.
5. Осылардың бәрі де патшаның пайғамбары Хеманның ұлдары болатын. Себебі Құдай Өзінің Хеманның абыройын көтеремін деп берген уәдесін жүзеге асырып, оған он төрт ұл мен үш қыз сыйлаған еді.
6. Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды.
7. Олардың өздері де, ағайындары да Жаратқан Иені ән-күймен мадақтау үшін арнайы дайындықтан өткен нағыз шеберлер болатын. Олардың жалпы саны екі жүз сексен сегіз еді.
8. Олар не жас, не кәрі болсын, не тәлімгер, не шәкірт болсын, қызмет ететін кезектеріне жеребе арқылы тағайындалған еді.
9. Асафқа тиісті бірінші жеребе Жүсіпке және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Екінші жеребе Ғодалияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
10. Үшінші жеребе Зақурға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
11. Төртінші жеребе Сериге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
12. Бесінші жеребе Нетанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
13. Алтыншы жеребе Буқияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
14. Жетінші жеребе Ашарелахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
15. Сегізінші жеребе Ишаяға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
16. Тоғызыншы жеребе Маттанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
17. Оныншы жеребе Шимейге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
18. Он бірінші жеребе Ұзиелге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
19. Он екінші жеребе Хашабияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
20. Он үшінші жеребе Шубаилға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
21. Он төртінші жеребе Мататияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
22. Он бесінші жеребе Еримотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
23. Он алтыншы жеребе Хананияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
24. Он жетінші жеребе Жошбеқашахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
25. Он сегізінші жеребе Хананиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
26. Он тоғызыншы жеребе Малотиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
27. Жиырмасыншы жеребе Әлитаға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
28. Жиырма бірінші жеребе Хотирге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
29. Жиырма екінші жеребе Ғидалтиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
30. Жиырма үшінші жеребе Махазиотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
31. Жиырма төртінші жеребе Ромамти-Езерге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
About Шежірелер 1-ж Chapter 25
Read Шежірелер 1-ж Chapter 25 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Шежірелер 1-ж
Chapter: 25
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Шежірелер 1-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Шежірелер 1-ж Chapter 25 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Шежірелер 1-ж Chapter 25?
Шежірелер 1-ж Chapter 25 is part of the Book of Шежірелер 1-ж in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Шежірелер 1-ж Chapter 25 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from шежірелер-1-ж
- Шежірелер 1-ж Chapter 10
- Шежірелер 1-ж Chapter 9
- Шежірелер 1-ж Chapter 11
- Шежірелер 1-ж Chapter 8
- Шежірелер 1-ж Chapter 27
- Шежірелер 1-ж Chapter 12
- Шежірелер 1-ж Chapter 23