Read Елшілердің істері Chapter 5 Online
Read Елшілердің істері Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Елшілердің істері and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Елшілердің істері 5
Тарау 5
1. Анани есімді кісі мен әйелі Зәпира да бір меншікті жер танабын сатты.
2. Бірақ Анани түскен ақшаның бір бөлігін жасырып алып қалып, тек қалғанын ғана елшілердің алдына апарып қойды. Бұл туралы әйелі де хабардар болды.
3. Сонда Петір Ананиға былай деді: «Анани, неге жүрегіңе шайтанды ұялатып, Киелі Рухты алдап, жеріңнен түскен ақшаның бір бөлігін жасырып алып қалдың?
4. Ол сенің меншігің болып қалмайтын ба еді? Сатқаннан кейін де түскен ақшаға еркін ие болатын едің ғой. Неліктен жүрегіңде осылай істеуге шешім қабылдадың? Сен тек адамды емес, Құдайды да алдамақ болдың».
5. Анани осы сөздерді естісімен құлап түсіп, жан тапсырды. Мұны естігендердің бәрін қатты үрей биледі.
6. Жас жігіттер орындарынан тұрып, Ананидың мәйітін кебінге орап, алып шығып, қабірге қойды.
7. Шамасы үш сағат өткенде оның әйелі сол үйге кірді. Ол не болғанын әлі білмейтін еді.
8. Петір одан: — Айтшы, сендер жерді осы бағаға саттыңдар ма? — деп сұрады. Әйел: — Иә, сол бағаға, — деп жауап берді.
9. Сонда Петір: — Қалайша сендер Жаратқан Иенің Рухын алдауға бола ма деп сынауға келістіңдер? Міне, күйеуіңнің мәйітін қабірге қойғандар есіктен кіріп келе жатыр. Олар сені де алып шығады, — деді.
10. Әйел лезде-ақ Петірдің алдына құлап түсіп, жан тапсырды. Ішке кірген жас жігіттер оның өліп қалғанын көріп, алып шығып, күйеуінің қасына қойды.
11. Бүкіл сенушілер қауымын және мұны естіген басқалардың бәрін де қатты үрей биледі.
12. Ал Иеміз елшілері арқылы ел ішінде көп кереметтер істеп, құдіретін көрсетті. Сенушілердің барлығы ниеттес көңілмен ғибадатхананың Сүлеймен атындағы бағаналы ғимаратында жиналып жүрді.
13. Бөтендерден ешкімнің де оларды мазалауға батылы бармады, ал халық бұларды дәріптеп мақтады.
14. Барған сайын көптеген кісілер: еркектер де, әйелдер де Иемізге сенім артып, Оның қауымына қосылып жатты.
15. Жандарынан өткенде Петірдің, тым болмаса, көлеңкесі түссін деп жұрт ауру адамдарды көшеге шығарып, төсеніштер мен зембілдерге жатқызып қойды.
16. Иерусалимнің маңайындағы қалалардан да халық ағылып, науқастары мен жын қинаған кісілерін алып келді. Солардың бәрі сауығып кетті.
17. Сол кезде бас діни қызметкер мен оның жақтастарының бәрі, яғни саддукейлер тобының мүшелері, елшілерді қызғаныштан көре алмай, іштері күйді.
18. Оларды тұтқындатып, мемлекеттік түрмеге қаматты.
19. Ал Жаратқан Иенің бір періштесі түнде түрменің қақпаларын ашып, оларды шығарды да:
20. «Ғибадатханаға барып, халыққа осы Жаңа өмір жайлы Ізгі хабарды түгел жариялаңдар!» — деді.
21. Елшілер оның айтқанына құлақ асып, таң ата ғибадатханаға барып, халыққа тәлім берді. Осы екі арада жақтастарын ертіп келген бас діни қызметкер Жоғарғы кеңесті, яғни Исраилдің басшыларының бүкіл мәжілісін, жинап алды. Содан олар елшілерді алып келуге түрмеге адамдарын жіберді.
22. Қызметшілер оларды түрмеден таппай, қайта оралды.
23. «Біз түрменің мұқият бекітілгенін, күзетшілердің қақпалардың алдында тұрғанын анықтадық. Бірақ ашқанда ішінен ешкімді таппадық», — деп баяндады.
24. Ғибадатхана сақшыларының бастығы және басты діни қызметкерлер мұны естігенде оның немен аяқталарын білмей, аң-таң болды.
25. Ал біреу келіп: «Сіздер түрмеге жапқан кісілер ғибадатханада халыққа тәлім беріп тұр!» — деп мәлімдеді.
26. Сақшылардың бастығы қасындағы адамдарымен сол жерге барып, елшілерді алып келді. Бірақ зорлық болған жоқ, себебі олар тас лақтырып өлтірер деп халықтан қорықты.
27. Келіп, Жоғарғы кеңестің алдында тұрған елшілерді бас діни қызметкер тергеуге алды.
28. — Біз сендерге сол Адамның атынан тәлім беруге қатаң тыйым салған жоқпыз ба? Алайда сендер ілімдеріңді бүкіл Иерусалимге таратыпсыңдар. Осылайша сол Адамның қанын біздің мойнымызға артпақсыңдар, — деді ол.
29. Петір мен өзге елшілер былай деп жауап берді: — Адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек қой!
30. Ата-бабаларымыздың сиынатын Құдайы сіздер ағашқа іліп өлтірген Исаны қайта тірілтіп алды.
31. Құдай Оны көкке көтеріп, Көсем және Құтқарушы ретінде Өзінің оң жағындағы ең құрметті орынға көтеріп жайғастырды. Осылай Ол Исраилдің бетін теріс жолдан қайтарып, күнәларын кешірмек.
32. Біз де, Киелі Рух та бұл оқиғаларға куәміз. Құдай осы Киелі Рухын Өзіне бой ұсынғандарға сыйға береді.
33. Жоғарғы кеңес осыны естігенде жүректері қарс айырылды. Олар қатты ашуланып, елшілерді өлтіретін ойлары болды.
34. Алайда араларындағы Гамалиел есімді бір парызшыл адам орнынан тұрды. Ол бүкіл халық сыйлаған заң мұғалімі болатын. Гамалиел елшілерді біраз уақытқа ғимараттан шығаруға бұйырып,
35. сөз сөйлей бастады: — Қадірлі исраилдіктер, елдестерім! Мына кісілерге не істегілерің келетінін жақсылап ойланыңыздаршы!
36. Өздеріңіз білетіндей, біраз жыл бұрын Теуда ел алдына шығып, өзін ұлы көсеммін деп жариялап, оған төрт жүзге жуық адам қосылды. Бірақ ол өлтіріліп, оған ергендер шашырап, жоқ болып кетті.
37. Одан кейін халық санағы кезінде ғалилеялық Яһуда ел алдына шығып, соңынан көп халық ертіп, көтеріліске шығарды. Оның да көзі құртылып, оған ергендер қуылып, тарап кетті.
38. Ал енді сіздерге айтатыным мынау: бұл кісілерге тимеңіздер, босатып жіберіңіздер. Себебі егер бұл әрекет адам бастаған іс болса, ол өзінен-өзі құриды,
39. бірақ Құдайдан болса, оны құрта алмайсыздар, тіпті Құдайға қарсы күресетін боласыздар. Гамалиелдің сөзі қошталды.
40. Содан олар елшілерді шақыртып, қамшылап соқтырды. Оларға бұдан былай Исаның атынан уағыз айтуға қатты тыйым салып, босатып жіберді.
41. Жоғарғы кеңестен шыққан елшілер Иеміз Исаның аты үшін қорлық көруге лайық деп саналғандарына қуанды.
42. Олар күн сайын ғибадатханада және үйлерде тәлім беріп, Исаның Мәсіх екендігін уағыздауларын тоқтатқан жоқ.
About Елшілердің істері Chapter 5
Read Елшілердің істері Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Елшілердің істері
Chapter: 5
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Елшілердің істері. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Елшілердің істері Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Елшілердің істері Chapter 5?
Елшілердің істері Chapter 5 is part of the Book of Елшілердің істері in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Елшілердің істері Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from елшілердің-істері
- Елшілердің істері Chapter 23
- Елшілердің істері Chapter 21
- Елшілердің істері Chapter 19
- Елшілердің істері Chapter 17
- Елшілердің істері Chapter 28
- Елшілердің істері Chapter 18
- Елшілердің істері Chapter 10
Explore More from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 16
- Аян Chapter 15
- Лұқа Chapter 21
- Римдіктерге Chapter 1
- Елшілердің істері Chapter 13
- 2 Қорынттықтарга Chapter 11
- Римдіктерге Chapter 6